Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды? Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі149,93 Kb.
түріСабақ
Қарағанды облысы

Жаңаарқа ауданы

№132 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы

Пән:Әдебиеттік оқу

Сыныбы:4- сынып

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, мәнерлеп саналы оқу дағдыларына машықтандыра түсу, қызығушылығын ояту, белсенді ,ынталы оқытуға үйрету.


Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету. Сөздік қорын молайта отырып, сөйлеуге машықтандыру.


Тәрбиелік: Адам бойындағы жақсыны үйреніп, жаманнан жиреніуге, табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың ұйымдастыру формасы: жекелей, топтық және ұжымдық оқу.
Көрнекіліктері: оқулық, слайдтар, портреттер, ағаш түрлері, оқушылар шығармалары.
Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт
Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Компас «Сиқырлы сурет» ойыны сұрақтын артында табиғаттың суреті орналасады.

  • Қанатқа компасты кім сыйлады?

  • Қанат компасты кімдерге көрсеті?

  • Компас қалай түсіп қалды?

  • Бодан компасты не істеді?

Сұрақтарға жауап беру арқылы табиғат көрінісін шығару.

Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ертеден ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Сендерге белгілі ішетін тағам, киетін киіміміз, оқитын кітабымыз, қағаз, дәрі-дәрмек, тыныс алар ауа, ішер су бәрін-бәрін жомарт табиғат бізге сыйға берген.

Тірі табиғатымыздың бірі өсімдіктер.Ендеше Б.Соқпақбаевтың

«Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесімен танысып көрелік

Шынында, ағаштарға не болды екен?

Автор туралы шағын мағлұмат беру

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосы) — қазақ жазушысы. "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жүлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазакфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б.Соқпақбаев "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958), "Әпенденің айласы" (1960), "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. “Менің атым Қожа”, “Балалық шаққа саяхат”, “Бозтөбеде бір қыз бар”, “Өлгендер қайтып келмейді” және “Қайдасың, Гауһар” секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивальінде “Менің атым Қожа” фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
ІІІ.Жаңа сабақ

1.Оқушылардың оқуы.

2. Нақты сұрақ-нақты жауап.


  • Әңгімедегі басты кейіпкер кім?

  • Алмабектің жіберген кемшілігі неде?

  • Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?

  • Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?

  • Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?

Мәтінді қорыту.

Автор Алмабек сияқты жауапкершілігі жоқ баланы сынап, бізді табиғатты сүюге үйретіп отыр.


А)Мазмұнын айтқызу

Ә)Автордың идеясы қандай?

Б)Жоспар құрып көрелік
Жоспар

1.Ағаш отырғызу апталығы.

2.Алмабек отырғызған ағаштар.

3.Орманға жеткен хабар.

4.Алмабекке берілген жаза.

5.Түзелген кемшілік.




  • Ағаш көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, оттегі газын шығарады.

  • Қағаз

  • Отын

  • Үй жиһазы

  • Құрылыс материалы

  • түрлі аспаптар

  • Қандай ағаштар туралы айтылған?


Емен - жапырақ тастайтын мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.
Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді. Табиғатта қайыңның 140 түрі бар. Елімізде оның көптеген түрлері кездеседі. Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара майы мен С дәрумені бар. Шырынын сусын ретінде пайдаланады. Қайыңнан жоғары сапалы шаңғы мен шере жасалынады. Тез шіріп кететіндіктен құрылыста аз қолданылады. Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады.

Алмабектің Жас ағашты уақытылы суармайды

айыбы Түбін қобсытпады

жалқаулық

Өзгелерден үйренгісі келмеді

Дәптермен жұмыс

1.... еңбегімен озады. (ер)

... езілумен тозады.(еріншек)
2. ... ертеңі бітпейді.

Мына сызбаға сүйеніп,Б. Соқпақбаев шығармаларына талдау жасап көрейік.
Автор Бердібек Соқпақбаев

Шығармаларының аттары Менің атым-Қожа, Компас, Ағаштар неге ашуланды?

Басты кейіпкерлері Жантас,Қожаберген, Жанар,Бодан, Қанат, Алмабек

Топтық жұмыс

І топ

РАФТ әдісі бойынша кейіпкерге хат жазу.
ІІ топ Біз табиғатқа қалай қызмет етеміз? 

Жауабы .Біз табиғатты гүлдендіремін, шөлді даланы жасанды сулар тартып көркейтеміз.




Қорытынды

Білемін

Білгім келеді

Мен үшін жаңа ақпарат












Бағалау

Үйге Б.Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды? әңгімелеу

Жүректен жүрекке

Батыр болған бабамнан,

Ел қорғауды үйренгем.

Ару болған анамнан,

Ар қорғауды үйренгем.

Ұшып шыққан ұям деп,



Жер қорғауды үйренгем.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу