4.4.4.1. каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу.
4.5.1.2. көптік/тәуелдік/септік жалғаулы сөздерді жазбаша/ауызша тілде қолдану.
4.5.1.5. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру.
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында меңгерген жаңа сөздерді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдер құрастырады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексереді, кері байланыс береді.
3-мин
Топтық жұмыс
оқулық
Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын, логикалық ойлауын дамыту мақсатында орындалады. Біріншіден, оқушыларға тақырыптың не жөнінде болатынын білдірсе, екіншіден оқушылардың қызығушылығын арттыруға негізделеді. Оқушыларға «Қазақстан» сөзі беріледі. Оқушылар осы берілген сөзге ассоциациялық қатар құрастырады. Тапсырманы бүкіл сыныппен орындайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
«Кел, сөйлесейік» айдарында «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырып төңірегіндегі жетелеу сұрақтарын қояды. Мұғалім сұрақтарды «Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы береді.
1.Қазақстан қандай ел?
2.Қазақстан қанша аймаққа бөлінеді?
3.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
4.Қазақстанның Туының түсі қандай?
Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды қойып, жауап беруге көмектеседі. Тапсырма топта орындалады.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы жаңа сөздерді меңгерту тапсырмасы «Суретті сөздік» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларға Елбасының, Елтаңбаның, Әнұран орындап тұрған адамдардың , Тудың суреттері көрсетіледі. Мұғалім суреттің астындағы сөзді атайды, оқушылар қайталайды. Оқушылар сөз тіркестерін құрастырып айтады. Ал, балалар, біз қандай сөздермен таныстық? Елбасы кім? Біз Әнұранды айтқанда қандай сезімде боламыз? (оқушылар өз білімдерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді).
2 мин
Мұғ-Сынып
«Ассоциациялық қатар» жасауға берілген А4 парағы
Сұрақтар жазылған түрлі түсті қағаз қиындылары
Конверт
Негізгі бөлім
«Мағыналас сөздерді тап» айдарында оқушылар мұғалімнің көмегімен мәндес сөздердің мағынасын түсінеді. Мысалы: ел-мемлекет, еркін-тәуелсіз. Мұғалім оқушыларға осы сөздердің мағыналарын түсіндіреді. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді оқу арқылы Қазақстанның рәміздері туралы қысқаша мәлімет алады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Балалар, «Мәңгілік ел» дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларына қарай мәңгілік елді қалай түсінетіндерін айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады. Оқушыларды бағалау мақсатында мадақтау сөздерін қолданады.
Мұғалім Әнұранның авторлары жайлы мәлімет береді. Әнұранның авторлары: сөзін жазған-Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, әнін жазған- Ш.Қалдаяқов (осыны оқушыларға бірнеше рет қайталатады).
5 мин
Жеке
Қ.Р. қатысты суреттер, «Мәңгілік ел» деген жазу немесе плакат
«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға –дар/-дер, -тар/-тер,-лар,-лер жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып, «Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен жалғауларды сәйкестендіреді.
-дар
-дер
-лер
Нелер? мемлекет
рәміз
ұлан
халық
ел
шаңырақ
ту
елтаңба
бала
жер
ұлт
-тар
-тер
-лар
Мұғалім оқушының сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Осы тапсырмадан кейін грамматиканы бекіту мақсатында оқушылармен «Жылдам доп» әдісін қолдана отырып, ойын ойнатуға болады. Әр топтан 3 оқушыдан шығады. Мұғалім оқушыларға допты лақтырып бір сөзді айтады, допты қағып алған оқушы сол сөзді көптік мағынасында айтуы керек. Осылай ойынға шыққан барлық оқушылар айтып болғанша, жылдам ойнатып шығуға болады. Бұл ойын арқылы оқушының білімі артып, өз-өзіне сенім пайда болады.
5 мин
Мұғалім - сынып
оқулық,
көптік жалғаулары жазылған плакат
доп
«Орындап жаттық» айдарында ұсынылып отырған тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар каллиграфиялық нормаға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап берілген сөздерге көптік жалғауын қосып жазып шығады.
3 мин
Мұғалім-сынып
Тақырыпқа қатысты суреттер, А3 парағы, түрлі түсті маркерлер
«Ойнайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға әр топқа жеке-жеке суреттер беріледі. Оқушылар сол суреттерге қарап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Бұл тапсырманы орындауда саралау тапсырмасын орындатуға болады. Мысалы, білім деңгейі төмен оқушылар сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырады, ал білім деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындату барысында «Айналма бекет» әдісін қолданған тиімді. Әр топқа берілген суреттер келесі топтармен алмастырылып отырады. Нәтижесінде бір суретпен оқушылар бірнеше сөз тіркестерін, бірнеше сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін бағалауды үйренеді. Ең жақсы сөйлем құрастырған топ «Дүркін шапалақ» әдісімен оқушылар тарапынан бағаланады. Тапсырманы орындамас бұрын ойынның шарты түсіндірілуі тиіс.Тапсырма оқушылардың есте сақтауын дамытуға, алған білімдерін бекітуге, сөйлеуін дамытуға арналған.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
суреттер
«Тыңда» айдарында оқушыларға бүгінгі сабақта меңгерілген бірнеше сөзді мұғалім оқиды, оқушылар мұқият тыңдап, қайталайды. Бұл жаңа сөздерді жаттауға көмектеседі
Мысалы: Елбасы, Елтаңба, Әнұран, ұлан, мемлекет, «Мәңгілік ел»
7 мин
Жеке ж.
Сынып
оқулық
Қор. бөлім
Сабақты қорыту және есте сақтауды дамыту мақсатында оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша пысықтау сұрақтары қойылады:
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Мемлекеттік Рәміздерге нелер жатады?
3.Көптік мән беретін жалғауларды ата.
4.Елтаңбада не бейнеленген?
5. Туда не бейнеленген?
6.Тудың түсі қандай?
7.Әнұранның авторлары кімдер?
Рефлексия
«Бес саусақ» әдісі