Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде. Сабақтың мақсаттары



Дата14.06.2017
өлшемі155,26 Kb.
#19098
түріСабақ
Атырау медицина колледжі

"Қазақстан тарихы" пәнінен "Медбикелік іс" бөлімінің " Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде" тақырыбында теориялық сабақтың әдістемелік талдауы.

Оқытушы: Тумышев Н.Е

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: : Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, ірі шайқастары, қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесін, оның ішінде жерлестеріміздің есімдері мен өшпес ерліктері туралы мағлұмат беру. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың жауынгерлік ерлік дәстүрлері мен тарихи тағылымымен таныстыру, тарихи мәнін ашып көрсету. "Отан","Ел", "Мемлекет" іспетті киелі ұғымдарды жастардың санасына сіңіру.

Дамытушылық: Жастардың Ұлы Отан соғысы жайлы білгендерін пайдалана отырып, әуелі ойлау, елестету, одан кейін дәлелді оқиғаларды өз ойларымен қорыту, баға беру арқылы түсініктерін қалыптастыру; тарихи жағдайларды, батырлар есімін, ерлігін білуге құмарту сияқты терен түсініктеріне жағдай жасау; өз беттерінше ізденулеріне, жан-жақты дамытуына бағыт беру.

Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойтолғау.

Сабақтың типі: Білімді қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ, репродуктивтік әдіс.

Пәнаралық байланыс: Саясаттану (Саяси шиеленіс, оны реттеудің әдістері мен түрлері)

Пәнішілік байланыс: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда

Сабаққа қолданылатын көрнекі құралдар: Плакаттар, кестелер, тұлғалар суреттері, бейнебаяндар, интерактивті тақта, проектор, ноутбук.

Қолданылатын әдебиеттер: 1.Қазақстан тарих очерктері А.К Акышев, Қазақстан тарихы, хрестоматия

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі -(2 мин)

ІІ. Қызығушылығын ояту -(2 мин)

ІІІ. Тақырыпты меңгерту- (3 мин)

ІV. Тақырыпты бекіту-(76 мин)

V. Қорытындылау-(3 мин)

VІ. Бағалау-(2 мин)

VІІ. Үй тапсырмасы- (2 мин)


І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.

2. Түгендеу,сабаққа дайындықтарын тексеру.



Оқытушының кіріспе сөзі:

Осы тақырыпқа дейін біз көптеген көтерілістер туралы оқыдық. Атап айтсақ Кенесары Қасымұлы бастаған, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған, 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс, Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы тақырыптары өткен болатынбыз. Тарихымызға үңілсек, қазақ халқы небір қиыншылықтарды бастан кешіргені бәрімізге мәлім. Осы қиыншылықтардың ішіндегі қазақ халқына ауыр тигені -Ұлы Отан соғысы болды.

Біз өткен сабақта "Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде" атты тақырыпта семинар сабағын өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымыз сол тақырыпты бекіту сабағы болып табылады.

ІІ. Қызығушылығын ояту. Студенттер сіздер "Ұлы Отан соғысы" туралы мәліметпен мектеп қабырғасында және кешегі семинар сабағынан таныссыздар. Қазір мен сіздерге осы тақырып бойынша ойларыңызды ояту мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын. Сұрақтар интерактивті тақтадан көрсетіледі. Сіздер сол сұрақтарға толық жауап берулеріңіз керек. Оған қол көтеріп жауап бересіздер.

1.“Соғыс” деген сөзді қалай түсінесіз? (Соғыс деген артынан зұлмат азап пен қаны төгілген адамдар мен қираған қалаларды қалдырып кететін тарихи жағдай).

2. Екінші дуниежүзілік соғыс қашан басталды? (1939 жылы1 қыркүйек)

3. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? (1941 ж 22 маусым)

4. Жеңіс күнін қашан тойлаймыз? (9 мамыр)

5. Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығы? (71 жыл)

6. Ұлы Отан соғысына қатысқан өз ауылдарыныздан батыр ата-әжелеріміздің

есімдерін білесіздер ме? (Білетін материалы бойынша өз білімдерін ортаға салады)



ІІІ. Тақырыпты меңгерту.

"Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген,

Жесір келін, бір нәресте көрмеген,

Жетім шалды бала орнына тербеген..." деген Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарынан сөз айдарын ала отырып, бүгінгі сабағымызды жалғастырамыз.

Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды.



1. 1914-1918 жылдары. Оған 38 мемлекет қатысты.

2. 1939-1945 жылдары. Оған 61 мемлекет қатысқан.

Екі соғысқа да ортақ белгі: халыққа қасірет әкелді, көп шығын болды, басқыншылық сипатта болды. Соғысты бастаушы ел Германия, жеңілген ел де Германия мен оның одақтастары.

1939 жылы қыркүйекте Кеңес елі мен Германия елдерінің арасында бір-біріне шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойылды.

1940 жылы 18 желтоқсанда Германия “Барбароссо жоспарын жасады.

1941 жылы 22 маусымда, таңғы сағат 4-те Германия Кеңес Одағына басып кірді.

Мына диаграмада көріп отырғандай Қазақстанан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты. Мысалы:



1. Қазақтар 50 %

2. Орыстар 38 %

3. Әр ұлттан 13 %


Кеңес елі мен Германия елдерінің әскери операцияларының атаулары.

"Вайс" Польшаға шабуыл жасау жоспары.

"Барбаросса" Фашистік Германияның Кеңес Одағын жылдам талқандау жоспары.

"Ост" Фашистік Германияның Кеңес Одағын жылдам талқандау жоспары.

"Уран" Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу жоспары.

"Тайфун" Фашистік Германияның Мәскеуге шабуыл жоспары болды.


Ұлы Отан соғысында құрбан болған адамдар саны

Жалпы әлем бойынша

Фашистік Германия бойынша

Кеңестер одағы бойынша

Қазақстан бойынша

70000000

10000000

27000000

400000

Армия қатарына 1млн.196 мың 164 қазақстандық алынды. Жалпы 1 млн. 870 мың жаумен шайқасты. Соғыстың басты шайқастары: Москва түбіндегі шайқас, Ленинград түбіндегі шайқас, Сталинград түбіндегі шайқастарға белсене қатысты. Германия елінің мақсаты-Кеңес елін отарлау, халқын құлдыққа түсіру және үстемдік орнату болатын. Осы мақсатына жете алды ма, жоқ па, толықтыруды студенттердің өздеріне берейік.


ІV.Тақырыпты бекіту.

1. Ұлы Отан соғысына қатысқан өз ата-әжелері туралы презентация.

2.Студенттер рөлдік ойын арқылы "Сіз не дейсіз" бағдарламасын өздері жүргізіп ойнайтын болады.

Армысыздар құрметті көрермендер арнамызда "Сіз не дейсіз" бағдарламасы.

Сіздермен талқыға түсетін бүгінгі тақырып "Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында " ендеше студия қонақтарын таныстыра кетсем. Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің тарих және филология факультетінің 4 курс студенттері Қарасайқызы Нұрай ,Жеңісқызы Маржан, Байжігітқызы Мөлдір, Ақанқызы Болсын, Нұртайқызы Перизат , Маратқызы Ұлмекен хабарымызға қош келдіңіздер.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таң қалдырады. Елбасына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін біздің ата-әжелеріміз өз өмірлерін қатерге төндіріп елін қорғады. Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте - бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытқан емес. Бүгінгі бағдарламамызда осы тақырып төңірегінде болмақ. Ендеше бірінше сұрақты талқыға сала кетсек.

1. Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңі не себептен сәтсіздікпен басталды?

2. Жалпы Қазақстан Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысына қаншалықты үлес қосты?

3. Алғаш болып Рейхстаг үстіне бірінше болып жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев туралы не білесіңдер? (Рахымжан Қошқарбаев туралы бинебаян көрсетіледі )

4. Кеңес Одағының батыр атағын қанша қазақстандық алды?

5. Атырау өңірін соғыс жағдайда деп жариялаудың себебі қандай?

6.Ахмет Жұмашұлы Сүндетов атамыз туралы не білесіздер?

Рахмет пікірлеріңізге. Олай болса бүгінгі хабарымызға қатысып ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз. Жаратқан қашанда жасампаз елімізді жақсылықтан арылтпасын деп отырып біз бүгінгі хабарымызды аяқтаймыз. Ефирде амандықпен жүздескенше

3. «Сіз кімсіз?» ойыны. Бұл тапсырманың жауабын сіздер мектеп қабырғасынан тарих пәнінен алған және кешегі өткен сабағымыздан білім сандықшасынан тауып айтасыздар.

Сіз кімсіз?

Сіз — Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келдіңіз. Сіз 1930-1956 жылда әскер сапында болдыңыз. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивиязиясының командирі болдыңыз. Москва үшін шайқастыңыз, 207 рет ұрысқа кірдіңіз. Сіздің қанатты сөздеріңіз өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақсыз. (Бауыржан Момышұлы)


Сіз кімсіз?
Сіз өртке оранған өз ұшағыңызды жау танкілерінің шоғырына құлаттыңыз. Кеңес Одағының Батырысыз, Қарағандылықсыз. (Нүркен Әбдіров)
Сіз кімсіз?
Сіз Шымкенттегі әскери авиация әуе училищесінің түлегісіз, ұшқышсыз, Кеңес Одағының батырысыз. (Иван Кожедуб)
Сіз кімсіз?
Сізге Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс етті. Сіз соғыста әуе шайқасында жаудың 37 самолетін жойдыңыз, атып түсірдіңіз. (Сергей Луганский)
Сіз кімсіз?
Сіз қолыңызға гранат алып, танк астына түстіңіз, ерлік жасадыңыз, Кеңес Одағының батырысыз. (Әбу Досмұхаметов)

Сіз кімсіз?
«Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін» - деп жаздыңыз? (Мәншүк Мәметова)
Сіз кімсіз?
Сіз Сталинград түбінде шайқастыңыз, жау дзотын өз кеудеңізбен жауып А. Матросовтың ерлігін қайталадыңыз. (Сұлтан Баймағанбетов)

4. "Бинго" Сергіту ойыны (Бинго ойыны арқылы сан таңдап алынады сол сан арқылы сұрақтар қойылады)
3. ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың басталуына қандай мемлекеттер себепкер болды? Олардың жоспарларының басты мақсаты қандай болды?

Дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 жылы фашистік диктатура орнағанан кейін Германия дүниежүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кіріскен болатын. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Басты мақсаты қысқа мерзім ішінде, “қаурыт соғыс” идеясы бойынша соғысты 1941 ж күзінде (қарашада) аяқтау. Қазақстанға қатысты Германия жоспары нақты болды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк "Индустриалды облыстарын құру жоспары болды". Мұнда белорустарды, поляктарды, украйндықтарды, венгерлерді және Шығыс Еуропаның т.б. халықтарын қоныс аудару жоспарланды.

5. Москва түбіндегі шайқас 1941 жылдың 30 қыркүйектен-1942 жылдың 20 сәуір.

Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына Москваға апатарын негізгі өзекті жолдың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар ("28 панфиловшылар") тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротанның саяси жетекшісі В.Г.Клочков "Россия кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва" ұранын көтерді. Сондай-ақ Москва қорғау тарихында қазақ ұлдары соғысты. Атап айтқанда Б. Момышұлы, М. Габдуллин, Т.Тоқтаров мәңгі өшпес із қалдырды.

1. Ленинград түбіндегі шайқас 1941 жылдың 10 шілдеден-1944 жылдың 9 тамыз.

Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбіндегі соғысты. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар (310, 314-атқыштар дивизиялары) қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Ладож көлінің үстіндегі мұз арқылы салынған жолды қамтамасыз еткен 340 жауынгердің  ішінде қазақстандықтар да болды: күніне 3-4 рейс жасай білген С.Қабиев, К.Оспанов және С.Ичевский және салынған жолдағы учаскелердің біреуіне жетекшілік еткен кіші лейтенант К. Ахмедгиев. Соғыстың ауыр күндері Ленинград қаласын қорғаймын деп партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов Александр Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып сол үшін Кеңес Одағының батыры атағын иеленді.1941 жылдың қыркүйектің ауыр күндерінде халық ақын Жамбыл Жабаев ленингратықтарға "Ленинградтық өренім" деген жырын арнап, онда көп ұлттық, еліміздің бүкіл еңбекшілерінің ой пікірін, сезімі мен алаңдатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды.

25. Сыйлық. Бинго ойыны арқылы сан таңдалады сол сан арқылы сыйлық беріледі. Силыққа бине фильм көрсетіледі.

13. Сталинград түбіндегі шайқас 1942 жылдың 17 шілдеден -1943 жылдың 2 ақпан.

1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды. 116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты. Сталинград түбіндегі шайқаста қазақ жауынгерлері ерлікпен шайқасып. Бұл қаланы азат етуде өз үлестерін қосты.

20. Мәншүк Маметованың анасына, Әлия Молдағулованың әпкесі Сапураға жазған хаттарынан монолог.



5. "Жорамал диктант" (Берілген сөлемдердің ашық тұрған орындарға сөздер мен жылдар жазып толық емес берілген диктантты толықтырады)
Жорамал диктант
Екінші дүниежүзілік соғыс герман әскерлерінің Полшаға басып кіруінен басталды.

Гитлерлік Германияның бұл елге басып кіру жоспары Вайс деп аталды. Ал КСРО-ның Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда неміс басқыншыларының тұтқиылдан баса көктеп кіруінен басталды. Германияның КСРО-ны басып алу жоспары Барбаросса деп аталды.Ғылыми-зерттеу институтты деген бет пердені жамылған «Арбайтегемайншафт Түркістан» атты неміс жоғары барлау мектебі болашақтағы Үлкен Түркістан отары картасының жобасын әзірледі. Немістердің КСРО-ның астанасы Мәскеуді басып алу жоспары Тайфун деп аталды. Фашистік Германияның  Кеңес Одағымен Шығыс Европаны  мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары Ост болатын. Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу жоспары Уран деп аталды. 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. 1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.



Бағалау

Жорамал диктантқа 17 сұраққа жауап берген студент 1 қате – “5”

Жорамал диктантқа 16-14 сұраққа жауап берген студент 2-4 қате – “4”

Жорамал диктантқа 13-12 сұраққа жауап берген студент 5-6 қате – “3”

Жорамал диктантқа 12 төмен сұраққа жауап берген студент 6 қатеден жоғары “2”
V. Қорытындылау.

Кеңес елінің барлық туысқан халықтарымен бірге адамзатқа қасірет әкелушілермен соғыста аянбаған халықпыз. Фашизмен соғыста бұғып қалған жоқпыз. Фашизмен соғыстың алғы шебінде, жарты миллиондай халқымыз құрбан болды. Қазіргі таңда тәуелсіз аспан астында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың басқаруымен өркениетті ел қатарынан орын алдық.

Сіздер жасаған ерлік біздің жадымызда мәңгілік сақталады деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
VІ. Бағалау. Студенттердің берген жауаптарының дұрыстығына, толықтығына сараптама жасап, бағалары қойылады.
VІІ. Үй тапсырмасы

1. Ұлы Отан соғысының батырларына эссе жазып келу.



2. Ұлы Отан соғысына хронологиялық кесте құру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет