Мерзімі: 16.01.14ж.
Пән: Музыка
Мұғалім:Уалиева Гүлнәр Тельманқызы,№21ЖОМ
Санаты: Жоғары
Сынып: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы:Қазақтың дәстүрлі музыка мәдениеті. Аспаптық музыка.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктерін,функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Қазақтың көне музыка аспаптары жайында танымын кеңейту. Аспаптың үнімен,олардың шығу тарихымен,сыр сипатымен таныстыру. Музыканы тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білүге үйрету.
Оқыту міндеттері:
Музыкаға қызығушылығымен ынтасын ояту. Халық қазынасының үкілі бөлшегі болып саналатың ұлттық музыкамен таныстыру. Музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп қабылдауға үйрету.
Есту,есте сақтау,ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту. Ән айту дағдыларың меңгерту. Аспаптардың тембрлік үнін ажырата білуге дағдыландыру.
Туған жерге,елге,табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру. Өз елінің мәдениетін қастерлеуге үйрету. Жан-жақты білімді, өткір ойлы дара тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Аралас сабағы.
Әдіс-тәсілдер: Әңгіме,пікірталас,музыка салыстыру әдістері, құзіреттілікке бағытылған тапсырмалар,
Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар:синтезатор, проектор, тақта, компьютер, «қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы, Қорқыт,Құрманғазы, Абайдың суреттері, аудиофайлдар «Адай», «Қорқыт», «Қара жорға», «Желсіз түнде жарық ай», «Туған жер», бейнефайлдар «Тұран» этно-фольклордық тобының орындауында, «Адай».
Қолданылған технология: Ақпараттық қатынастық технологиялар, құзіреттілікке бағытылған тапсырмалар.
Сабақ жоспары:
I - Үйымдастыру кезеңі
Музыкалық сәлемдесу (1мин.)
II - Дайындық кезеңі
1.Кіріспе сөзі (1 мин.)
2. Өткен тақырыпты қайталау (3 мин.)
3.Ән айту - «Желсіз түнде жарық ай» Абай (3 мин.)
4.«Қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы (10 мин.)
5.Музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар (3 мин.)
«Қара жорға» халық биі
III - Жаңа білім беру кезеңі
Әңгімелеу - «Құрмаңғазы» туралы деректер. (6мин.)
Тыңдау - аудиофайл күй «Адай» және бейнекөрініс «Адай»(5 мин.)
Пікірталас (2 мин.)
Ән айту «Тұған жер» (4мин.)
IV -Қорытынды кезеңі(7 мин)
Музыкалық викторина
Тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
кезең
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушылардың
іс-әрекеті
|
АҚТ
Сандық-білімдік ресурстар
|
I.Үйымдастыру кезеңі(1 мин.)
Музыкалық сәлемдесу
|
Ассалаумағалейкум,ұландар Биікке самғап ұшар қырандарым
|
Оқушылар «Ата толғау» күй әуенімен сыныпқа кіреді.
Иіліп сәлем берді ұландары,
Биікке самғап ұшар қырандарың.
Әрдайым домбыраны қолға алып,
Тербетер ән мен жырға ұл-қыздарың.
|
Аудиожазба
күй «Ата толғау»
|
II. Дайындық кезеңі
1.Кіріспе сөзі
(1 мин.)
|
Дәстүрлі музыка мәдениеті -халқымыздың саңғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Әр халық композиторы -белгілі бір дәүір,ғасырдың перзенті.Олардың туындылары да сол заманның төл тумасы. Сол себепті әр шығармамен танысу барысында оның не үшін,қалай,қаңдай себептер мен оқиғаларға байланысты шыққанына көңіл бөліп,мазмұн-маңызын сол дәүір таным-түсінігі тұрғысынан пайымдау үшін - бүгін біз сендермен қызықты саяхат жасаймыз.
|
|
|
2. Өткен тақырыпты қайталау
(3 мин.)
|
“Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.” (Абай)
Балалар, бұл кімнің сөзі?
Дұрыс. Міне, Абай ауылына келіп қалдық. Ал,Абай бұл кім? Абай туралы не білесіндер? Жауаптарың.
(тақтада Абай ауылы), кластер ҚБТ
Сонымен қатар ұлы Абайдың қай саладағы еңбектерін білесіндер?
Дұрыс. Қаңдай әндер білесіндер? Солай болса
«Желсіз түнде жарық ай» әнімізді шырқайық
|
Жауаптары
Абайдың
Ұлы ақын, философ, аудармашы,ұстаз ағартушы,...қазақ әдебиетінің негізін қалаушы.
Ән шығармашылығы
«Көзімнің қарасы», «Айтым сәлем,қаламқас», «Сегіз аяқ», «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай»
|
«Хафиз» хал.күй
|
3.Ән айту «Желсіз түнде жарық ай»
(3 мин.)
|
Жақсы балалар, ал саяхатымызды жалғастырайық.
Қобыз үні(аудиофайл)
Балалар, қаңдай ауылға келіп қалдық? Қалай ойлайсындар?
Дұрыс, оны қалай білдіңдер?
(тақтада Қорқыт ауылы)
(Тақтада сабақтың тақырыбы және мақсаты)
|
Ән айту «Желсіз түнде жарық ай»
Қорқыт ата ауылына.
Өйткені қобыз аспабының үнін естідік.
|
Аудиожазба
«Желсіз түнде жарық ай»
Қобыз үні(аудиофайл)
|
Достарыңызбен бөлісу: |