Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың дара тұлғасы»



бет3/5
Дата12.03.2018
өлшемі2,63 Mb.
#38698
түріСабақ
1   2   3   4   5

8 Сара: Наградалары


Соғыс кезінде

  • 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;

  • 1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен;

  • 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды

Соғыстан кейін

  • 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен

  • КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді

2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды

9 Аружан, Ақмоншақ: Бауыржан Момышұлының аты берілген нысандар

  • Қазақстанда батырдың атымен АлматыТаразАтырауСемей қалалары және Жамбыл облысы Аса селосындағы көшеге батырдың аты берілген;

Астана қаласында


  • Бауыржан Момышұлы даңғылы (Астана)

Алматы қаласында


  • Бауыржан Момышұлы атындағы көше (Алматы)

Тараз қаласында


  • Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауыржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген.

  • Бауыржан Момышұлы ауылы (Жамбыл облысы)

  • Бауыржан Момышұлы ауылдық округі (Жамбыл облысы)

№45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған.

Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы


Шымкент қаласында


  • Бауыржан Момышұлы даңғылы (Шымкент)

  • Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Ішкi Істер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылған.

  • Алматы (№131), Шымкент (№42) және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттары да батырдың есімімен аталады.

  • Жетісай қаласындағы Республикамызға танымал №6 мектеп-гимназия батырдың атымен аталады

1 – жүргізуші: Бекзат Нұрбақыттың орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар

1 – жүргізуші: Оның аты халықтың жүрегінде,

Оның аты халықтың тілегінде.

Оның аты тарихтың тірегінде,

Оның аты өлмейді бұл өмірде



2 – жүргізуші: Ақындардың батырға арналған арнауларын қабыл алыңыздар



10 оқушы: ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Бауыржан

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы атын алып келді бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып,

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар,

Алқындым бір көруге болып құмар.

Көктемде күркіреген күн даусын

Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар.

Қан майдан қаталатып, шөлдегенде,

Кез болдым жалтылдаған екі көлге.

Көл емес көздері ғой Бауыржанның,

Елестеп мың көрінер бір көргенге.

 Бойы бар бізден гөрі биігірек,

Тіп-тік боп абыройын тұрған тіреп.

Топ жара көрінсін деп екі иығы,

Туған ел жаратыпты оны ірірек.

 Ойы бар бірде дауыл, бірде жалын,

Теңіздей тебіренткен терең жанын.

Алғандай бойға жиып бар қуатын,

Кешегі өзі кешкен уақиғаның.

 Кейде ол көк семсерлі генералдай,

Кейде ол күй көңілді ақын жандай.

Өмірдің ол шеті мен бұл шетіне

Өресі өрен ойдың тартылғандай.

 Жан ұқпас жұмбақ емес бір жасырын,

Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын.

Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін,

Соғады өз дүкені сөз асылын.

Ойы бар қиялының қанатында,

Адаспас апарып бір салсаң тыңға...

Бір дәурен ойнап-күліп отырғаны,

Жалтылдап екі көзі қарсы алдыңда.

«Батырым - Бауыржаным» дейді халқым,

Алып ұш, ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тік басып туған жерде жүрген қалпын.

 Ағамыз атағына асқар тау тең,

Жау келсе – жаубүйректей етер жәукем,

Емендей ерегісер сұрапылмен,

Басымен бұлтты жайпап біздің Баукен!

Әсел

КЕҢШІЛІК МЫРЗАБЕКОВ

Бауыржан Момышұлымен қоштасу

 

Айтшы, халқым,



қайысты ма қабырғаң,

Қалай екен хас батырдан айырылған?

Айтшы, халқым, айтшы, халқым,

жарылшы бір ағыңнан

Батыр туған халықпыз ғой тұлпарлардың жалында,

Батыр туған халықпыз ғой революция – дабылда,

Батыр туған халықпыз ғой отта, суда, дауылда,

От-жалынды майдандар мен бейбіт күннің бабында.

Айтшы, халқым,

Бауыржаның – бауыр етің, батырың ед –

ол қандай,

Орны қандай жүрегіңде,

кейпі қандай келешекке қалғандай?

Келер ғасыр келбетіне, қарар ма екен таңданып,

Мылтық атқан соңғы комбат... аңыз болып қалғандай.

Мылтық атқан соңғы комбат,

Соғыс көрген соңғы солдат,

Аңыз болып қала ма?!

Сол аңыздың бас Батыры – Бауыржандай бауыр етің

бола ма?!

Айтшы, халқым,

енді соғыс болмайтыны рас қой,

Енді рас қой – атыспаймыз окоптар мен обада,

Енді рас қой,

Бауыржан да екінші рет тумасы,

Әлден аңыз... Бауыржанның тумысы мен тұлғасы.

Музей мүлкі күні ертең-ақ –

Бауыржанның қылыш салған қынабы

Ертең елес – Волоколам тас жолы мен Жуалының

жылғасы


Соғыс – шындық,

Жеңіс – шындық,

Ерлік – шындық, ендеше,

Ерлік жасау мүмкін емес Ер еліне сенбесе.

Айтшы, халқым, күні ертең-ақ келер ұрпақ сағынбай ма

Баукеңді


Шындық – ерлік, Ерлік – шындық шөліркетсе, шөлдесе.

11 – оқушы: Мұқағали Мақатаев (Бауыржан Момышұлына)

Аға,


Саған, білмеймін не айтарымды,

Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.

Көңілдегі ой көмейге кептелді де,

Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.

Қайтерімді, білмеймін не айтарымды.

Жасқануды білмеуші ем, жалтаруды,

Heгe көңіл, білмеймін, ақтарылды?!

Ақ тұлпарым бар еді саған деген

Алып ұшпай ол неге аңтарылды

Сен зәру емессің ғой құрметке,

Сырлы аяқтың сыны бар, сыры кеткен...!

Тонға емес, орамал жолға жарап,

Сый тартуды атамыз ырым еткен

Тартар сыйым өзіңе болмағасын,

Белгілі ғой қасыңа жоламасым.

Ақ сұңқарым бар еді, ұшпай қойды,

Алсам-дағы басынан томағасын.

Қылышымды суырып қынабынан,

Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым-ау...

Жетімдердің кегі мен жесірлердің

Суарып ем суалған бұлағына.

Қайрап едім зауалдың шарығына,

Қақтап едім қан майдан жалынына.

Қынабына оны да жасырдым мен,

Керек болып жүрер деп халығыма.

Қынабына caп қойдым үмітпенен,

Оның несін жасырам бүгіп сенен.

Саған, аға, сақталған бір сый бар-ау,

Назарына ешкімнің ілікпеген.

Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,

Бір сый бар, аға, саған, тартылмаған!

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқың маған.

Ешкімнің назарына ілікпеген,

Саған бір сый тартам деп үміттенем.

Жүрегімнің тапсырған аманатын

Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.

Қандай сый тартсам екен, аға саған,

(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?

Ешбір сый таба алмасам, аға, саған

Аппақ тонын - атамның тәбәрігін,

Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.


Камшат

ҚУАНДЫҚ ШОЛАҚ

Найзағайы намыстың

 

Қарау қоғам көзі барда бағасын,



Бермегесін қалай тапсын жарасым?

Тірлігінде теперішті көп көрген

Жолбарыс ең жалап өткен жарасын.

 

Көкірегіңе салып қойған азалы ой,



Алалаған алақолдың азабы-ай!

Содан болар арыстандай ашулы,

Жанарыңнан жарқылдайтын нажағай.

 

Іштарлықпен жалалы ойды жақтаған,



Табаныңмен бастырғаны-ай шоқ қоғам.

Шығыстағы шырағы едің шындықтың,

Тура айтып туғанына жақпаған.

 

Әр көңілге орнағандай жарық күн,



Күйін кешкен қысқа қолды ғаріптің.

Онсыздағы батыры едің Бауыржан,

Қазақ деген кең жүректі халықтың.

 

Құлай сүйген жусан иіс даласын,



Сүйіп өткен Отан атты Анасын.

Намысымның найзағайы секілді,

Даралардың ішіндегі дарасың.

 

Ел арманы, ел мұңымен ауырған,



Жаралған жан бұрқ-сарқ еткен дауылдан.

Қадіріңнің артықтығы сол шығар,

Жүз қазақтың бес алтауы Бауыржан.
Есбол МҰХТАР ШАХАНОВ

Жеңіліп тұрып жеңілмеу немесе

Бауыржан Момышұлының кешірім сұрауы

 Мен ол кезде әр адымын еркін, батыл басатын,

Айтқанынан қайтпайтұғын, едім қайсар жас ақын.

Өз негізін алған адам сияқтанған дауылдан,

Бірде маған хабарласты Момышұлы  Бауыржан.

Сәні кеткен туған тілде таусылғандай ой кені,

Біраз уақыт телефонда ол тек орысша сөйледі.

– Кешіріңіз, – дедім оған – ұлтсыз қазақ парықсыз,

Мені орыс адамымен шатастырып алыпсыз?

– Жо-жоқ – деді ол, – үнің сенің неге ызғарлы, неге тоң,

Мен жас ақын Шахановқа соғып тұрмын телефон!

– Ал, Шаханов сізше қалай, айналған ба, орысқа,

Әлде орыс тілділермен түскен жан ба жарысқа? –

Дедім тағы қызынып,

Қазақтың нар перзентіне көңілім күрт бұзылып. –

Сіз әрқашан елімізде ұлттық мүдде дегенде,

Дара тұлға болатынсыз шығар дара кемерге.

Жан емессіз пайымсыздық жеңе алатын ақылын,

Сондықтан да мұныңызды түсінбедім, батырым.

Сөзіңіз бен ісіңіздің арасы –

Бүгін неге екі жарым шақырым? –

Деп телефон трубкасын ызбарлана тастадым.

Уақыт өтпей қас-қағым,

Менің қайсар мінезіме үндемей бас шайқаған,

Телефоным шылдырады қайтадан.

 – Кешір, Мұхтар, – деді Баукең – иттігіме дес берме,

Қаншама жыл тек орысша сөз құрадық әскерде.

Билікте де орыс рухты адамдардан күш көру,

Оларменен араласу, рухсыздыққа тістену,

Тек сол тілде әлгілерден ойлы, ойсыз іс көру,

Орысша ойлап, әр түн сайын тек орысша түс көру,

Біз сорлыны алып келді нақ осындай жағдайға,

Ұлтсызданған қызмет те ұлт намысын қорлайды ә?

Бір сәт дұрыс ашпағанға ұлттық мүдде есігін,

Беделімді бес тиын ғып, сұрап тұрмын кешірім.

Кешір мені, айналайын, енді мүлде өзгерем,

Қазақпенен тек қазақша сөйлесуге сөз берем!

Айтты – бітті, еш күш оған бола алмайтын бөгесін,

Қазақтың өр ұлы адамы орындады өз уәдесін!

Бұл күндері бой көтеріп кейбір өлке, қаладан,

Рухсызға найза іспетті атылып,

Жұртты сана биігіне шақырып,

Ескерткіш боп шырқау көктен қол бұлғап тұр сол адам...
1-жүргізуші: Иә, ұлы тұлғаның да осал тұсы болады.

Қателігін, бірақ, батыл мойындау,

Қателігін қатал шындық биігінде пайымдау,

Сол тұлғаның қайталанбас жеңісі боп қалады.




2-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр.


Каталог: uploads -> doc -> 114c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
114c -> Сабақ тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман Мамыр»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет