Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3А бөлім: Аудан, 9.3А Үшбұрыштар
|
Мектеп: «М.Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
|
Күні: 13.02.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Болат Айнаш
Өмірсерікова Д.С.
|
Тексерілді: Құрманғалиева М.Р.
|
Сынып: 8-9
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Үшбұрыштарды шешу
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.1.3.6косинустар теоремасын білу және қолдану;
9.1.3.7синустар теоремасын білу және қолдану;
9.1.3.8іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( – үшбұрыштың қабырғалары, – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (мұндағы – іштей сызылған шеңбер радиусы, көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: үшбұрыштың ауданың формулаларын біледі, тұжырымдай алады.
Оқушылардың басым көпшілігі: формулаларды қорытып шығара алады,есептер шығаруда формуланы қолдануды біледі.
Кейбір оқушылар: басқа фигуралардың аудандарының формулаларын пайдалана отырып үшбұрыштың ауданын табады.
|
Бағалау критерийлері:
|
1)Үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығарады;
2)Есептер шығаруда қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: үшбұрыштың ауданының анықтамасын тұжырымдай біледі, есептердің шығарылуын түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология: үшбұрыш, үшбұрыштың табаны, биіктігі, орта сызығы, параллелограмм, үшбұрыштардың теңдігінің бірінші белгісі.
Диалогты жазылымға қажетті сөз тіркестері:
- екі параллель түзулерді қиюшы арқылы қиғанда ... пайда болады; - егер ішкі айқыш бұрыштар ... ; - егер ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы ... ; - егер сәйкес бұрыштар ... ; - берілген бұрыш үшбұрыштың ... төбесіндегі сыртқы бұрышы болып табылады, өйткені ... ; - үшбұрыштың берілген бұрышы ... қарсы жатқандықтан, үшбұрыштың ең үлкен бұрышы болады; - үшбұрыштың сырты бұрышы өзімен сыбайлас емес ... қосындысына тең болады; - үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы ...; - 300 - тық бұрышқа қарсы жатқан катетті табу үшін ... ; - үшінші түзуге перпендикуляр екі түзу ... ; - ... перпендикулярын ... түсіреміз.
Үшбұрыштың ауданы табаны мен биіктігінің ------- тең. а - ға және b - ға тең қабырғаларының арасындағы бұрышы -ға тең үшбұрыштың ауданы ------ есептеледі.
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы.
Бірін бірі құрметтеуге, өмір бойы білім aлуғa, ынтымaқтaсa жұмыс істеуге тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Алгебра , сызу
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім
|
Оқушылар үшбұрыштың анықтамасын біледі . Үшбұрыштың түрлерін ажыратады. Үшбұрыштардың қасиеттерін біледі. Кейбір фигуралардың аудандарын табуды біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
5 мин
|
Амандасу, сыныптағы оқушыларды түгендеу
«Менің көңіл - күйім тамаша, себебі ...» деп өз ойларын жалғастыра отырып, психологиялық көңіл күй атмосферасын орнатамыз.
Оқушылар берілген кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
І топ: «Тікбұрышты үшбұрыш» тобы
ІІ топ: «Теңбүйірлі үшбұрыш» тобы
ІІІ топ: «Теңқабырғалы үшбұрыш» тобы
ІVтоп «Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш» тобы
Өткен білімді актуалдау:
«Сіз қаншалықты сенесіз?» ойыны
“Үшбұрыштар” тақырыбы бойынша теориялық материалдарды қайталау. Анықтамалар мен тұжырымдардың ақиқат/жалғандығын анықтауға арналған тест.
Үшбұрышта 150° бұрышқа қарсы үлкен қабырға жатады. (А)
Тең қабырғалы үшбұрышта ішкі бұрыштары өзара тең және әрқайсысы 60°-тан. (А)
Қабырғалары 2 см, 7 см, 3 см болатын үшбұрыш бар. (Ж)
Тікбұрышты теңбүйірлі үшбұрыштың катеттері өзара тең. (А)
Егер теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бір бұрышы 50° болса, онда табанына қарама-қарсы жатқан бұрыш 90° тең. (Ж)
Егер тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы 600 тең болса, онда оған іргелес жатқан катет гипотенузаның жартысына тең. (А)
Тең қабырғалы үшбұрышта барлық биіктіктері өзара тең. (А)
Кез-келген үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтарының қосындысы үшінші қабырғасының ұзындығынан кіші. (Ж)
Екі доғал бұрышты үшбұрыш бар. (Ж)
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы 900-қа тең. (А)
Егер үшбұрыштың екі бұрышының қосындысы 900-тан кіші болса, онда үшбұрыш доғал болады. (А)
Косинустар теоремасы арқылы үшбұрыштың түрін анықтауға болады. (А)
KLN үшбұрышында KL=8,4 cм, LN=13,2 см, KN=7,5 см. L бұрышы ең үлкен. (Ж)
Үшбұрыштың қабырғалары 10см, 12см, 7см. 7см-ге тең қабырғаға қарама-қарсы жатқан бұрыш доғал болады. (Ж)
Бағалау. Дайын жауаптар арқылы өзара бағалау. Оқушылар парталас көршілерінің жұмысын тексеріп қорытынды жасайды, нәтижесін жазбаша кері байланыс беру арқылы көрсетеді.
Белсенді оқыту әдісінің «Түсіндіру жəне сипаттау» түрінің Саралау әдісінің «Жіктеу» түрі арқылы
|
Фигура арқылы топқа бөлу
|
Сабақтың ортасы
10 мин
Топтық жұмыс
5 мин
Жеке жұмыс
7 мин
8 мин
|
І кезең
Сиқырлы үшбұрыштар әлеміне саяхат
8 ұяшықтың бірін таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
«Сұрақ қою және талқылау» белсенді оқыту, саралаудың «Қарқын» тәсілін қолданамын.
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеті.
Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі.
Үшбұрыштың радиусы мен периметірі берілсе аудан қалай табылады?
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиетін ата.
Үшбұрыштың түрлерін ата.
Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар?
Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі
S=1/2 a h қай фигураның ауданы?
Бағалау:
ІІ кезең
"Білімділер қалашығы " аялдамасы
Белсенді оқытудың «Зерделеу және зерттеу» түрі. Саралау тәсілінің түрі «қорытынды».
Оқулықпен жұмыс
8- сынып
9- сынып 102бет № 6, 7 есеп
I кезең
"Қызықты сандар" қалашығы аялдамасы
Белсенді оқыту әдісінің «Түсіндіру жəне сипаттау» тәсілін, саралаудың «Диалог және қолау көрсету» түрін қолданамын.
Бағалау:
|
|
|