Сабақтың тақырыбы Қазақстандық географтардың зерттеулері


тұрақтылық — сыртқы жағдайдың әсеріне қарамастан географиялық нысанның ағымдағы жағдайын сақтап қалу қабілеті. географиялық орналасу



бет11/249
Дата08.11.2022
өлшемі24,61 Mb.
#157074
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   249
Байланысты:
КМЖ 9 сынып География
География 8 кл КТЖ, Canadian English.
тұрақтылық — сыртқы жағдайдың әсеріне қарамастан географиялық нысанның ағымдағы жағдайын сақтап қалу қабілеті.

  • географиялық орналасу — Жер бетіндегі нысанға, осы нысанға тікелей немесе қосалқы ықпал етуші кез келген нысандарға қатысты географиялық координаттар жүйесінде өз орнының болуы.

  • шығу тегі — табиғатта немесе адам қызметі саласында (антропогенді) туындау.

    Әрбір нысанның ортақ және айырым қасиеттері болуы мүмкін. Ортақ қасиеттер нысандарды топтарға біріктіруге көмектеседі. Айырым қасиеттер бір нысанды екіншісінен ажыратуға көмектеседі. Барлық орман үшін ортақ қасиет — белгілі бір жерде ағаштардың көп болуы. Ал ағаштардың түрлері бойынша ормандар бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Атап айтқанда, жалпақжапырақты, қылқанжапырақты және аралас ормандар.
    Географиялық нысанның әрбір қасиетін сапалық әрі сандық тұрғыдан көрсетуге болады. Жезқазғанның географиялық орналасуын сапалық тұрғыдан, мәселен, мынадай сөздермен білдіруге болады: «Қала Орталық Қазақстанда орналасқан». Бұл мәліметті сандық тұрғыдан беру үшін Жезқазғанның координатын — барынша нақты мекенжайын көрсететін географиялық координаттар жүйесінде (ендік және бойлық градустарда) айқындалатын жердің беткі қабатындағы Жезқазғанның орналасуын көрсету керек. Қала координаттары — 47°47’00» с.е., 67°42’00″ш.б. Қызылорданың ауа райы туралы да сапалық және сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Мәселен: «Жазда Қызылордада өте ыстық, өйткені температура 40°С-қа жетеді».
    Жоғарыда біз физикалық қасиеттерге қатысты мысалдар қарастырдық. Географиялық нысандар қасиеттерінің сапалық және сандық сипаттамалары әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарға да тән.
    Географиялық нысандардың әрқайсысында өлшем шамасы бар. Физикалық шама — географиялық нысан қасиеттерінің бірі. Сапалық тұрғыдан ол көптеген ұқсас географиялық нысандар үшін ортақ, ал сандық тұрғыдан олардың әрқайсысы үшін ерекше. Даралықты сандық тұрғыдан былайша түсінуге болады: қасиет бір нысан үшін басқасына қарағанда белгілі бір мөлшерге артық немесе кем болуы мүмкін.
    Мәселен, сапалық жағынан көптеген елдер аумағы бойынша үлкен болуы мүмкін. Үлкен көлем — барлық ірі елдер үшін ортақ қасиет. Үлкен елдер 1 000 000 км2 астам аумақты алып жатады. Бірақ олар басқа елдерден үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина сияқты аумағы үлкен елдер тізімінде тоғызыншы орында тұр. Қазақстанның аумағы — 2 724 902 км2, Канада аумағы -9 984 670 км2.

    ВЕН ДИАГРАММАСЫ Тарих мен география






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   249




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет