Қысқаша мазмұны[өңдеу]
«Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі,жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы ,әлемнің пайда болуы,тірлік,өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.
"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі[өңдеу]
Имаш-Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
Қызтумас –әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
Момыналы –Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.
Рәзия –Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.
Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.
Үбіш –Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.
Серкебай –әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.
Қожамқұл –ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.
Орманқұл –Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.
Повестегі тарихи оқиғалар[өңдеу]
1916 жылы – ұлт азаттық көтеріліс жылы
1917-1918 жылдар – төңкеріс жылдары, "жылан жылы","ашаршылық жылы", "патша құлады", жаңа заман, жаңа заң жайлы айтыла бастады.Жаңаша жер бөліс орнады.Қалың мал жойылды, "әйел теңдігі" туралы айтыла бастады.Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары суреттелді.
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ «ҰШҚАН ҰЯ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА КӨРІНІСТЕРІ
Бұл мақалада этнопедагогикалық, педагогикалық, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып элементтері талданады.
Кілттік сөздер: халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дала философиясы.
Бауыржан Момышұлын әдебиеттің биік тұғырына көтерген шығармасы - «Ұшқан ұя» кітабы. Бұл кітабы үшін ол 1956 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы нағыз ұлттық шығарма.
Жазушы өткен ғасырдың 30 жылын қамтитын үлкен шығарма жазуды жоспарлайды. Алайда ол жүзеге аспаған «Өзі де, сөзі де өткір, батыр Бауыржан «Ұшқан ұя» сынды қазақ халқының өмір тынысын кең, қапысыз қамтып, оймақтайдан сақталып ой түйіп, өн бойына өң шындық тұнған шығарма» деп, - Ә.Қалдыбаев ағамыз дұрыс баға берген.
«Ұшқан ұя» - Бауыржан Момышұлының балалық шағы туралы жазған кесек туындысы. «Ұшқан ұя» сан қырлы, алуан бедерлі, айтарлықтай күрделі шығарма. Бір қарағанда ол анау айтқандай көлемді дүние емес, бірақ «кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» дәл өзі. Бауыржанның өзі оған ен тақпаған, жанр жамамаған, «Біздің отбасы» деген де қойған. Оны орыс тілінен қазақша аударған Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя » деп атаған.
Бауыржанның бұл шығармасы алғаш рет 1956 жылы орыс тілінде Ресейдің Калинин қаласында жарық көрді. Бұл шығарманың ұлттық сипаты оның алғашқы беттерінен-ақ аңғарылады. Бауыржанның атасы Имаштың, әжесі Қызтумастың нағыз қазақы қалпымыздың қалыбынан шыққан. Бауыржанның әжесі «аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен», ал атасы «қазанның түп күйесіндей» қара болыпты. Әжесі немерелерін жиіркенбей сүйетіндей болып туғанын қалап, балаларыны ай көрікті, ақ перизатқа үйлен деген талап қаяды. Содан да ұлының үлкені - Имаш 33 жасында бірақ үйленеді. Қазақ перзентінің бәрін жақсы көрген, бірақ ұл баланың жөні бөлек болған. Әбден күттіріп барып дүниеге төрт қыздан кейін Бауыржан келеді. Одан кейін жоғарыда айтып өткеніміздей Бауыржанға атасы Имаш бата береді. Үш айға толғанда өсиет айтады. Бауыржан Имаш бабасының біріншісін бата, екіншісін өсиет деп біледі. Екеуі де сағынтып дүниеге келген ұлдың жақсы азамат болуына арналып айтылған тілек. Ия, Бауыржан атасының батасы дарып, өсиет-тілегін орындаған азамат болып өседі.
«Ұшқан ұяда» автор ерекше мән берген мәселенің бірі – адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Оны Қабылбек пен Текебай би арасындағы дау-дамай арқылы жеткізеді:
- Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! – депті.
Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі:
- О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болсаң да сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой әттеген ай. Ат шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстіндегі зерлі шапанын шешіп, Текебайдың иығына жауыпты». [1;11]. Көркем өрілген диалогтан суреткер шеберлігі ғана емес, ұлттық болмыстың тұтас бітімі көрінетіндей.
Автор «Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы – тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор ерекше бір тебіреніспен, сүйіспеншілікпен бейнелеген.
Әжесінің әу бастан әкесі Момышқа:
- Әй, қара құл! Мен құдайдан саған ай көрікті ай перизат жолықтырғай деп тілеймін. Тым болмаса, немерелерімді жиіркенбей сүйейін, - деп талап қоюы да еріксіз езу тартқызарлық юморлық стиль.
Әуезді әуенімен әлпештеген әже әлдиі де қаламгердің жүрегінде мәңгілік сақталған.
Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлімнің тектілігінің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қаланғанын жас ұрпаққа өнеге етеді. «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанында құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын» - деп қамығуында терең психологиялық астар бар.
Дала философиясында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясы да осы қастерлі ұғымды үнемі алға ұстайды. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Үлкендерге амандасу рәсімін меңгерту нәтижесінде олардың аузынан бала Бауыржанға «жақсы азамат, жігіт болып қалыпты» деген көтерме баға берудің өзі тек жақсы болуға жетелеу екенін танытады.
Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы. Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі: «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалаға айрықша мән беретұғын. Өзінің бала-немерелеріне, тіпті бізге дейін, Дулатқа дейінгі бабаларымыздың тізімін жазып беріп, жаттап алуды ескертіп отыратын. Енді ойлап қарасам, орыстар арасында айтылатын «Иван безродный» дегені сияқты кейбір тексіз қазақ бола бастағандарды көріп, рухани мәңгүрттіктен сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын» [2] деген пікірі де осы ойымызды қуаттайтыны ақиқат.
Повесте ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміздің көрінісін Үбиянның ұзатылу тойынан аңғарамыз. Автордың балалық көңілмен қабылдаған, өзіне ерекше қызық көрінген «ұрын келу» салты шығармада мөлдіреп тұнық баяндалған.
Жазушы қазақ дәстүріндегі құдалық, құда күтудегі кәде-жоралғылардың жасалу ерекшеліктерін де ерекше мән бере сүйсіне суреттейді: «Базар күні еді. Аюбайдың ауылынан жиырма шақты адам келді. Сөз бастары, жөн бастар, жол сілтері Аюбайдың немере ағасы Оңғарбай деген ақсақал екен».
Аңғал Аюбайдың қыз жеңгелері қойған сыннан өтуі оқырманға еріксіз езу тартқызады. Жұмбақтай сөйлеп, астарлы ой сұраған сауалдың жауабы қарадүрсіндеу болады. «Ай қай жақтан туар екен? – деп күлген бір жеңгесіне Аюбайдың тура жауап бергені бар:
- Кеш батқалы қашан, ендігі ай да шыққан шығар.
Аюбайдың аңғал айтылған адал шындығына біраз келіншектер шиқылдасып күлісіп алды.
- Шолпанның тұрағы қайсы екен, ай мекені қайда екен? – деді енді біреуі.
Аюбайдың жауабы тағы да қарабайыр болды. Тағы да көңілдегі шындығын айтып салды.
- Ай мен Шолпанның тұрағын үйде отырып қалай ажыратайын?
Келіншектер қайтадан күлісті. Аюбай қызарақтап, күйеу жолдасына қарай береді. Қысылғанда көмек сұраған сыңайы бар» [1; 88].
Бұдан кейін оқырман аңғал Аюбайдың қыздармен айтыс кезінде жауап қайтара алмай амалы құрығанын, ақыр соңында оның қылықтарын досы Оңдастың «Ешкімге айта көрмеңдер» деп абдырағанының куәсі болады. Ақ отауға кірген Үбиянға тұрып сәлемдесудің ретін білмеген күйеу жігіттен қалыңдық көңілі әбден қалады. Осы бір сәт жазушының Үбиян аузына салған «қызға сөз салардан бұрын, сөз мәнісін түсінер болар еді. Сөз қадірін ұқпаған, өз қадірін қалай білмек» деген сөзі салмақты ойға жетелейді. Автор Аюбайға айтылған сөздің түп-төркіні отбасылық тәрбиеге тірелетінін аңғартады.
Үбиянның ұзатылар алдындағы ағайын-туманы аралауға аттанғаны да автор назарынан тыс қалмайды: «Тойға екі апта қалғанда Үбиян ағайын-туған, жекжат-жұрағаттармен танысуға аттанады. Әпкемнің қасына екі жігіт, үш келіншек ерді. Байқап отырсам, осынау дәстүрдің үлкен мәні бар екен ғой. Ауылынан аттанып, қызықты дәуренімен қоштасар алдындағы қыздың ең соңғы рет емін-еркін салтанат құруы сияқты екен бұл»[1; 94].
Шығармадағы қалың мал салтының суреттелуі де көңіл аудартпай қоймайды. Бұл салт ХХ ғасыр басында жазылған әдеби туындыларда кертартпалық жағынан суреттеледі. С. Көбеевтің «Қалың мал» романы, С. Торайғыров «Кім жазықты» т.б. көркем шығармалар арқылы бұл салттың кертартпалыққа айналған себептері біршама ашылған. Мұндай салттарды Кеңес үкіметі де өз мүддесіне шебер пайдаланды. Ұлтымыздың ұлттық санасына теріс бағдар беріп, ата дәстүрінен бездіріп, өздеріне қажетті идиологияның аясын кеңейтті.
Жазушы қалыңға алынатын малдың қайда жұмсалатынын түйіндеп көрсетеді. Олардың жасау-жабдыққа жұмсалғандығын суреттейді. Аяулы әжесі «табақ-аяқ, көрпе-төсек, жасау-жабдықтарын түгендеп, ине-жіпке дейін қалдырмаймын деген сөздерін баяндай келе «қалыңмал қанша көбейсе де, қорамызға тұяқ қосылмай, азая берді. Бәрі жасау-жабдыққа жаратылып жатыр еді»[1; 96]. Осы шығарманы оқығанда, қызын сатып, байып жатқан қазақты емес, болашақ перзентінің қамын ойлаған адал азаматты көреміз. Жас үйленген отбасы үшін қалыңмал дәстүрінің қаншалықты маңызды болғанын көре аламыз. Ұрпақ санасына теріс түсіндіріліп келген бұл салттың шынай мәні тек «Ұшқан ұяда» ғана ашық та айқын анықталған.
Әрине, қаламгер тарапынан қалың мал рәсімінің қазақ тұрмысының келеңсіздігіне де баға беріледі. Жазушы өз көзімен көрген, бұл дәстүрдің кері кері әсерін Зәрипа тағдыры арқылы шығармаға арқау еткен.
Көнеден келе жатқан халықтың салт-дәстүрінің бірі – ұзатылар қыздың отауын тігу: «Жасау-жабдық түгелденіп болған соң әпкемді ертіп келді. Ауылдың үлкен жеңгесі алдынан қарсы алып, қолтықтады да отауға қарай беттеді. Осы сәтте әйелдердің толқуында шек жоқ еді. Бәрі қыбырсыз тына қалды. Демдерін іштеріне тартып салтанатты сәт күткендей кейбіреуі көзіне жас алып жатыр. Әлгі үлкен жеңгеміз босағаға жақындағанда Үбиянға тіл қатты:
- Отауыңа оң сәт тілеп, есігін аштырғалы тұрмыз, еркежан. Отауың бақытқа толсын, иелері қайғысыз болсын. Даусы біртүрлі қалтырап шықты» [1; 95].
Қазақ дәстүрінде ұзатылар қыздың киіміне де ерекше мән берілген. Қалыңдық киімі он саусағынан өнері тамған ауыл шеберлерінің қолынан шығады. Қаламгер оқырман назарын ұзатылып бара жатқан Үбиянға дайындалған киім арқылы ұлттық киіміміздің куә-сырына қанықтыруды мақсат еткені байқалады: «Раушан түстес бүрме етек көйлекті кигенде әпкемді танымай қалдым. Керемет жарасымды екен. Көйлек сыртынан қынамабел көкбарқыт бешпет киді. Құндыз бөркінің төбесінде үкі желбірейді. Қос бұрымының ұшынан күміс тамшы төгілгендей, арқасында әсем шолпы сылдырайды. Аяғында биік өкше оюлы етік. Мойны моншаққа толы, кеудесін алқа көмкеріп тұр. Аппақ білегінде қос-қостан күміс білезік. Саусақтары сақинамен безенген. Тырнағына аздап сүрме жаққандай көрінді»[1; 95]. Кейіпкер портретін жасаудағы шеберлік жалаң емес, ой, толғамға толы. Оның арғы жағында ұлттық дәстүрге деген терең сүйіспеншілік байқалады.
Автор руханият үлгілерінен алыстап бара жатқан ұрпақ тағдырына алаңдаушылық білдіреді. Ұлт діңгегіне түскен жегі құрт - орыстандыру саясатының қатерлі сипат ала бастағанынан қауіп етеді. Елді елдігінен, ағайынды адалдығынан айыруға бағытталған зымиян саясатты ішпен біліп, сезіп аймақтық жергілікті диалект сөздерді де орынды қолданады.
Повестегі автор шеберлігін танытатын тағы бір тұс – Үбиянды ұзату тойы. Әдетте, қыз ұзату тойы екі жақтың құдаласуы бітіп, қалың мал аяқталған кезде келісіммен жасалады.
Үбиян тойынан оқырман ойын-сауыққа арналған көңілашарды ғана емес, ғасырлардан ғасырларға дәстүрлі жалғастығын бұзбай, ұрпақ санасының сарасынан сарапталған мәдени құндылықты көреді. «Отбасылық ғұрып фольклоры» атты еңбегінде зерттеуші-ғалым К.Мәтіжанұлы: «Қазақтың тойы дала төсіндегі үлкен сахнаны елестетеді. Ондағы әрбір адамның, құда-құдағидан бастап, шақырылған қонақтарға дейін өз мәртебесі, белгіленген орындары мен өз рөлдері бар. Күнделікті тіршіліктің ресми заңдары мен қағидалары мұнда жүрмейді, ол- мерекенің, тойдың ежелден қалыптасқан сөз қағидасына бағынады» деген тұжырым жасайды.
Екі жастың неке қиюына куәлік беру дәстүрі – имандылыққа шақырар танымға негізделген. Күйеуге тән иба, «мұрын астынан сөйлейтін» күйеу бала Аюбай бейнесі, қолапайсыз тірлігі юморлық штрихтар арқылы әдіптеледі. Қазіргі таңда мүлдем ұмтыла бастаған көне дәстүрдің бірі – «жар салу» дәстүрі де Өтеп бейнесі арқылы ашылған.
Ойымызды қорыта келсек, Б. Момышұлының дәстүрдің озығын қайта әкелудегі, жаңғыртудағы әрекеті осы «Ұшқан ұя» повесі арқылы өрбігенін аңғарамыз. Әрбір оқиға мен жағдайларды кейіпкерлерінің іс-әрекетімен бейнелеуде көркемдік-эстетикалық көпқырлықты байқатады. Осының бәрі жазушының ерекшк шеберлігін, стильдік ұтымдығын дәлелдеп, көркемдіктің ең биік деңгейінен көрсетеді.
Тұтастай алғанда, Б.Момышұлы шығармашылығы адам мен оның еңбегін биік бағалайтын, өмір, уақыт талаптарын адал атқарып, әділеттілік тұрғысынан жүзеге асыратын елдік пен ерлікке тәрбиелейтін тағылымды туындылар болып табылады.
Асылы, адамтану ісіне үлес қосу аса күрделі, ғибратты еңбек болып табылады. Б.Момышұлының адамға қызметі, елге, жерге құрметі, Отанға, майдандас жауынгерлеріне адалдығы, елдік пен ерлікке тәрбиелейтін туындылары осы реттен де бедерлі,
Оқырмандар конференциясы
Баяндамашы
Жазушының өмірі ,шығармашылығы.
Әдебиетші
«Ұшқан ұя»әңгімесінің көркемдік ерекшелігі
Құрастырушы Оқиға желісі бойынша күрделі сұрақтар қою
Зерттеуші Бауыржан тұлғасы бүгінгі күнде
Бейнелеуші Шығармашылық тапсырма суретпен бейнелеу.
Сабақ (2 )
|
Қазақ әдебиеті
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Б. Момышұлы. «Ұшқан ұя» әңгімесі.
|
|
Күні
|
|
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
|
Мектеп:
|
«М. Төлебаев атындағы орта мектебі»КММ
|
|
Бөлім атауы
|
Махаббат және абырой
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
А/И: 8.2.2.1. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.Б/С: 8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы орындай алады: Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінің мазмұнын айта алады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады, әңгімеде көтерілген мәселе бойынша өз ойын айта алады.Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, талдау жасай алады, жаңашылдығына баға бере отырып, ойтолғау жаза алады.
|
|
Бағалау критерийлері
|
Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау, әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінің мазмұнын айтады, сұрақтарға жауап береді, әңгімедегі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды, әңгімеде көтерілген мәселе бойынша өз ойын айтады, әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып талдау жасайды, жаңашылдығына баға бере отырып, ойтолғау жазады.
|
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көз қарығар,балғын көзге, рухани мүгедек, тұнжыр бұлт, иін тіресіп, тіс сақылдатады.
|
|
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ақ шоқылар, киіз үй, мейірімді жандар, әже құшағы, бесік жыры, әке тәрбиесі ұшқан ұя, ел тану.
|
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Жазушы әже образын қалай бейнелеген?2.Әже образын бейнелейтін үзінділерді тауып, мағынасын ашыңдар?3.«Тәрбие -тал бесіктен» деген нақыл сөзге көзқарасыңыз қандай?4.«Ертексіз өскен бала –рухани мүгедек» деген сөздің мәнін қалай түсіндіре аласың?
|
|
|
Ишара: қошеметтеу, мадақтау.
|
|
Алдыңғы оқу:
|
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі
|
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Қазақстандық патриотизм
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, қазақ тілі
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (7мин)
|
І Ұйымдастыру кезеңі1..Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуына назар аудару.(1 мин)ІІ «Өзіме, көршіме» әдісі арқылы психологиялық жағымды ахуал орнату. (2 мин)Орындалу шарты : Қима қағазға тілек, арманыңды жазып, сол қолға ұстап, өзіңнің оң қолыңа бересің, алақаныңмен көршіңнің алақанына салу.Мұғалімнің түйінді сөзі: Жүрекке жағымды жылы лебізді өзіңе де, алақаныңмен көршіңе де тілеу. Әрдайым жүрегіңмен жақсы тілек тілеп жүру.ІІІ.Топқа бөлу. «Асық таңдау» әдісі арқылы жүзеге асады.Қоржынның ішіндегі асықтарды алады, асықта белгіленген сандарға байланысты топқа бөлінеді.І топ. «Даналар» тобыІІ топ «Сөз шеберлері» тобыІІІ топ «Ойшылдар» тобыІV.Үй тапсырмасын сұрау «Ыстық орындық» әдісі арқылы орындалады. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.Дескриптор:-Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінің мазмұнын біледі.-Сұрақтарға жауап береді.ҚБ : «Жұлдызша» арқылы бағаланады.
|
Интербелсенді тақта, түрлі-түсті қима қағаздар.
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Мектеп» баспасы, 2018 ж. 85 бет.
Қоржынға салынған асық
|
Сабақтың ортасы (25 мин)
|
Сабақтың ортасында «Ұшқан ұя» -этнографиялық бояуы қалың ғұмырбаяндық туынды. Онда ұлттық келбет, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар анық көрінеді. Шығармадан болашақ батырдың балалық шағы, өскен ортасы туралы толық мәлімет аламыз. І тапсырма. Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас» әдісі арқылы орындалады. Әңгіме мәтінінен ұлттық тәрбие, салт-дәстүрге, туған жерге қатысты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін табу, тілдік талдау жасау.Орындалу шарты: жұп құра отырып әңгіме мәтінінен нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді теріп жазады, мағынасын түсіндіреді.Дескриптор:- Әңгіме мәтінінен ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге, туған жерге қатысты нақыл сөздерді , мақал-мәтелдерді , тұрақты сөз тіркестерін таба алады.-Мәнін ашады, тілдік талдау жасай алады.ҚБ. «Жұлдызша» арқылы бағаланады. ІІ тапсырма. Топтық жұмыс. «Жылдам дебат» әдісі арқылы орындалады. Электронды бесік жыры мен баланың өз ата-анасының айтатын бесік жырының арасында айырмашылық бола ма? деген сұрақ төңірегінде ойларын салыстыра отырып дәлелдеп, нақты көзқарастарын білдіру.Орындалу шарты:1-топ-жақтаушы тарап, өз анасының айтатын бесік жырының өзіндік құндылығын айтады.2-топ- даттаушы тарап, электронды бесік жырының тиімділігі мен ерекшелігін айтып, жақтаушы тараптың пікірін теріске шығарады.3-топ бағалаушы болады. Олар 5 критерий бойынша бағалау жүргізеді:
Тақырыптың ашылуы;
Дәлелдер мен фактілердің келтірілуі;
Сөйлеушінің сөз саптауы;
Уақытты тиімді пайдалануы;
Өзін-өзі ұстауы.Дескриптор:-Айырмашылықтарын таба алады; - Нақты көзқарасын білдіре алады.ҚБ. «Жұлдызша» арқылы бағаланады.
ІІІ тапсырма. Жазылым. Жеке жұмыс. «Кейіпкерге хат» әдісі арқылы орындалады.«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» тақырыбына әңгіме авторына хат үлгісінде шағын ойтолғау жазу.Дескриптор:-Ойын тұжырымдай алады - Авторға хат үлгісінде шағын ойтолғау жаза алады. ҚБ. «Жұлдызша» арқылы бағаланады.Сергіту сәтінде Қарақат Әбілдинаның «Әлди жырына» қосылып,бірге әуенімен шырқайды. ІV тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 5-тапсырма. Әңгімедегі құндылықтарды тауып, оларды материалдық және рухани құндылықтарға жіктеу.
Дескриптор:-Әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды таба алады;-Оларды материалдық және рухани құндылықтарға жіктей алады.ҚБ: «Жұлдызша» арқылы бағаланады.
|
Қарақат Әбілдинаның «Әлди жыры
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Мектеп» баспасы, 2018 ж. 92 бет.
|
Сабақтың соңы ( 8 мин)
|
Кері байланыс. « Парталас көршіңе пікір» әдісімен жүзеге асырылады.Орындалу шарты:-Жарайсың!-Сенің сабақтағы жұмысыңа ризамын.-Сен бұдан да жақсырақ жұмыс істей алар едің, саған ұсынысым.... Үйге тапсырма: Оқулықтағы 2-тапсырма Б.Момышұлының әкесінен алған тәрбиесінің ерекшелігіне тоқталып, өз көзқарасын жазу. Рефлексия « Пирамида» әдісімен жүзеге асырылады.Орындалу шарты:1.Есте сақтау керек бір маңызды мәлімет.2. Менің көбірек білгім келетін екі мәлімет.3.Мен білген үш мәлімет.4. Мен үйренген төрт мәлімет.
|
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Мектеп» баспасы, 2018 ж. 92 бет.
|
Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Сабақ барысында қабілетті оқушыларға тапсырмалар түрлендіріліп ұсынылды. Жеке жұмыстаоқушылар «Кейіпкерге хат» тапсырмасын орындады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбында ойтолғау жазды. Топтық жұмыста «Жылдам дебат» әдісі бойынша жақтаушы, даттаушы тараптан пікірталасқа түсті. Жұппен жұмыста «Ойлан, жұптас» әдістері арқылы оқушылардың ынта-жігерін арттырып отырдым.
|
Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесінің мазмұнын айтты, сұрақтарға жауап берді, әңгімедегі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдады, әңгімеде көтерілген мәселе бойынша өз ойын айтты, әңгімедегі материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, талдау жасады, жаңашылдығына баға бере отырып, ойтолғау жазды.Қалыптастырушы бағалау әр тапсырма сайын орындалып отырылды.
|
1.Пәнаралық байланысҚазақстан тарихы, қазақ тілі, өзін-өзі тану пәндерімен пәнаралық байланыс болды.
