“Сағакүрес негізгі орта мектебі ” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аты - жөні: Мұраталина Айгүл Тельманқызы Бітірген оқу орны: Қазақ қыздар педагогикалық институты Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі Білім негізі – бастауышта В.Г.Белинскийдің: «… Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдары тұр.»
Ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын арттыруға байланысты «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері» Менің мақсатым: Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттері: Өз ойларын білдіруіне мүмкіндік бере отырып, өз идеяларын дәлелдеуіне көмектесу Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын арттыруға байланысты әдіс-тәсілдердің түрлерін алты кезеңге бөлемін: Сабақты бастауға арналған әдістер: (үйге берілген тапсырмаларды сұрауға,қайталауға арналған) Айтылымға арналған әдістер Сабақты қорытындылауға арналған әдістер Оқылымға арналған әдістер Жазылымға арналған әдістер Тыңдалымға арналған әдістер С Сабақты бастауға арналған “Стартер” әдістері Сабақтың бас кезінде оқушылардың көңіл күйін көтеріп жіберу үшін және бір-біріне бойларын үйрету үшін «Стартер» деп аталатын әдіс-тәсілдердің кейбірін қолданамын. Бұл әдістерді қолданғанда өткен тақырып бойынша тапсырма бергені дұрыс, сонда оқушылардың өткен сабақтағы білімін тез және оңай жолмен байқауға болады. Мысалы «Ұшақ ұшыру», «Қар кесегі», «Артығын алып таста», «Сәйкестендір», «Сөйлемді толықтыр», «Жоқ сөздерді тап», , «Жұбын тап», «Пазл»т.б. көп», әдістерді қолдану арқылы өткен сабақты қаншалықты меңгергендігін байқау қиын емес.
Бұл әдістер - кәдімгі үй жұмысын сұрау. Яғни балалар ойнап отырып үй жұмысын толықтай айтып береді. Себебі: ойын адамзаттың ұлы үйретушісі деп білемін.