І-топ Ойлан. Тапсырма:Еліміз интеграциялық бірлестіктерге қатысуына орай сыртқы саясатында қандай мақсаттарды көздейді?
Дескриптор: -Еліміздің интеграциялық бірлестіктерге қатысуына орай сыртқы саясатындағы көздейтін мақсаттарын анықтай алады;
Еліміздің интеграциялық бірлестіктерге қатысуына орай сыртқы саясаты туралы мәселені топта талқылай алады.
2-топ Жұптас. Тапсырма:Қазақстанның Халықаралық ұйымдар құрамындағы қызметін анықтаңыз.
Дескриптор: - Халықаралық ұйымдар туралы қосымша деректермен және оқулықпен жұмыстана алады;
- Қазақстанның Халықаралық ұйымдар құрамындағы қызметін анықтап,талдау жасай алады;
- Қазақстанның Халықаралық ұйымдар құрамындағы қызметі туралы ойларын нақты, жүйелі тұжырымдап бір-біріне жеткізе алады.
3-топ Бөліс. Тапсырма:Қазақстан құрамына кіретін ұйымдар мен одақтар интеграциялық бірлестіктердің қандай түріне жатады?
Дескриптор: - Қазақстан құрамына кіретін ұйымдар мен одақтар интеграциялық бірлестіктерді түрлеріне ажыратуда қосымша деректермен жұмыстана алады;
- Қазақстан құрамына кіретін ұйымдар мен одақтар интеграциялық бірлестіктерді түріне қарай жіктей алады;
- Қазақстан құрамына кіретін халықаралық ұйымдар мен одақтардың туралы ойларын жүйелі ой тұжырымдай алады.
Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардың дұрыс жауаптарын «Бас бармақ» әдісімен бағалау.
Тапсырма 2: Сараланған тапсырмалар 1-деңгей Ж: «Кім жылдам?»ойын әдісі. Картаны қолдана отырып, халықаралық ұйымдардың штаб пәтерлерінің атауын картаға орналастырыңыз
және кескін картаға түсіріңіз.
Дескриптор: - Халықаралық ұйымдардың штаб пәтерлерін табуда алған білімді практикада қолдана алады;
-Халықаралық ұйымдардың штаб пәтерлерін картадан таба алады;
- Халықаралық ұйымдардың штаб пәтерлерін картаға орналастыруда картаграфиялық білімдерін тұжырымдай алады.