Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін, жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс жүргізудің маңызы зор.
Бағалау критерийлері
Пәнаралық байланыстар
Туған ел тақырыбы төңірегінде сөйлейді, жаңа сөздерді меңгереді.
Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын анықтайды.
Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлемдер құрастырады.
Дүниетану
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс жасайды. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақытты тиімді пайдалану барысында саралау жұмыстары да орындалады.