Сабақтың тақырыбы Қазтуған жырау шығармашылығы. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі



бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі479,01 Kb.
#189194
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қазтуған 1-сабақ

Топқа бөліну

  • Б) «Хан, жырау, халық мүддесі, жер мәселесі, » тірек сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді және сабақ тақырыбын болжайды.
  • «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңінің бөлімдері 4 топқа бөлініп таратылады.

1,2-топқа

  • 1-бөлім
  • Арайна,билер,арайна,
  • Арайна десем, болғай ма?!
  • Арайнасыз әр қайда
  • Ердің ісі оңғай ма?!
  • Арайна болған
  • Қазтуған,
  • Қайғыланып сонда толғай ма?!
  • 2-бөлім
  • Ел қияға қонғай ма?
  • Еділ, Жайық арасы
  • Кеңшілік қоныс болғай ма?!
  • Ебей басты құба үлек
  • Ернімен шырпы шалғай ма?!
  • Бұл қоныста отырып,
  • Біздің мұсылман баласы
  • Жағасы босап тынғай ма?!
  • 3-бөлім
  • Еділді қоныс етпеңіз,
  • Жағалай қалмақ алады.
  • Жайықты қоныс етпеңіз,
  • Сыдыра біткен көкжиек,
  • Кәпірлер қала салады.
  • Аштарханды қоныс етпеңіз,
  • Шәһәрін оның алады.
  • 4-бөлім
  • Еділді алса - елді алар,
  • Енді алмаған не қалар?
  • Жайықты алса - жанды алар,
  • Жанды алған соң не қалар?
  • Ойылды алса - ойды алар,
  • Ойлашы, сонда не қалар?
  • Қара мауыты мұшақат
  • Бүтін тоғай жерді алар.
  • Жаз кіреге жақсы деп,
  • Дулығалы нарды алар,
  • Қыс кіреге жақсы деп,
  • Шудасы қалың айырды алар.
  • Сусынына шай алар,
  • Шайнауына май алар.
  • 5-бөлім
  • Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
  • Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
  • Ақ шалмалы пірлердің
  • Мешітке жаққан шамдары-ай!
  • Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
  • Аузы түкті кәпірдің
  • Күшті болған салдары-ай!
  • Кәпірден тендік алуға
  • Қайта келер деймісің
  • Мұсылманның баяғы
  • Шыңғыстан туған хандары-ай?!
  • Бұл қоныстан кетпесең,
  • Мұны талақ етпесең,
  • Атаңа нәлет кәпірдің
  • Пайдасына қалмаса игі еді
  • Ноғайлы, қазақ жұртымның
  • Кейінгі туған балдары-ай!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет