Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 4
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің төл дыбыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға тақырып бойынша сапалы білім беріп,өз ойларын айта алуға жетелеу,сөздік қорларының сапасын көтеру.Түрлі тапсырмалар арқылы тілдесімге жетелеу.Олардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру.
Дамытушылық:Қойылған сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру.Ауызша және жазба жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы сауаттылықты қалыптастыру.Есте сақтау қабілеттерімен сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік:Ұжымда еңбек ету,бір – біріне деген достық ықыластарын оятып,тілге деген құрметін арттыру. Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, уақыт үнемдеуге тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері:
- Өздігімен жұмыс жасауды ұйымдастыру;
- Сурет,сұрақтар,тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың дағдыларын жетілдіру және қалыптастыру;
- Жеке тұлғаның дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
- Логикалық ойлауын және дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа материалды оқыту сабағы
Сабақтың түрі: Сөздермен,суретпен жұмыс, іздену, салыстыру, баяндау, сұрақ - жауап.
Жұмыс түрлері: топпен жұмыс
Қажет құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, таратпа тапсырмалар, слайд, ,суреттер,оқулық,
Дағдылар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Модуль, уақыт
|
Білу 2 мин.
3 мин.
5 мин.
|
1.Психологиялық ахуал Ұйымдастыру Амандасу.Түгендеу. /Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
2. Үй жұмысын тексеру:
Тақырыпқа шығу: Жаңа сабаққа жетелейтін сұрақтар:
1.Орыс тілінде мұндай дыбыстар бар ма?
2.Бұл қандай дыбыстар?
3.Мотивация:Жапырақтарға жазылған дыбыстарды атап,мысал келтіріп айтады, сұрақтарға жауап береді.Сөйтіп бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.
4.Мақсаты:Қазақ тілінің төл дыбыстарын меңгеру.
|
Оқушылар 2 топқа бөлінеді .
Оқушылар үйде жазып келген үй жұмысын оқып береді.
Қазақ тілінің төл дыбыстарын еске түсіреді. Оқушылар ағашқа жапырақтарға жазылған дыбыстарды ілу арқылы жауап береді
Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпқа шығады.
Мақсатты анықтайды.
|
СТО
|
Түсіну
5 мин.
|
5.Жаңа тақырып: слайд,плакаттар арқылы
1.Түсінік беру
2. Есіңде сақта.слайд арқылы
|
Есінде сақтайды,жаттайды.
|
|
Қолдану
20 мин
|
6. Бағыт беру:Оқушылар бізге хат келіпті,хатта бүгінгі тақырыбымызға байланысты тапсырмалар жазылған. /Топтық жұмыс жасау арқылы тапсырманы орындау/
1-тапсырма.25 бет,2-жаттығу.Төл дыбыстары бар,сөздерді теріп жазыңдар.
2-тапсырма. Өлеңді оқы,қай төл дыбыстар қайталанған.
3-тапсырма.Сурет бойынша төл дыбыстарды қатыстырып,сөйлемдер жаз.
4-тапсырма.1-топ: Бұл кім? 2-топ: Бұл не? сұрақтарына төл дыбыстарды қатыстырып жауап беру.
|
Оқушылар тапсырмаларды дәптерде орындайды. Карточкамен жұмыс жасайды. Салыстырады,талдау жасайды,сұрақтарға жауап береді,сипаттайды,ізденеді.
|
Салыстыру
Іздену
|
Сергіту сәті
2 мин.
|
7 Оқушылар «Қызыл өрік» биі үзінді Сергіту сәті /тренинг/ билейді
|
|
Бекітіп талдау
5 мин
|
Интерактивті тақтада Жоғалған төл дыбысты жазыңдар.
|
Интерактивті тақтада орындайды.Ойланып дыбыстарды жазады.
|
|
Жинақтау
3 мин.
|
Бүгінгі сабақтан Не білдік? осыны сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
|
Оқушылар сабақ бойы жинаған білімдерін сұрақ-жауап арқылы айтады.
|
|
Бағалау
2 мин
|
Мұғалім оқушыларының бағалары бойынша өз пікірін айтады.
|
Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды .Топ басшыда бағалау парағы болады.
|
|
Үй тапсырмасы
1 мин
|
25бет,4-жаттығу.Қазақ тіліне аударып жазыңдар.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.
|
|
Пән мұғалімі:Толеуова Асел Армиякызы
Достарыңызбен бөлісу: |