2.Денсаулық және қауіпсіздікДенсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды.
3. АКТ-мен байланыс Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізілді.
4.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Қазақстандық патриотизм бағдары сабақтың тәрбиелік элементі болып танылды.
|
|
|
|
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар нені білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
|
|
|
« Разия анашым» «Қызтумас әже»,
«Үбиан әпке»,
«Әлиман әпке»
«атасы Имаш» «әкесі Момыш»
«Төлебай - Момыштың ағасы»
«Момынқұл- Момыштың інісі» Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды. Қайта үзік-үзік үміттің өзінен рақат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз алдымда сонау сәби кездегі қызық пен қуаныштың елестері түйдек-түйдек жаңғырығып, жанымды жай таптырмай отыр». Баукеңнің осынау тебіреніске толы көңіл күйі менің жан дүниемді зілзалаға салып отыр десем, өмірдің ащы-тұщысынан немесе тәтті-дәмдісінен аузы уылған біраз адамдар кекесінмен сүле-сапа, қыжырта қабылдарына күмәнданбаймын. Балғын балалық шағын өткен ғасырдың 20-50-ші жылдар аралығындағы қан-қасап қырғындар мен ашаршылықта, үрей мен кіріптарлықта, аштық пен жоқшылықта өткізген бақытсыз ұрпақтың қиянға құлаш ұрар әсершіл періште сезімге бөленген қымбатты естеліктері, әрине, тапшы болды. Ал бүгінгі жастардың болашағына алаңдаған Баукеңнің: «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам, менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі керең болып қалмаса деп қорқамын», деп қауіп етуге толық қақысы болғанын ендігі жерде дәлелдеп тыраштанудың жөні болмас. Ел қамқоры, ұлт жанашыры Баукеңдердің ұлағатты сөздерін жадында жаңғыртқан Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халқына арнау сөзін «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» толғаныспен бастағаны тегін емес еді. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды... Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын». Ата дәстүрден, ана-әже құшағынан аулақ өсіп ержеткен, соның салдарынан күн санап көбейіп бара жатқан көкек әке-шешелермен және тасбауыр, өзімшіл, қатыгез де аяуды білмейтін ұрпақпен бетпе-бет келіп отырмыз. Еуропа мен Американы пір тұтып, «адам құқын» жалаулатқан саясаткерсымақтар осындай сын сағаттарда да қаны сорғалаған шындықты мойындағысы келмей далбасалап, қайдағы бір «жасөспірім балалар құқығын қорғау», «жалғыз басты аналар құқығын қорғау» және гендерлік саясатты қолдауды жалаулатып, үйден, бала-шаға тәрбиесінен аулақтатып, баяғы «Қызыл отаудан» жұлқынып шыққан Күлтайлар мен Алмаларды мінбелер мен мәртебелі орындарға сүйрелегеннен не табарымызды ойлаған кім бар? Осылардың, тағы басқа да әлеуметтік, тілдік, ділдік және діндік азғындаулардың кесапаты қорқынышты-ақ. Осындайда Бауыржан Момышұлының өкініш пен өкпе-ренішке толы жоғарыдағы базынасы, ұлтқа, отағалары мен отаналарына айтқан аманаты еске түсіп, батыр Баукеңді ұлттың – қазақтың қамқор да батагөй атасы болғанын әлі толық түсініп, танып, әспеттей алмаған екенбіз-ау деп қынжылғандай болады екенсің. Баукеңе тағдыр сыйлаған жауынгерлік-қолбасылық һәм шығармашылық ғұмырдың соншама мағыналы да жемісті болуының ішкі себептері мен қайнар көздеріне назар аударар болсақ, бала Баукеңнің сүйікті әжесі Қыздығой мен Имаш атаны, Момыш пен нағашысы Серікбайлар бастаған аса көргенді, тәрбиелі, айрандай ұйыған тамаша нақ қазақы отбасын – қырандарды көкке самғатқан қастерлі ұшқан ұясының қасиетін атаймыз. Бауыржан Момышұлы деген ұлы тұлғаға тән өмір шындығы бар болмыс-бітімімен ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дейтін дала философияда жатқанын, ата-әже, әке-шеше, нағашы жұрт дейтін үш тұғырға барып тірелетінін әлі күнге сезбейтін тәріздіміз. Батыр Бауыржан өзін де, әкесін де, жаратушы Алланы да атасы Имаш пен әжесі Қыздығойдың бесік жырымен, күнделікті үлгі-өнегеге толы парасатты ақыл-кеңестерімен, нақтылы іс-әрекеттерімен қордаланған имани тәлім-тәрбиесі арқылы танып-біліп барып қазақтың мақтанышына айналып, ұлт төріне көтерілген болатын. Ендеше «Ұшқан ұядан» алар тағылым, үлгі-өнегенің бүгінгі әр елдің догмалық педагогикасы мен тәлім-тәрбиесі дегендерге еліктеп-солықтаған реформашыл оқымыстыларға, жылда ауысып жататын шенеунік басшыларға берері ұшан-теңіз екенін оларға қалай ұқтырамыз? «Ұшар ұя» түзелмей қазақтың түлемейтінін қашан ұғынамыз, ағайын? Момынқұлдай жер-көкке сыймай аласұрып жүрген албырт жасты тезге салып, жөн көрсетер Серікбайдай әділ де қатал нағашылардың жоқтығынан қазақ баласы шынымен кежегесі кейіндеп бара жатқанын несін, кімнен жасыра аламыз? Қайран оқымаған данышпан Қыздықой әженің Күн мен Ай, жел мен су және жарқанат жөнінде немерелеріне айтып берген аңыз-ертегілердің түйінін Баукең әжесінің: «Балаларым, жақсылыққа жамандықпен жауап бермеңдер. Жақсылықтың өтеуі де жақсылық болсын» дейтін өсиетінен өрбітіп, «Біз осылай үлкендерден ғибрат алып өсіп едік. Ал үлкендердің әр өсиеті – өнер мен өнегенің ең шыңы ғой», деп әспеттейді. Баукең ұшқан ұядан бүгінгі ұрпақ алар тағылымның бір парасы ауыл мен ағайын арасындағы дау-дамайды, телі мен тентекті қалай тектеп қандай шешім қабылдап келгенінен өрбіп жатса керек. Егер де әр ауылда, әр әулетте телі мен тентегін тыйып, қатаң жазалай алатын Серікбайдай нағашысы, Бабастай туған інісін «қасқалап» араларынан аластап жібере алатын намысқой азаматтар болғанда бүгінгідей имансыз, арсыз, аяуды білмейтін қанды қол ұрпақ тайраңдап жүре алмас еді-ау! Ендеше қадірменді Баукең аса тебіреніспен жазып кеткен мына жолдарды оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік. «Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйініп қаһарға мінген екен. Қабаштың шашын ұстарамен қырыпты. Сонан соң құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайдан сол самайына дейін тіледі. Басына жарғақ тымақ, үстіне айналдырған тон кигізеді де қолына таяқ ұстатады. – Енді қайда барсаң онда бар. Сендей арам ағайыннан адал арым артық, – деп теріс батасын беріп, қоныстан аластап шығарған екен. Ол заманда қарғыстың ауыры «теріс бата», жазаның үлкені «қасқа» етіп әйгілеп, елден қуып қаңғытып жіберу болыпты ғой». Туған інісіне осынша ауыр жаза тарттыруға итермелеген нәрсе ұрланған бір аттың күллі бір ауылды «қарақшылар қонысы», «ұрының ұясы», «алаяқтар ауылы» атандыруы болатын. Ал бүгінгі Бабастар бүгінгі Қабастарды шаштаразда отырғандай алдына алып отырып «қасқалап» тұрып елден аластамақ түгіл, бетіне қарап сөйлей ала ма? Өз кінәсін мойындап, «қасқаланған» күйімен елден кетуге дәті мен ұяты жеткен Қабастардан айналып кетпейсің бе? Оның үстіне жатжұртта тентіреп жүрсе де ұрпағына елін, жерін ұмыттырмай, үрім-бұтағын туған-туыстарымен қауыштырған Қабастардан айналып кетпейсің бе?!! Қазақтың Бауыржандар өскен ұясы әлдеқашан бұзылып, бесігі әдірем қалған, мына «өркениеттер қақтығысы» апшысын қуырып, есін шығарып жатқан заманда ұлттық, мемлекеттік идеология тұтқасын ұстап отырған билік иелерінің пәрменді іс-әрекеттері, нақты қамқорлығы ауадай қажет емес пе? Бүгінгі әр қазақ анық ел боламын десе, Баукеңнің «Ұшқан ұясын» оқып, тағылым-тәрбие алсын, әр отағасы мен отанасы өз отбасы, ұрпақ тәрбиелеп отырған ұяшығы туралы ойлансын дегім келеді. 70 жылдық социализмнен не таптық, неден айырылдық, енді не істеуіміз керек деген сұрақтың жауабын іздеуіміз керек болады. Баукеңнің «әйел теңдігі», «қалың мал жойылады», «қыздар сүйген жігітіне шығады», деген сөздерді қазақтар қалай қабылдағаны туралы әсері де бүгінгі нақты өмірді басынан өткеріп отырған әр қазақты ойландырса керек еді. Басқа үлкен-кішілер мен қыздар жағын былай қойғанда, қадірменді Қыздығой әжесінің ашу-ызаға толы мына сөздерінде тарихи һәм ақиқи шындық та жатқан сияқты. «Қалың мал деген ата-бабамыздың салып кеткен жолы ғой, қашаннан қалыптасқан кәдеміз емес пе? ...Қалың малсыз өзге босағаны аттаған қызда қандай қасиет бар дейсің? Құны жоқ қызды кім сыйламақ? Ондай қызды байлары тегін алып, тегін қуып жібермей ме? Өз аяғымен келіп, өз аяғымен кетті деген сөз болмай ма?». Мәліметтерге сенер болсақ, соңғы жылдары отау құрғандардың 49-51 пайызы ажырасып кетеді екен, ал отырып қалған кәрі қыздар мен жалғыз басты жесірлер жарты миллион шамасын құраса керек. Жат діндер жетегінде жүргендер мен шетелдіктерге күйеуге кетіп қаңғырып қалғандар қаншама? Қазақ қазақ болғалы көрмек түгілі атын естімеген «түнгі көбелектер» мен қонақүй, сауналарда тәнін сатып жүргендердің санын кім түгендепті. Сонда біздің көзсіз еліктеп, өкпеміз өше ентіге жүргізіп келген «әйел теңдігі» мен гендерлік саясатымыздың қазаққа бергені мен алғанының аралығындағы аспан мен жердей алшақтықты кім жоймақ? Баукеңнің Қыздығой әжесінше айтсақ, «құны жоқ» қызды кім сыйламақ?! ...Өз аяғымен келіп, өз аяғымен кетіпті деуге мәжбүр болмаймыз ба? Қазақы салт-дәстүрді, ата-бабадан қалған отбасылық жол-жоралғыларды, ұрпақ өсіп-өнетін «ұшқан ұяны» көзге ілмейтін «өркениетшіл зиялысымақтар» ұлттық қадір-қасиетімізден жұрдай дүбәралардың аянышты тағдырына қалай қарайтыны айтпаса да түсінікті. «Бұқа кімдікі болса, оныкі болсын, бұзау өзімдікі» дейтін хайуани тірлікті қанағат тұтуға тура келгені ме? Тоқал алуды, шетелге бала сатуды, жетімханалар мен қарттар үйін көптеп салуды заңдастырғысы келетін «қамқорлар» бейәдеп баспасөз түгіл, арагідік Парламент мінбесінен дауыс көтеріп жүргенін қалай түсінуге болады? Баукеңнің өмірінің көбін ормандай тұтасқан славян тектілер арасында, қатал әскери тәртіппен өткізген гвардия полковнигінің тәнті етер тағы бір қыры – оның қаймағы бұзылмаған қазақы салт-дәстүрге соншама жетіктігі ғана емес, туған халқына деген махаббаты мен адалдығы, айрықша ізет-құрметі. Баукеңнің «Иә, қазекем жаңа келген нәрестеге жан-тәнімен қуана да білетін, қазаға қалың жұрт боп қайғыра да білетін халық қой, шіркін» деген жүрекжарды сөзі осыған дейінгі қуаныш пен қайғылы қазаны түйіндеп, жаңа мазмұнға жол ашады. Батыр Баукең қай тақырыпқа барса да туған халқының асыл қасиеттерін асқақтатып, ерекше тебіреніспен төгілте жазады. Батыр мен балуанға арналған мына жолдарды келер күннен үміті зор қазағым қалай қабылдарын өзі білер. Қауіп-қатерге толы өмір жолында қазекем «үнемі... ерлікті аңсайды. Биікке құмартады, жеңіске құлшынады. Бұл ретте халқымның мінезі бәйгенің сәйгүлігіне, даланың дауылпаз сұңқарына ұқсайды. Әр қазақтың ат десе алғыр, құс десе арқасы қозып тұратыны да содан болса керек. Астындағы аты үшін небір қияметке де көнуге бар. «Ол ешқашан атсыз қалып «қу томар» атанғысы келмейді». «Жүйрік ат аяғынан қалады», «сұңқар қанатынан қалады. Егер жігіт осы екеуінен де мақрұм болса, онда ол, ер атаулының санатынан қалады, халқымыз осылай намысқа тырысып өскен. Өйткені «атсыз ер, қанатсыз құспен тең», «жаяу қалсаң жау қолына түскенің, сан қорлықтың запыранын ішкенің». Қадірлі замандастарым, «Ұшқан ұяны» оқи отырып, одан тапқан тағылымдық, танымдық ой-пікірлерімді өздеріңізбен бөлісіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың барша Алаш перзенттерін рухани жаңғыруға шақырған ұлағатты сөзіне қолдау көрсету баршамыздың азаматтық борышымыз екенін тағы да қаперлеріңізге саламын.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/164436-ushqan-uya-ulaghaty
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!
Достарыңызбен бөлісу: |