“Сағакүрес негізгі орта мектебі ” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аты жөні: Мұраталина Айгүл Тельманқызы



бет2/3
Дата09.08.2022
өлшемі4,15 Mb.
#148020
1   2   3
Байланысты:
Мураталина А.Т. Сағакүрес
Практическое занятие 11-1672844070171
«Пазл» әдісі
Әдебиет сабағына арналған пазлдар. Балаларға құрастыру үшін қиылып беріледі (кез келген пәнге арнап жасап алуға болады)
Тыңдалымға арналған әдістер
Тыңдалым дегеніміз – өте маңызды тілдік дағдыны қалыптастырады. Яғни оқушылардың тыңдалым дағдысын шыңдау арқылы тіл байлығын арттыруға қол жеткізуге болады. Тыңдалымға аудио, видео, , сұхбат т.б. жұмыс түрлерін қолдануға болады. Бұдан басқа көптеген әдіс-тәсілдерді келтіремін, мысалы: «Автор орындығы», «Жұппен диктант», «Концерт көру», «Көріністер», «Монолог», «Бейнебаян», «Сыдырма» т.б. Тыңдалымнан оқушылар ақпаратты түсінуге, болжай білуге, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады және тілдік қоры дамиды.
Оқылымға арналған әдістер
Оқылым белсенді немесе бейтарап болуы мүмкін. Яғни әңгімені түсініп оқу немесе көз жүгіртіп оқу. Бастауыш сыныптарда оқу жылдамдығын арттыру да бар. Ол жүгіртіп оқуға жатады. Мәтін ішіндегі цифрды немесе бір маңызды даталарды тауып алуда жүгіртіп оқу жүзеге асады. Ал мәтіннің мазмұнын айту үшін оқуда түсініп оқу жүзеге асады. Оқылым бөліміндегі әдіс-тәсілдер мәтін бойынша сұрақтар қоя білуге, мәтіннің идеясын, құрылымын анықтауға, мәтінге анализ жасауға негізделеді.
Оқылымға мынандай «Бір мәтінмен жұмыс» әдісі тиімді: сыныпты бірнеше топқа бөлеміз.
Бірінші топ – әңгіменің мазмұнын айтады.
Екінші топ – әңгімені зерттейді (мысалы антоним, синонимді табады)
Үшінші топ – жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады
Төртінші топ – әңгіме бойынша сурет салады
Бесінші топ – әңгімеге байланысты өлең құрастырады.

Сыныпта бала саны аз болса жұптарға бөлген де дұрыс немесе кейбір тапсырманы алып тастап өзіңіз қажет деп тапқан тапсырмаларды қосуыңызға болады.

Жазылымға арналған әдістер
Жазылым әр сабақта жүзеге асатын қалыпты жұмыс. Жазылым кезінде қатесіз жазу, оқып алып жазу немесе өз ойыңды жазу, суретке қарап жазу және естігеніңді жазу сияқты бірнеше түрлері бар. Жазылымға сөздік және көру диктанттары, шығармалар т.б. жатады. Жазылым үшін әр балаға сыныптағы оқушылардың фотоларын таратып, сол оқушы туралы қысқаша әңгіме жазуға тапсырма берген өте қызықты болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет