Сабақтың тақырыбы: Қазақстан парламенті. Қазақстан Республикасының Президенті. Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар, топпен жұмыс



Дата25.08.2017
өлшемі112 Kb.
#26854
түріСабақ
«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» 
Н.Ә.Назарбаев 

Топ: НТМ-16

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан парламенті . Қазақстан Республикасының Президенті.



Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар, топпен жұмыс

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу,  баяндау,  топтастыру,   жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау,топтық, көрнекілік,ізденіс.

Оқыту технологиясы: Деңгейлік және дамыта оқыту технологиясының  элементтерін пайдалану.

Пәнаралық  байланыс: қазақ тілі, тарих.  

Сабақ  жоспары:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Студенттерді  сабаққа  даярлау

ә) Назарларын  сабаққа  аудару.

б) Ынтымақтастық атмосферасын құру «Тілек айту» (сабақта «5» алу, белсенді қатысу т.б)

б) «Кроссенс» технология бойынша сабақтың тақырыбын ашу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ. Кросенс технология арқылы сабақтың тақырыбын ашу .

«Ой шақыру» Ой қозғау



  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?( Н.Ә.Назарбаев)

  2. Н.Ә.Назарбаевтың туған жері. (Алматы облысы, Қаскелеңауданы, Шамалғанауылы) 

  3. Ең жоғарғы нормативтік акт. (Заң) 

  4. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы? (Парламент)


  5. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін неше палатадан тұрады?(2)

  6. Оларды атаңыз? (Сенат және Мәжіліс)

Сабақтың мақсаты:

: білімділігі: оқушыларға Президент,Парламент, Сенат, Мәжіліс олардың 


құрамы. Парламенттің жұмыс тәртібі туралы түсіндіру; 
дамытушылығы: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту; сөздік  қорларын, дүниетанымын,  тіл байлығын,  шеберлігін, шығармашылығын  дамыту.
тәрбиелігі: қоғамалдындағы жауапкершілігін сезінуге, өзгелердің құқығына құрметпен қарауға, әділдікті қорғауда өздерін жан – жақты даярлауға тәрбиелеу өз елін, жерін  сүюге,  қадірлеуге, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

IV. Кіру тесті

1 және 2 қатар арқылы топқа бөліну. Топтың ережесін құру.Өзін тексеру парағы

1 топ – Президент туралы мәлімет дайындайды, білетіндерін постерге түсіріп,қорғау

2 топ - Парламент туралы мәлімет дайындайды, білетіндерін постерге түсіріп,қорғау

.

Мәтінмен жұмыс



Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат – жоғарғы палата, мәжіліс – төменгі палата. Сенаттың 15 адамын Республика президенті сайлайды және әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланады. Барлығы 47 депутаттардан құралады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.



Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;

2) Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;



Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;


Сергіту сәті. «Полиглот». 


І топ сұрақтары: 
1. Қабат – қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап – книга – book) 
2. Жүз теңгең болғанша, жүз ...... болсын. (дос – друг – friend) 
3. Өнер алды – қызыл ..... . (тіл – язык – language) 
4. Тіл ..... жарады, ..... жармаса бас жарады. (тас – камень – stone) 
5. Білім ..... – тіл. (кілт – ключ – key) 
6. Таяқ еттен өтеді, ..... сүйектен өтеді. (сөз – слово – word) 
7. Жігіт бір сырлы, ..... қырлы. (сегіз – восемь – eight) 
8. ..... – кеме, білім – теңіз. (мектеп – школа – school) 

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, синтаксистік талдау жасаңыз

1 топ ПРЕЗИДЕНТ деген сөзге «Синквейн» жасаңыз

2 топ


«Егер мен президент болсам...» эссе жазу

Тест орындау

Бүгінгі сабақта қандай әсер алдыңыз?

Жаңа тақырыптан қандай мәліметті білдіңіз?

Стикерге жазып, көңіл –күйін ортаға салып,айту.(2 пожелания 1 предложения)

VII. Сабақты  қорытындылау.

Үйге  тапсырма: 1т-мәтінді мазмұндау 2т-сөздерді жаттау

Қосымша: тақырыб бойынша қосымша мәлімет әкелу(фото,видео,реферат)

 VIII. Бағалау кезеңі.

Тест № 2.

1. Қазақстан Республикасының Парламенті қандай орган?

А) орта В) жоғарғы С) төменгі Д) жоғарғы өкілді Е) орта өкілді

2. Парламент неше палатадан тұрады?

А) 2 В) 6 С) 5 Д) 47 Е) 3

3. Сенат қандай палата? Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі неше жыл?

А) орта палата, 3 жыл В) жоғарғы палата, 6 жыл С) төменгі палата, 5 жыл

Д) жоғарғы палата, 2 жыл Е) төменгі палата, 3 жыл

4.Мәжіліс қандай палата? Мәжіліс депутаттар-ының өкілеттілік мерзімі неше жыл?

А) төменгі палата, 3 жыл В) жоғарғы палата, 6 жыл С) жоғарғы палата, 2 жыл

Д) төменгі палата, 5 жыл Е) орта палата, 3 жыл

5. Сенаттың құрамы қанша?

А) 25 В) 15 С) 107 Д) 47 Е) 51

6. Мәжілістің құрамы қанша?

А) 98 В) 9 С) 107 Д) 47 Е) 15

7. Қазақстан Республикасының Президенті неше жылға сайланады?

А) бір В) он С) жеті Д) бес Е) алты

Тест № 1

1.Қазақстан Республикасының Президенті неше жылға сайланады?

А) бір В) он С) жеті Д) бес Е) алты

2. Қазақстан Республикасының Парламенті қандай орган?

А) орта В) жоғарғы С) төменгі Д) жоғарғы өкілді Е) орта өкілді

3. Парламент неше палатадан тұрады?

А) 2 В) 6 С) 5 Д) 47 Е) 3

4. Сенаттың құрамы қанша?

А) 25 В) 15 С) 107 Д) 47 Е) 51

5. Мәжілістің құрамы қанша?

А) 98 В) 9 С) 107 Д) 47 Е) 15

6.Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау кімнің қарауына жатады?

А) халық В) мәжіліс С) парламент Д) Президент Е) парламент пен мәжіліс

7.Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алады ма?

А) иә, бола алады В) жоқ,бола алмайды С) мүмкін Д) парламент Е) мәжіліс


Жауаптар

Тест №1


  1. Д

  2. Д

  3. А

  4. Д

  5. С

  6. В

  7. В

Жауаптар


Тест №2

1. Д


2. А

3. В


4. Д

5. Д


6. С

7. Д


Қазақстан Парламенті

Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат – жоғарғы палата, мәжіліс – төменгі палата. Сенаттың 15 адамын Республика президенті сайлайды және әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланады. Барлығы 47 депутаттардан құралады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;

2) Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

Қазақстан Парламенті

Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат – жоғарғы палата, мәжіліс – төменгі палата. Сенаттың 15 адамын Республика президенті сайлайды және әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланады. Барлығы 47 депутаттардан құралады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;

2) Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

Бағалау парағы





Тапсырма





.
















1

Карточкамен жұмыс






















2

2-тапсырма






















3

3-тапсырма.






















4

4-тапсырма






















5

Тест






















6

Қорытынды баға






















7

Мұғалім бағасы























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет