3,4-топқа - 6-бөлім
- Адыра қалғыр көк Жайық,
- Аңырап қалған қонысым!
- Қонысымнан ауған соң,
- Кетпегей еді ырысым.
- Таудағы тарлан бөрі едім,
- Тарылған сынды тынысым.
- Кейінгі өскен жас бала,
- Ақ балтырын түрініп,
- Басарына ерініп,
- Көкірегі күйініп,
- Тек тірлікке сүйініп,
- Ықтиярсыз жүгіріп,
- Аузы түкті кәпірдің
- Етпегей еді жұмысын!
- Бұл қоныстан кетпесең,
- Мұны талақ етпесең,
- Екеу-екеу сөйлесіп,
- Біздің кейінгі өскен жас бала
- Аузы түкті кәпірдің
- Соқпаса екен пайдасын!
- 7-бөлім
- Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
- Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
- Бұғының ауыр қара мүйізі,
- Бидайықтың жалғыз соғары,
- Қашағанның ұзын құрығы,
- Ақ орданың тіреу сырығы,
- Айдаса - қойдың көсемі,
- Сөйлесе - тілдің шешені,
- Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
- Күз жіберіп, жаз мінген,
- Жазаласа - екі жылда бір мінген,
- Жолдасын жолай іздеген,
- Өзіне тиген дұшпанын
- Қарт бурадай тіздеген -
- Мен - Қарғабойлы Қазтуған,
- Қайғыланып асып барамын
- Ноғайлы-қазақ елімнен!
Жұптық тапсырма: - Оқушылар өлең үзіндісін дауыстап мәнерлеп оқу үшін, жұпқа бөлінеді.
- Ж/Ж. Оқушылар жұпта отырып дауыстап оқиды. Оқушылардың бірі екіншісіне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйрете отырып, (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.) Әр жұптан өз қалаулары бойынша кейбір оқушыларды мұғалім сыныптың алдында мәнерлеп оқуға шақырады.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (жеке жұмыс) - 1. Берілген үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасау үшін кейіпкер образы (Қазтуғанның өзі) қалай берілгенін анықтауда төмендегі тапсырмаларды орындайды.
Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесіне талдау жасаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |