“Сағакүрес негізгі орта мектебі ” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аты жөні: Мұраталина Айгүл Тельманқызы


Сабақты қорытындылауға арналған әдістер



бет3/3
Дата09.08.2022
өлшемі4,15 Mb.
#148020
1   2   3
Байланысты:
Мураталина А.Т. Сағакүрес
Практическое занятие 11-1672844070171
Сабақты қорытындылауға арналған әдістер
Қорытындылауға арналған әдіс-тәсілдердің бір артықшылығы мұғалім бөлім біткенде оқушылардың білімді қаншалықты меңгергендігін байқай алады. «Пирамида» әдісі соның бір айғағы. Бұл үшін тыңғылықты дайындалып келуі қажет. Яғни бөлімдегі тақырыптарға байланысты көптеген суреттер дайындайды. Суреттерді жеке-жеке қиып үстел үстіне жайып қою керек. Әр оқушы өзіне ұнаған 4 сурет таңдап алады. Содан соң жұптасып екі оқушы суреттерін қосып ішінен 4 сурет таңдап алады. Енді бұл жұп басқа жұппен бірігіп тағы да суреттерін қосып ішінен 4 сурет таңдайды. Таңдалған 4 суреттен мазмұны бар, қызықты постер құрады да тақырып қойып бір әңгіме немесе ертегі құрастырып шығарады.
«Түймедақ» әдісі
Логикаға арналған тапсырмалар (барлық пәндерге қолдануға болады). Суреттердің астындағы жеке дөңгелектерді қиып немесе барлық дөңгелектерді қиып бергенде бала қайсысын қай жерге орналастыруды табады.
Әдебиеттік оқу-сабағынан көрініс
Бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын арттыруға байланысты“Сын тұрғысынан ойлау” технологиясының тиімділігі
Оқушылардың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау технологиясының көптеген әдіс- тәсілдерін қолдануымның арқасында оқушыларымның оқу сауаттылығы артып, жақсы көрсеткіш көрсетті. Айта кететін болсам бірінші сыныпта І жарты жылдықта оқу жылдамдығы 20-25 сөзді құраса, ІІ жарты жылдықта 30-35 сөзді құрайды. Оқушыларымның арасында минутына 50 сөз оқитын дарынды да оқушыларым бар.
Жұмысымның нәтижесі
Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды
Оқушылардың танымдылық белсенділіктері артады
Өз ой-пікірлерін еркін айтуға үйренеді
Оқушылардың сабақ барысында белсенділігі артады
Өзін-өзі реттеуі қалыптасып, сұрақ қоя білуге үйренеді
Қорытынды:
Қорыта келе айтарым, білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы бастауыш сынып, сондықтан осы әдіс тәсілдерді пайдалана отырып бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады.
“Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің” демекші оқушыларымызды пәнге қызықтыра отырып, білім қорын кеңейту үшін аянбай еңбек етейік құрметті әріптестер.
Ащы термен шыққан, тәтті балды сезінейік.
Шәкірт қанаты талмай, биік шыңға самғасын!
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет