4.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
Тілдік міндеттер
оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық сөздерін меңгерту. «Қайда?» сұрағына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету.
Мен оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Жазғы демалыс кезінде Қазақстанның қандай аймақтарында немесе қалаларында болғандығы туралы қызықты әңгіме өрбітеді. Әңгімелеу барысында барған жерінің 2-3 суретін көрсетеді, қалалардың атын карточкаларға жазып, тақтадағы картаға орнатады. Сонымен қатар мұғалім өзі әңгімелеу барысында оқушылардың оңай түсінуі үшін және алдағы тапсырманы орындауда басшылыққа алуы үшін үлгі болатындай сөйлемдер құрылымын (шаблонын) қолданады.
2 мин
Қазақстанның қалалары көрсетілген карта.
Оқулық.
Сөйлемнің шаблондары.
Оқушылар келесі кезекте оқулықтың «Кел, сөйлесейік» айдарымен берілген тапсырмасын орындауға жұмылдырылады. Ол үшін алдымен мұғалім қасына бір оқушыны алып сөйлесім үлгісін көрсетеді. Оқушылар жұппен немесе үшеуден бірігіп топпен сұрақтарды талқылайды. Мұндай жұмыс барлық сынып алдында жауап беруге өз тобы арасында дайындалуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, шаблондарды қолдана білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді.
3-мин
Негізгі бөлім
Мен бағамдауы бойынша үлгі бола алатын қабілеті жоғары балаларды ортаға шақырып, тапсырмаға сай өзі туралы айтып беруін сұрайды.
5 мин
Оқулықтағы сөйлесім үлгісі.
Оқулықта ұсынылған «Көрсет және айт» айдарымен берілген тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың қандай қалаларды білетінін сұрайды. Дер кезінде қала атауларының дұрыс айтылуына ден қояды.
5 мин
оқулық
Келесі оқулықта берілген картаға оқушылардың қараулары сұралып, ол қалалардың қай аймақта орналасатыны туралы талқылайды.
3 мин
Бағыт көрсетілген
плакат не сурет.
«Ойланайық» тапсырмасы Қазақстанның қалаларының атауын жаттату мақсатында немесе олардың қай аймақта орналасқанын есте сақтаулары үшін ұйымдастырылады. Тапсырманың оқулықтағы нұсқасы бойынша оқушы картаға қарап алып, есінде қалған қалалардың қай аймақта орналасқанын айтып беруі тиіс. Бұл тұста тапсырманы басқаша түрлендіріп ұсынуға да болады. Оқушыларға қалалар атауы жазылмай берілген картаны белгілеу немесе оны нұсқап айту сұралады.
5 мин
Сынып
Оқулық. Карта.
Қалалары көрсетілмеген картаның сұлбасы.
«Оқы» айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға қажетті сөздерді қояды. Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді.
7 мин
.
Жұпт.ж.
Сынып
оқулық
Оқулықтың келесі тапсырмасы орындалады. Оқушылар әр кейіпкер туралы мәліметті естеріне сақтағаны бойынша рөлдік ойынға қатысып, диалогқа түседі. Сөйлесім барысында осы сабақта үйренген жаңа сөздерін қолданады.
5 мин
(4оқушы)
оқулық
Сабақты пысықтау мақсатында жаттығу жұмысы орындалады. Тапсырма ауызша орындалады.
2 мин
Жұптық жұмыс
оқулық
Қор. бөлім
Оқушыларға үйдің суреті бар карточка үлестіріледі. Мұғалім өзен суретін алып: «Өзен қай жақта орналасқан?», - деген сауал тастайды. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақыт ішінде , оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланыс алады.