Әділбекова Лида Әділбекқызы
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Дүкен негізгі мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақстан табиғатын қорғау және қорықтар туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға табиғат, оның пайдасы, адам өміріндегі маңызы, оны қорғау мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлығы туралы, қорықтар және ұлттық табиғи саябақтар туралы білім беру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға, аялауға және қамқоршы болуға, табиғатты, отанын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру және сөздік қорын, ой – өрісін, сұрақтар қою арқылы өз ойын еркін айтуларын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жай сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, венн диаграммасы, эссе, кубизм әдісі, пікір айту
Сабақтың көрнекілігі: Қоықтар және ұлттық саябақтар жазылған плакаттар, буклет, карта, кесте, сызба, суреттер, слайд.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, математика, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
М: Сәлеметсіздер ме, балалар? Апайлармен үш тілде амандасайықшы.
О: Сәлеметсіз бе?, Здраствуйте, учителница?, Good morning teacher
М: Отыра қойыңыздар.
М: Көңіл – күйлеріңіз қалай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(Сабақ 3 – 4 оқушыдан сұралады).
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
ауа демалатын орын
дәріхана отын
Орманның рөлі
тамақ көзі ағаш
жануарлардың ауа
мекені суқоймаларды қорғайды
өсімдіктер топырақты қорғайды
ІV. Жаңа материалды игерту.
Кіріспе бөлім:
М: Жаңа тақырыпты өлең шумағымен бастағым келіп тұр.
Табиғат
Тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен – Күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен – Көлсің,
Сен - Ормансың,
Сен – Бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен – Жарықсың,
Сен – Жерсің,
Сен – Гүлсің,
Сен – Адамсың,
Сен – Ауасың,
Сен – Анамсың,
Бәрі – менің өмірім сен сыйлаған,
Туған елім – Отаным – Қазақстан.М: Садықбек Хангелдин деген ағамыздың өлеңі.
Негізгі бөлім:
М: Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан табиғатын қорғау».
Қазақстан Республикасының картасы арқылы көрсетіліп түсіндіріледі.
М: Ғалымдар мен экологтар өлі және тірі табиғатта болатын өзгерістерді бақылай отырып, «табиғаттың алуан түрлілігін сақтау қажет» деген қорытынды жасады.
Каспий теңізін алатын болсақ онда мұнай тасыған кезде мұнай қалдықтарының суға түсуінен ондағы балықтар, құстарға үлкен зиян келеді. Адам табиғатқа үнемі аялай қарамаса, не алғысы келсе соны алса, алғанының орнын толтырмаса табиғат байлығы да таусылады.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген, табиғатқа жақсы қараған.
(Төле би ұя басқан қарлығаш үшін үйін жұртқа тастап кетуі, үйге кірген жыланға ақ құйып шығару, аққу, көгершіндер т.б. жануарларды қасиетті деп санайды)
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсімдіктері бар. «Көк шөпті жұлма, таптама», «Құс ұясын бұзба» және т.б. нақыл сөздер бар.
М: Елімізде қазір 67-ден астам жануарлардың түрі құрып кету қаупінде тұр. Еліміздің көрікті, бай табиғи аймақтарын өз қалпында сақтау, саны азайып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, су құстары мамырлайтын және қыстайтын орындар мен балықтар уылдырық шашатын
өзен – көлдерді қорғау мақсатында қорықтар құрылған.
(Қорықтар картадан көрсетіліп түсіндіріледі).
1. Ақсу – Жабағалы – 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам,
Түлкібас аудандарын қамтиды. Жер көлемі – 85,4 мың гектар.
2. Алматы – 1931 жылы Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан.
Жер көлемі – 73,3 мың гектар.
3. Барсакелмес – 1939 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында орналасқан. Жер көлемі – 18,3 мың гектар.
4. Наурызым – 1959 жылы Қостанай облысы, Наурызым ауданында ораналасқан. Жер көлемі – 87,7 мың гектар.
5. Қорғалжын – 1968 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында орналасқан. Жер көлемі – 258, 9 мың гектар.
6. Марқакөл – 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында орналасқан. Жер көлемі – 75,0 мың гектар.
7. Үстірт – 1984 жылы Маңғыстау облысы, Ералиев ауданында орналасқан.
Жер көлемі – 223,3 мың гектар.
8. Батыс – Алтай – 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында орналасқан. Жер көлемі – 56,1 мың гектар.
9. Алакөл – 1998 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданында орналасқан.
Жер көлемі – 12,5 мың гектар.
10. Ырғыз - Торғай - Ақтөбе облысы, Ырғыз және Торғай, Жанкелді аудандары териториясындағы Торғай өзенінің төменгі ағысын, Қара және Тәуіп сайларын, Жаманкөл, Ақкөл, Қарасу атты тұзды көлдерді қамтиды. Оның аймағы 340 мың гектардай. Бұл қорықшада шөлейтті дала табиғаты бар байлығымен қорғауға алынады.Өзіміздің ауылда «Ырғыз - Торғай» қорығында жұмыс жасайтын ағаларымыз бар.
М: Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың келесі маңызды тобына мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Қазіргі кезде республикамызда ұлттық табиғи саябақтар ұйымдастырылды.
1. Баянауыл – 1985 жылы Повлодар облысы, Баянауыл ауданында орналасқан. Жер көлемі – 50,7 мың гектар.
2. Алтынемел – 1996 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданында орналасқан. Жер көлемі – 520,0 мың гектар.
3. Көкшетау – 1996 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Арықбалық,
Зеренді аудандарын қамтиды. Жер көлемі – 205,8 мың гектар.
4. Іле Алатауы – 1996 жылы Алматы облысы, Қарасай, Талғар және Еңбекші қазақ аудандарын қамтиды. Жер көлемі – 164, 8 мың гектар.
5. Қарқаралы – 1998 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында орналасқан. Жер көлемі – 83,8 мың гектар.
6. Қотанқарағай – 2001 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қотан – Қарағай аудханында орналасқан. Жер көлемі – 940,7 мың гектар.
7. Шырын – 2004 жылы Алматы облысында орналасқан. Жер көлемі – 93,1 мың гектар.
М: Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты.Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Балалар, «қызыл кітап» мынадай болады. Сонымен қатар кітаптардың бірнеше түрлері бар. Олар: Қызыл кітап, қара кітап, көк кітап.
Қызыл кітап – жануарлар мен өсімдіктер жойылып кету қаупінде тұр.
Қазақстанның Қызыл кітабына жойылу алдында тұрған сүтқоректілердің 40 түрі, құтардың 56 түрі, балықтың 16 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, жорғалаушылардың 10 түрі, бунақденелілердің 58 түрі енгізілген. Олардың қатарында барыс, қабылан, қарақұйрық, құлан, дуадақ, безгелдек, шіл, қырғауыл, қоқиқаз, аққу, қоңыздар мен көбелектер бар. Қсімдіктердің де жүзге тарта түрі сиреп және құрып бара жатқандардың қатарына жатқызылады. Олар: қызғалдақтың көптеген түрлері, қыхзыл қайың, көк сағыз, жабайы жүзім және басқалары.
Қара кітап - жануарлар мен өсімдіктер жойылып кеткен.
Көк кітап – қайтадан жануарлар мен өсімдіктердің қалпына келуі.
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың суреті буклеттен көрсетіледі.
Балалар, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында бүркіт көп болатын болса, сол жер де бүркіттің суреті тұрады, яғни бүркітке тиіспендер деген мағынаны білдіреді.
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы «Ырғыз - Торғай» қорығына енген өсімдіктер мен жануарлар буклеттен, слайдттан көрсетіледі.
Кітаппен жұмыс.
М: Балалар, кітабымыздың «Қазақстан табиғатын қорғау» деген тақырыбы бар бетті ашайық.
(Тақырып екі оқушыға оқытылып, кітапта берілген суретпен жұмыс жасалады).
Дәптермен жұмыс.
«Табиғат» сөзін топтастыру.
Сергіту сәті.
Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
Пікір айту.
Сұрақ-жауап
- Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды құтқару үшін адамдар не істеп жатыр?
Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң қабылдады
Қорықтар және ұлттық саябақтар ашылды
Мемлекет Айыппұл төлеу, аң аулауға арналған заттарды тәркілеу
Белгілі бір уақытта ғана ау аулауға рұқсат беру
- Қорықтар және ұлттық саябақтар не үшін құрылып жатыр?
Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау, олардың жойылып кетудің алдын алу мақсатында құрылып жатыр.
V. Жаңа материалды бекіту.
VІ. Қорытындылау.
М: Балалар, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны не себепті деп ойлайсыңдар? Балалар, жауаптарыңды венн диаграммасына жазыңдар.
Қорғау Ұқсастығы Ластау
Ағаштар, өсімдіктер егу, арам шөптерін тазарту, құстарға ұя салу, жем шашу,
Өсімдіктерді, ағаштарды таптау, кесу, бүлдіру, көшелерге боқтық тастау, жануарларды ату арқылы табиғатты бүлдіру.
Табиғат, жануар, өсімдік, қорғау
М: Себебі, қазіргі кезде ағаштарды, өсімдіктерді жұлып, өртеніп жатыр және жануарларды атып алып жатыр. Сол себепті оларды қорғау мақсатында қорықтар ашылды. Қандай қорықтар бар?
Алматы
Барсакелмес
Ақсу – Жабағалы
Қорықтар
Наурызым
Қорғалжын
Марқакөл
Үстірт
Батыс – Алтай
Алакөл
Ырғыз - Торғай
VІІ. Үйге тапсырма
М: Үйден «Қазақстан табиғатын қорғау» тақырыбын оқып түсінік айтуға және
«Сен жануарлар әлемін қорғау үшін не істер едің?» тақырыбында эссе, яғни, әңгіме жазып келіңдер.
VІІІ. Бағалау.
М: 1. Төрт дегенің – жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
2. «Бес» дегенің – үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бағалаймын.
М: Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |