Саралау тапсырмасы. Оқушылар диалогті оқып болған соң, өз сөзімен не туралы екенін баяндап береді. Мұғалімнің шеберлігіне қарай, қабілеті жоғары оқушылар «Репортер» әдісін қолданып, Жүргізуші мен оқушылардың сұхбатын рөлдік ойын ретінде көрсетуге болады. Оқушыларға тірек сөздер немесе диалогка қажетті сөз тіркестері алдын ала берілуі қажет.
3 мин
Сурет,
репортер әдісіне арналған микрофон, тілшілердің папкасы, қалам
«Тыңда және жауап бер» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді қайталап бір рет тыңдайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл тапсырма ауызша орындалады. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін бекітуге арналған.
5 мин
Сынып
«Тыңда және жауап бер» айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа жауап береді, кестені толтырады.
1.Диалогке қанша адам қатысты? Оларды атап бер.
2.Балалар қайда тұр?
3.Балалар өз суреттері туралы не айтты?
4.Диалогке кім қатыспады? Неліктен?
7 мин
Сынып
оқулық
Қор. бөлім
Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушылармен «Ең жылдам» әдісін қолдана отырып, ойын ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс арқылы оқушылар логикалық ойлауда ширақтыққа, жылдамдыққа тез бейімделеді және оқушылардың қызығушылықтары арта түседі.Оқушыларға бүгінгі сабаққа қатысты сөздер керісінше жазылып беріледі. Сөздер тақтада маркермен А4 парағын жазылып ілініп тұрады. Кез келген оқушы шығып сөзді дұрыс жазып беруі керек. Жылдам әрі қатесіз жазған оқушы марапатталады.
Мысалы: қылах, тлұ, қарыңаш, ігңәм, ленағут, емрөк,терус т.б.
Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» оқушыларға жетістік баспалдағы ұсынылады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қай баспалдақта тұрғанын көрсетеді.
Үйге тапсырма ретінде оқушыларға «Туған ел» тақырыбына фотоколлаж жасап келуге тапсырма беруге болады.