Қазтуған жырау шығармашылығы. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі
Оқу мақсаттары:
Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс.
Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
Дескрипторы:
1.Үзіндіні мәнерлеп оқуда екпін, ырғақ, паузаны сақтай отырып, көтеріңкі дауыспен оқуда сақтай алса;
2. «Қайран менің Еділім!» толғауы бойынша пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді;
3.Шығармада автордың қозғаған мәселесін таба алады;
4.Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздерді, суреттемелерді тауып, 2-3 мысал келтіре алады.
5.Кейіпкердің ұнамды қасиеттеріне анықтап, мінездеме бере алады;
6. Үзіндіде кейіпкердің ішкі сезімі мен ойын көрсетуде қолданған көркемдегіш құралдардың қолдануына өзіндік баға бере алады.
Қиялы жүйрік, тілі өткір, ойы бай
1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы
Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен.
Қазақтың ХV ғасырдағы айтулы жорық жырауы
Халық эпосын жасаушылардың бірі
Әскербасы, батыр болған