Оқылым алды тапсырмасы
1-тапсырма . С.
Бағдаршамның тарихы
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер - механигі Джей Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. 1869 жылы газды бағдаршам жарылып, жақын тұрған полиция сақшысы зақым алады. Содан бағдаршам біраз уақыт ұмыт қалған.
Бағдаршам тек 1914 жылы тамыз айының 5-і күні Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Осы күн «Халықаралық бағдаршам күні» болып тойланады. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. Бір түстен екінші түске ауысқанда дыбыс шығаратын болған. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.
Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды.
Алматыдағы алғашқы бағдаршам 1938ж Қызыл әскер Панфилов және Гоголь көшелерінде орнатылды. Бұрынырақ Алматыда 2 автомобиль болған. Бағдаршам пайда болғаннан бастап, жолда тәртіп сақтала бастайды. 1938ж көшелерде 11 бағдаршам қойылып, жолдар реттелді. Қазір қалада мыңнан асады. Электронды бағдаршамдар пайда болды. Алғашқысы Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінде және Райымбек көшелерінде қойылды.
Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды.
Ақпаратпен танысады.
ҚБ «Мадақ сөз» әдісі (жақсы, керемет)
2-тапсырма. ТЖ.
1 - топ.Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтап, хронологиялық кесте жасайды.
2 –топ. Бағдаршамның пайдасын «Кластер» әдісімен түсіндіреді.
3-топ. Мәтіннің стилін анықтап талдайды.
Талдау түрі
|
Жауап үлгісі
|
Формасы бойынша (ауызша, жазбаша)
|
|
Мәтін түрлері
|
|
Жанры
|
|
Мақсаты:
|
|
Көзделген аудитория:
|
|
Мазмұны:
|
|
Стиль
|
|
Тілі
А) мәтіндік деңгейде
Ә) сөйлемдік деңгейде
Б) сөз қолданыс деңгейі
|
|
Дескриптор.
Хронологиялық кесте құрастырады;
Бағдаршамның пайдасын анықтайды;
Мәтіннің стилін, ерекшелігін табады.
Бағалау «Смайлик»
Сергіту «Бағдаршам» ойыны
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
3-тапсырма.
«Сөздік гол» ойыны.
Тапсырма. Сыныптың әр бұрышына жасырылған сөздерді табыңыздар. Тапқан сөзді есіңізде сақтап, берілген кестені толтырыңыз. Бірінші аяқтаған топ «Гол» деген белгі беріңіз.
Ең соңында бірінші жеңіске жеткен топ анықталады. Топта өзара тексеруді жүзеге асырады.
І топ: Үлкен, кең, жол, ақылды, сұлу, бас, үстел, алғашқы, бағдаршам, жол сақшысы, жылдар, қызыл,сары, жасыл, тоқта, аялда, белгі, сөзшең,сулы.
ІІ топ: жалпақ, жолақ, сымдай, балалар, тақта, жүгір, тоқсан, қала, тұщы, кермек, тақтай, қап, тершең, байсалды, ала, жақсы, жаман,машина,ақ,көк
ІІІ топ: бұлақ, күн, тұщы, жұпар, таяқ, қоңыр,торпақтай, ұзын, әсем,сұлу,
Кіршең,гүлдей, жаман, жүгір, демал,қайшы,қалам,қылықты, келбетті,бояу,уһ
Негізгі сын есім
|
Туынды сын есім
|
Үлкен,кең,сұлу,қызыл,сары,жасыл,
|
Ақылды,алғашқы, сөзшең,сулы
|
Жалпақ,жолақ,тұщы,кермек,ала,
жақсы,жаман,ақ,көк
|
Сымдай,тершең,байсалды,
|
Тұщы,жұпар,қоңыр,ұзын,әсем,сұлу жаман,
|
Торпақтай,кіршең,гүлдей,қылықты келбетті
|
Дескрипор.
Сын есімдерді табады;
Сын есімнің түрлерін ажыратады;
Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы өзіндік бағалау (түстерді көрсету арқылы тапсырманы бағалап отырады)
Жасыл - барлығы дұрыс
Сары - қателер бар
Қызыл - дұрыс болмады
ҚБ тапсырмасы.
|
пазл суреттері
Бағдаршам.
қалақшалар
«Бағдаршамның тарихы» мәтіні жазылған парақшалар
|