Сабақтың тақырыбы: б дыбысы мен әрпі


Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі



бет3/3
Дата21.07.2020
өлшемі54,68 Kb.
#63610
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:

Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысыны айтылу артикуляциясы,

Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін,

Б –дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдаужасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету.

Б әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. 
3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: Ертегі сабақ.

Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: Суреттер,әріптер.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар қазір бізге қандай сабақ?

- Сауат ашу сабағы.

- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?

Үй тапсырмасын тексеру.

- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т.б.

ІІ.Жаңа сабақ 

Қызығушылығын ояту:

- Балалар, мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін бе?Ендеше тыңдаңдар. 

Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық

әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті

қағып: «Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп ән

саламын»,-дейді.

Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды

алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған

сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,-деді.

Лақтар:


-Естідік!Тыңдадық!Бұл-анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік

дауысымен әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,-деп жауап қатты.

Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін

сұрады.Ісмер таң-тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!-деп әндетті.

Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді

де,лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алдыда, үйіне алып кетті.Ешкі үйіне

келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді. Ешкі басына түскен

қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады. Лақтарын қасқыр алып кеткенін

біліп, қасқырға келеді. Сонда қасқыр:

- Меніңі әр тапсырмамды орындаған сайын, мен саған бір-бірлеп лақтарыңды

қайтарамын.- дейді.

- Ешкі берілген тапсырмаларды орындай алмай қиналыпты. Балалар, ешкіге

көмектесеміз бе?

- Ендеше , қасқырдың бірінші тапсырмасын қарайық. 

1-тапсырма:
Жұмбақтар.
Таусыла ма, қараңдар,
Табиғаттың қызығы?
Суық жақтағы жануар - 
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Үш көзді батыр,


Жол көрсетер батыл
Үш көзі үш түрлі,
Қызыл, сары , жасыл
(Бағдаршам)

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!

- Балық, бақа, бағдаршам сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?

- Б дыбысы.

- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы.

- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.

Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.

Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. 

Б - дыбысының дауыссыз екенін көк текшені көрсету.

-Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба,

2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;

- Жарайсыңдар , балалар біз қасқырымыздың бірінші тапсырмасын орындап, ешкінің

Үш лағын қайтып алдық.

-Енді қасқырдың келесі тапсырмасын қаралық.

2-тапсырма:

Тақтамен жұмыс. 

Тақтадағы суреттерді атап, оларға дыбыстық талдау жасау керек екен. Ендеше

Тақтаға қарайық.

-Ненің суретін көріп тұрмыз, қане кім айтады?

Бөрік- бас киім. 

«Бөрік» сөзінде 3-дауыссыз, 2-дауысты дыбыс бар.

Барабан- музыкалық аспаптың бір түрі.

Міне , балалар біз тағыда ешкінің бір лағын қайтарып алдық. Енді келесі бір

тапсырмасын қарайық. Қандай тапсырма екен?

3.тапсырма. Оқулықта берілген сөздерді қатесіз оқу. 

- Ой, балалар қандай ақылдысыңдар! Қасқырдың берген тапсырмасын бұлжытпай

орындап жатырсыңдар. Ешкінің тағы да бір лағын қайтарып алдық.

5-тапсырма: Оқулықта берілген сөздерді жаз. 

- Балалар , бізге оқулығымызда берілген жазуларды жазуға беріпті, Ендеше қолымызға

қарындашымызды алып, оқулықтағы жазуларды әдемі етіп жазалық. Әйтпесе қасқыр

бізгел ақты қайтарып бермей қояр.

Оқушылардың жазуын қарау, ескертпелер беру. 

- Жақсы балалар , жазуымызды бәрімізде орындадық. Қасқыр бізге лақты қайтарама

екен көрелік. Міне бір лақты қайтарып алдық.

6-тапсырма

- Қасқыр бізбен ойын ойнауға шақырып тұр екен. Ойнаймыз ба?

- Ендеше «Сөз ойласаң , тез ойла» деген ойын ойнаймыз. 

Берілген сызбаға байланысты сөйлем құра! 



- Жарайсыңдар, балалар, міне біздер ешкіге көмектесіп, барлық лақтарын қайтарып

алдық. Ешкі сендерге көп-көп рахмет айтып жатыр. Осылайша ешкі лақтарымен аман-

сау қосылып, бақытты өмір сүріпті.

- Сонда балалар үйде үлкендер жоқ кезде танымайтын адамға есік ашуға болама? 

- Иә, балалар біреудің алдауына түсіп қалмаумыз керек екен! Үлкендердің ақылын

тыңдаумыз керек. 

- Сонымен балалар , бүгін біз қандай дыбыспен таныстық!

- Б дыбысы қандай дыбыс?

- Б дыбысынан кездесетін қандай сөздерді білеміз?

- Өте жақсы балалар, сонымен бүгінгі сабағымызға жақсы қатысқан оқушыларды

бағалаймын. 



- Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!

Сабақ атауы: Б дыбысы және әрпі. 
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға Б дыбысы мен әрпі туралы білімдерін бекіту. 
Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеу, ойлау, іздену қабілетін дамыта отырып, өз ойларын еркін, ашық айта алуға мүмкіндік беру. Көркем жазуға дағдыландыру. Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу. 

Оқыту нәтижелері: Диалогқа түсе отырып, білімін тереңдетуге дағдыландыру. 

Негізгі мақсаттар: 1.Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру. 
2.Өздігінен білім алуға, топ жұмысына белсене араласуға 
қалыптастыру. 
3. Өзін-өзі реттеуге бағдар беру. 
Түйінді идеялар: Сөздерді өз бетімен оқуға дағдыланады. Ұқыпты, сауатты жазуды үйренеді. 
1.Психологиялық ахуал туғызу: 
«Шеңбер құру» 
Мейірімді жүрекпен, 
Ақпейілді тілекпен, 
Амандасып алайық, 
Бір жадырап қалайық! 

2.Үй тапсырмасын тексеру: -Б дыбысы қандай дыбыс? -Б дыбысы сөздің қай жерінде жазылады? 
Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздер білдіреді. 
Өз ойларын толық айтады. 
1 –тапсырма 
Әр топқа жаңа сабақ бойынша тапсырма: 
«Ой қозғау» әдісі арқылы жұмбақ жасыру 

2- тапсырма: Үлкен топ бойынша 
Дидактикалық ойын: «Сөз құра, тез құра» 

Сергіту сәті: «Көңілді күн» биі 

3- тапсырма: «Б» дыбысын топтастыру 

4- тапсырма: Әр топқа жеке тапсырма 
«Ойлан,жұптас,пікірлес» 

Сергіту сәті: 
«Көңілді күн» 

Рефлексия 
І Қызығушылығын ояту: Жұмбақ шешу. 
- Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар: 
1. Қызықтырып әркімді – ақ, 
Суда жүзер жалтылдап. 
Қайсы әріптен басталған
Сол жәндіктің атын тап? 
(Бақа ). 

2. Туа сала жүзеді, 
Суда жүзе біледі. 
(Балапан). 

ІІ Мағынаны тану: - Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар! 
- Балық, бақа, балапан, бағдаршам сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс? 
- Б дыбысы. 
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысының 
2- сабағы 
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық. 
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру. 
Б - дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады. 
Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б - дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету. 
Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату. 
3. Б дыбысы кездесетін сөздермен жүмыс. 
Б дыбысын «Топтастыру». 
үй жануары ----------------- Адамның аты 
(бота) ----------------------------- (Болат) 
Өсімдік -------------------------------- зат 
(бақбақ) ------------ (бағдаршам) 
Жеміс – жидек ---------- жануар 
(банан) ----------------------------- (балық) 

ІІІ Ойтолғаныс: 4 топқа тапсырма: 
4. Топтық жұмыс: Оқулықпен жұмыс: 
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. «Орман » мәтінін кезектесіп, тізбектей оқу. 
Күтілетін нәтиже: 
1.Слайдпен жұмыс. 
2.Электрондық оқулықпен жұмыс 
3. Сөздікпен жұмыс. 
4.Топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салады. 
5. Топтық жүмысқа белсене араласады. 
6. Оқушылар өз-өзін бағалауды үйренеді. 

Дәптермен жұмыс: Б әрпін жазу. Көшіріп жазуға үйрену. Жеке жұмыс 
Формативті бағалау: 1. «Жарық жұлдызша» әдісі бойынша бағалау. 
2. 3 түрлі күн смайликтері бойынша өз –өзін бағалау. 
Үйге тапсырма: Оқу, буындарды жаттау.

Матқа м л а м л о

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет