Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев



Дата25.08.2017
өлшемі122,6 Kb.
#26450
түріСабақ
27 Дихан орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»


Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Өрісбаева Қ.А.

Сыныбы: 4-сынып

Жуалы-2014

Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Б.Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру, мәтінді дұрыс түсініп, оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Анаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ананы ардақтап құрметтей білуге, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, талдау, сұрақ-жауап, ойтолғау, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Б.Бұлқышев суреті, жазушы туралы анықтама.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару. Қазір жылдың қай мезгілі келді? (көктем) Көктем айларын айтайықшы? (наурыз, сәуір, мамыр) Балалар көктем мезгілі келсе де ауа-райымыз әліде суық, жерде қар жатыр. Біз көктемнің жылы күндерін, талдардың гүлдеп бүршік жарғанын сағындық. Олай болса мына тақтада түрған талымызды гүлдетіп көктемнің ерте келуіне ат салысайық. Егер сендер үй тапсырмасына жақсы дайындалған болсаңдар мына талымыз тез гүлдеп шығады. Дайынбызба балалар.


2) Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?



  • Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» мәтіні берілді және әжемізге хат жазып келу тапсырылды.

  • Апамның астауы әңгімесін кім жазған? (Оралхан Бөкей)

  • Оралхан Бөкей қай жылы туылған? (1943-1993)

  • Ол кім екен? ( жазушы, драматург, ағартушы)

  • Жазушы кімді еске алып отыр? (Апасын)

  • Автордың балалық шағында ойнаған ойындары қандай?

(жаз шыға шомылып, қыста сырғанақ тебетін)

  • Автор апасын қалай сипаттаған? (3топқа топтастыру)




Апасының бейнесі

Апасының мінезі

Апасының тірлігі

Ашаң, әдемі ажарлы, көп сөйлемейтін тері илейді,

қара шашы инабатты, жүн түтеді

тарамысты саусақтары, жуас, алаша тоқиды

күйік шалған өз ісімен ғана жүретін сырмақ тігеді,

ерні мен иегі қулық-сұмдықты білмейтін арқан еседі



  • Мінездеу дегеніміз не? (адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу.)

  • Әжемізге жазып келген хаттарын оқыту (3-5 оқушыдан сұрау)

  • 1-2 оқушыдан толық түсінік сұрау.

Міне балалар көктем мезгілін де шақырып алдық. Көктемде қандай мерекелер болады? (Аналар мерекесі, жаңа – жыл наурыз мерекесі) жақсы балалар олай болса біз бүгінгі сабағымызды аналар тақырыбына арнаймыз.



Жаңа сабаққа көшу.

Ана деген қасиетті сөз екеніне келісесіңдер ма? Иә, бәрімізге жарық дүние сыйлаған-Ана. «Бала-ананың бауыр еті дейді» Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі. Өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей, анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан-жануарларда өз баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамы анасана қолынан келгенше сый – құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, ал сазгер ән-күй шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.

Бүгінгі біз танысатын шығарма да «Ана» деп аталады.

Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев.

(1916-1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Балалық шақ» «Есімізде қанды жорықтар» т.б туындылары бар.

Жазушы бізге «Ана» әңгімесінде өзінің анаға деген нәзік сезімін паш етеді.

Тыныштық сәті. Мәтінді оқу (музыка қойылады) «Ана» мәтінін оқып беремін.

Сұрақ-жауап алу арқылы мазмұнын әңгімелеу.


  • Мәтінде кім жайлы жазылған? (ана жайлы)

  • Ананың бала өмірі үшін қандай маңызы бар екен? (жақыны, досы, ұстазы,жалпақ дүниеден де үлкен)

  • Ананың балаға деген махаббаты жайлы не айтар едің? (Қуансаң бірге қуанады, мұңайсаң бірге мұңаяды, бала үшін өзін құрбан етеді, бар дәмдіні аузына тосады.)

Оқушыларға тізбектей оқыту.

І. Қызығушылықты ояту.

- Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де жер ана деп теңеу айтып жүрміз. Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Енді осы ерекше елімізге еңбегі сіңген,атақты, қасиетті, ақын, жазушы, қоғам қайраткері болып танылған аналарды білесіңдер ме? Олай болса мына күніміз шуағын төкпей тұр.Осы күн бізге шуағын шашу үшін 1-топ: қасиетті, батыр, ақын аналарымызды. 2-топ: аналарыңды неге теңейтіндеріңді жазайықшы. Күн нұрын шашты. Енді 3-топ: күннің бетін алайық (Ана) деген сөз шығады. Осының бәрі ана. Ана туралы жаттаған өлең шумақтарың бар ма? (Оқушылар ана туралы жаттаған өлеңдерін айтады.
Қасиетті,батыр ана. Анаға теңеу

Домалақ ана (Нүрила), Қасиетті ана (Айша бибі),Батырана(Мәншүк,Роза, Бибігүл),Еңбекшіл ана (Камшат) Ақын ана (Фариза)


Дос сұлу

Қадірлі ақылды

Құрметті мейірімді

Аяулы


Сұлу


Ана



Енді 3-топ: күннің бетін алайық (Ана) деген сөз шығады. Осының бәрі ана. Ана туралы жаттаған өлең шумақтарың бар ма? (Оқушылар ана туралы жаттаған өлеңдерін айтады.)


Топпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

  1. «Ана» немесе «Асыл әжем» тақырыбынды шағын эссе жазу

(тірек сөздер: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ дауысы, айналып-толғанғаны)

  1. Анаға арнап бір шумақ өлең жазу.

  2. Ана туралы мақал-мәтелдер айту.



VІ. Анаға тілек тренингі.

Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту.





Сабақты қорытындылау.

Балалар орындарыңнан тұрыңдаршы. Ана-ұлы, ана-қымбат, ана-асыл, ана-құдіретті жан. Олай болса, ананың құдіретіне бас иейік!

Сабақ ұнады ма?



Үйге тапсырма: Мәтінді жаттау. Анаға сыйлық жасау.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет