Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі



бет4/5
Дата08.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#190072
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақ Б.Момышұлы "Ұшқан ұя" 8-сынып
1542213220, Жұбанышев ҚТ, 1 Сутегі атомының сәуле шығару спектрін зерттеу, Пайдаланушы функциялар мен процедураларды оқыту әдістемесі.



минут
қолдану

Ширату жаттығуы: «Иә», «Жоқ»
Мәтінге қатысты сөздер айтылса «Иә» деп қол көтереді, мәтінге қатысты емес болса «Жоқ» деп жауап береді. * Бала Бауыржан * Бақытсыз Жамал * Атасы Имаш * Әкесі Момыш * Ғали –оқымысты * Әкесі Момыш оқып тоқыған адам * Қызтумас әже № 3-тапсырма «Артығын тап» әдісі Мәтіндегі үзінділерден артығын алып тастап, тура және жанама мінездеулерді табу. Мәтіндегі үзінділер: 1. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып аққұбаша ажарлы шықты деп отыратын еді, жарықтық. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті.

  1. Әкемнің кенже інісі мені оң алақанына тік тұрғызып алып, алты қанат үйдің ортасында арлы-берлі жүріп алды. Мен болсам зәре құтым қалмай қорықсам да, тіземді бүкпей қаздиып тұра беріппін. Көкем «Қаз, Қаз» деп өзімен-өзі. Атамның ескі түлкі тымағына отырғызып, мені керегеге іліп қойған да сол көкем ғой. Өзі киізге жайғасып алып, ұзақ уақыт әуестікпен әурелеп еді. 3. Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасында Байтана руынан Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.

Дескриптор: Үзіндіні оқып, артығын алып тастайды * Тура және жанама мінездеулерді табады

Мұғалім оқушы тапсырмаларды орындау деңгейіне бағалады: * Мына топ тапсырманы жақсы орындады, алайда шығармадан нақты дәлелдерді көбірек келтіргенде нұр үсітен нұр болар еді, сол себептен де бұл топқа «От шашу» * Келесі топ жұмысы да жақсы тапсырманы тиянақты орындай білді, сонда да тура және жанама мінездеулерді айқын таба білу керек еді, сол себепті бұл топқа да «Бас бармақ» * Мына топ тапсырманы бұлжытпай дәлелдерді орнымен пайдаланып өте жақсы орындай білді. Сол себептен де бұл топқа «Үздік топ» атауы беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет