Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі87,94 Kb.
#17677
түріСабақ
Күні: 13.12.16 жыл

Сыныбы: 9 «Ә» сыныбы

Тарих пәнінің мұғалімі: Жаханова Р.М.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

Сабақтың мақсаты:

Білімдік : оқушыларға Ұлы Отан соғысы,қазақстандықтардың Мәскеу , Ленинград қалаларындағы қазақстандықтардың ерліктері жайлы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, оқушының ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: репродуктивті,АКТ ,топпқа бөлу

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақта.

1941-1945 ж.ж.ҰОС картасы,кескін карта



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Оқушылар бір-біріне тілек тілеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту:

Кім жылдам? (сұрақ-жауап)

1.Соғыс қарсаңындағы Қазақстандағы халық саны ? (6,2 млн)

2.Әскер қатарына аттанған қазақстандықтар саны? (1195164)

3.Өнеркәсіптегі жұмысшылар саны? (670 мың)

4.Қазақстанға көшірілген әскеи оқу орындары? (27 оқу орын)

5.Соғыс жылдарында қанша офицер даярлап шықты? (16 мың)

6.Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындары? (220 зауыт,фабрика)

7.Көшірілген тамақ өнеркәсібінің саны? (54)

8.Қазақстанға көшірілген тоқыма өнеркәсібі? (53)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

1.Мәскеу шайқасы

2.Ленинград шайқасы

3.Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы.

Сыныпты үш топқа бөліп, жоспар бойынша әр топқа тапсырмалар

беріліп, дайындалуға уақыт беріледі.

Әр топ берілген тапсырманы қорғайды
І топ – Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста (сызбаны толтыру )

ІІ топ – Ленинград шайқасы( ерлік көрсеткен қазақстандықтарды атау)

ІІІ топ —Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы.(кесте құрастыру)
1939 жылы 1 қыркүйек Германияның Польшаға басып кіруімен дүние жүзілік екінші соғыс басталды. 1941ж. 22 маусым таңғы сағат 4 шамасында Германия КСРО-ның батыс аумағына басып кіруімен Ұлы Отан соғысы басталды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол сол бойынша КСРО-ны қысқа мерзім ішінде (6-8 апта) жаулап алмақшы болды. Кеңес халқы тарапынан әділетті бұл соғыс тарихи әдебиеттерде «Ұлы Отан соғысы» деп аталды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген үндеумен Қазақстан еңбекшілері тылда тер төкті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 92 мыңнан астам солтүстік қазақстандық әскерге алынды. 34 мың адам еңбек әскеріне жіберілді. Облыстың Жадынама Кітабы мәліметтері бойынша соғыс барысында 45 364 адам қаза тапты, яғни майданға кеткен әрбір екінші адам үйіне оралған жоқ.



І-топ: Мәтінмен жұмыс/ сызба толтыру/

Мәскеу шайқасы.(1941 жылдың 30 қыркүйек – 1941 жылы 6 желтоқсан) Мәскеу түбінде генерал майор И.В.Панфилов,полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-шы атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы Қызыл ту орденімен марапатталды.

Москва үшін шайқаста қаһарман Кеңес Одағының батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады…біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазды.

1941 жылғы 16 қарашада Дубосеково разьезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген 1075-ші атқыштар полкінің танк жоюшылар тобы өшпес ерлік көрсетті.Ол топтың саяси жетекшісі В.Г.Клочков бүкіл майданды шарлап кеткен «Ресей кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деген жалынды ұранын көтерді.

Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басыр кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде. Оған қаза тапақаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағын берді.

Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып, 10-нан астам жау ұшағын, көптеген соғыс техникасын, 100-деген фашистерді жойған

Талғат Бигелдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алды.

Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры ең алғаш Кеңес Одағының Ба­тыры атағын алған қазақстандық жауынгер К. А. Семенченко (1941 жы­лы 22 шілде).

238 – атқыштар дивизиясының автоматшысы Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан – Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев.

П.Б. Вихрев Панфиловшы 1075- атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі жетекшілігімен 14 жауынгер, жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды.Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. Вихревке Батыр атағы берілді



ІІ-топ: Мәтінмен жұмыс /жауынгерлердің аты-жөнін атау,баяндау/

Ленинград шайқасы. (1941 жылы 9 қыркүйек – 1943 жылы қаңтар)

Қазақстандық жауыгерлер Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қыркүйекте Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры жазылды. Алғадай Жамбылұлы – 19 гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетін басқарды.Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.

Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов пулеметтің дзотының аузын аузынөз кеудесімен жауып, қаза тапты.

Нүркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен дивизиясымен бірге жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нүркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қаһарман қазақ қызы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Жауынгер достары Лия деп атап кеткен.

1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған, ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынан пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.



ІІІ-топ: Мәтінмен жұмыс /кесте құрастыру/

Сталинград шайқасы. (1942 жылы шілде- 1943 жылы ақпан)

1942 жылы 17 шілдесінде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар болды.

Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

Днепр шайқасында ерлік көрсеткен 18 жастағы ең жас батыр – Жәнібек Елеусізов

Әр топ берілген тапсырманы қорғайды.

І топ – «Мәскеу үшін шайқасқа қатысушылар» сызбасын толтырады

. Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Бауыржан Момышұлы, 316-атқыштар дивизиясы, И.В. Панфилов. 314-атқыштар дивизиясы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова.



ІІ топ – «Қатысушылардың ерлігін » сипаттап,атайды

ІІІ топ –Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар жайлы кесте толтырады

Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысуы:

Қазақ 50%

Орыс 37%


Басқа ұлт өкілдері 13%

Қазақ жерінен 1200000 адам соғысқа аттанды.

Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны.

Жалпы әлем бойынша – 70000000

Фашистік Германия бойынша -10000000

Кеңестер одағы бойынша -270000000

Қазақстан бойынша – 400000

Тарихта 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып өтті.

КСРО бойынша Кеңес Одағының батыры-11600 адам

Қазақстандықтар – 497 адам

қазақтар- 97 адам
Тарихи термин сөздерге анықтама (дәптермен жұмыс)

Фашизм – италян тілінде «ұйым» деген сөз дүние жүзіне үстемдік орнатпақ болған топ,бірлестік.

Агрессия -мемлекеттің тәуелсіздігімен аумақтық бір тұтастығын егемендігін әскери күшпен бұзу.

Барбаросса-фашистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен соққы беріп,басып алу жоспары

Тайфун -Гитлер армиясының Мәскеуге басып кіру жоспары

Остланд - Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропаны мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары

Оккупация -бір мемлекеттің территориясын басқа мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы

Милитаризм - жаппай қарулану саясатыКім жылдам?
ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Тұлғаны таны. (Ұяшықтардан тұлғаларды анықтау, сипаттама беру.)

Мәлік Ғабдуллин

Төлеген Тоқтаров

Мәншүк Маметова

Әлия Молдағұлова

Хиуаз Доспанова

Бауыржан Момышұлы

Талғат Бигелдинов

Рақымжан Қошқарбаев.

V.Жаңа сабақты қорыту:

Тест жұмысын алу

1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

А) 1939 ж Ә) 1941ж Б) 1948 ж В) 1940ж

2. КСРО –ның Батыс өлкесіннен Қазақстанға қанша завод фабрика көшірілді

А) 110 Ә) 2 Б) 80 В) 100
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық армия қатарына алынды?

А) 1 млн 200 мың Ә) 2 млн Б) 500 мың В) 1 млн 300 мың

4. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?

А) Б.Момышұлы Ә) Ә.Молдағұлова Б) М.Мәметова В) С.Баймағанбетов

5. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?

А) Ж.Қуанышбаев Ә) Ш.Берсиев Б) Ы.Жақаев В) Б.Дисекбаев

6. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия

А) 316 атқыштар дивизия Ә) 238 атқыштар дивизия

Б) 310 атқыштар дивизия В) 314 атқыштар дивизия

7. Ә.Молдағұлованың өмір сүрген жылдарын атаңдар

А) 1921-1940 ж.ж Ә) 1925-1944 ж.ж Б) 1915-1942 ж.ж В) 1920-1943 ж.ж

8. Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары

А) 1910-1982 ж. ж Ә) 1900-1945 ж.ж Б) 1905-1978 ж.ж В) 1908-1980 ж.ж

9. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

А) 1939 ж Ә) 1942 ж Б) 1945 ж В) 1944 ж.

10.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыш?

А)Б.Момышұлы Ә)Р.Қошқарбаев Б)Т.Тоқтаров В)Т.Бигилдинов

VІ.Оқушыларды бағалау:



VІІ.Үйге тапсырма беру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет