Сабақтың тақырыбы: Байқоңыр ғарыш айнасы Сабақтың мақсаты



Дата05.11.2016
өлшемі59,63 Kb.
Сабақтың тақырыбы: «Байқоңыр - ғарыш айнасы
Сабақтың мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.
Көрнекілігі: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев суреті, Байқоңыр, зымыран, слайдтар.
Барысы: Мұғалім сөзі:- Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін, яғни 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз. Осы мерекеге дайындаған ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғы - қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген ұл кезеңдердің біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да, қатыгез екпініне қайыспай шыдап, « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, « Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұландарының барып қайтуы еді. Осыдан тура 53 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерін, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды.
Араға бірнеше жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.

Жүргізуші: 1957 жылы ғарышқа жол 4 - қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Жер спутнигімен « Лайка» атты ит ұшырылды. 1959 жылы 12 қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды. 1961 жылы Мәскеу уақыты бойынша 12 сағатта бұрынғы Одақтық барлық радиостанциялар өз хабарын тоқтатып адамның ғарышқа ұшу сапарын ойдағыдай аяқталғанын хабарлады. Ғарышқа бірінші рет Мәскеу азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан 9 сағат 7 минутта ұшырылды. 108 минут өткенен кейін «Восток» кемесі қонды. Ағаш ұстаның баласы Юрий Гагарин сол кезде 27 жаста екен.


Слайд: Юрий Гагарин туралы айту, суретін көрсету.
Жүргізуші: 1963 жылы16 шілдеде тұңғыш ғарышкер орыс қызы Валентина Терешкова ұшты. Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш айдағы Қазақстанның Байқоңыр жерінде орналасқан еді.
- Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің
Қандай сыр барын білем деп,
Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,
Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.
1 - оқушы: Ал, халайық, тұрмайық,
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп,
Інжу - маржан шашайық
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Ғарыш әлемі жайында,
Кешімізді бастаймыз
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Ұлдарына бір сәлем!
2 - оқушы: Уа, жарандар, жарандар!
Тұнық аспанға қараңдар,
Ең жарық жұлдыз боп.
Шарлап жүр біздің
Ғарышкер қазақтар!
Ән: «Туған жер»
Жүргізуші: - Иә, қазақтың жері ғарыштың қақпасы болды, ғарыш десе көңілге туған жер топырағы төсіндегі Байқоңыр келеді. Қазақстандағы Байқоңыр космодромнан ғарышқа самғап ұшқан халық батырлары - содан бері ғарышкерлер ғарышта болып қайтты.
2 - слайд: Тоқтар Әубәкіров туралы сурет көрсету.
Т. Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан « Союз ТМ - 13»кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.
5 - оқушы: Қопарып бұлттың шөккенін,
Сырларын ұғып жасырын,
Ал Герман «Восток - 2» мен
Паш етті коcмос ғасырын.

7 - оқушы: Нұрлы біздің заманда халық істер,


Жер бетінде жасадың алып істер
Арман болған аспанға, айға енді,
Ғарышкерлер күшіменен.
Көк туымызды тігеміз сіздерменен
Арта берсін, қазағымның нұр таңы

3 - слайд: Талғат Мұсабаев суретін көрсету.


Жүргізуші: Т. Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы болып жұмысқа орналасады. Ол ұшақ спорты бойынша « КСРО спорт шебері»атағын алып, 1984 жылы КСРО чемпионаты атанды. Азаматтық авиацияның оқу - жаттығу жасағында оқып, азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алады. Ол « АН - 2», « ТУ - 134» ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып, тәжірибе жинақтайды. 1990 жылдың қазан айында ғарышкерлер дайындайтын орталыққа оқуға қабылданады. 1994 жылы 1 шілдеде қазақтың екінші ғарышкері Т. Мұсабаев бортинженер ретінде « Союз ТМ - 19»ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, сапар шекті. Ол ғарыштағы 125 тәулік ішінде екі рет кемемен шығып, кеңістіктегі күрделі мәселелерді шешті. 1996 жылдың 29 қаңтарында екінші рет ғарышқа аттанды. Ол « Союз ТМ - 27»деп аталатын ғарыш кемесін зі басқарды. 207 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде қалықтады. Т. Мұсабаев Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми - зерттеу бағдарламасын толық орындады. Оның кеудесінде « Ресей Федерациясының Батыры», « Халық қаһарманы»алтын жұлдыздармен қоса бірнеше, медальдармен марапатталған еді.
Би:« Әке толғауы»

19 - оқушы: Миллионның жүрегінен нұр алған,


Миллионның тілегінен жаралған.
Тәуелсіздік теңдік алған ұланымыз
Қазақстанның ұшып жүрген нұрымыз

21 - оқушы: Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем,


Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеңістік, ғарыш керек.
Көз жазбасаң ерлікке, самғап бекер!
Қос ғарышкер,
Қос батыр,
Қос жұлдызым,
Мерейлі етіп тұрсыңдар, достық жүзін.
Тағы да озып келсін Талғатым деп,
Аспанның бәйгесіне қостым бүгін.
Хор:« Таудай болып өсеміз!»
Мұғалім сөзі:- Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы біздің Байқоңырдан неге салынды?
Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағын тап осы арадан салудың мынадай себептері бар екен. Байқоңыр Еуразия құрлығында орналасқан. Солтүстік - шығыс бағытында ұшырылған зымыран ғарыш жолы бойынша Сібір, Камчатканы басып өтіп, Беринг бұғазына дейін жетеді. Сөйтіп, Кеңес Одағының аймағындағы 6500 шақырымдық бұл қашықтық олардың ұшу бағытын бақылап отыруға қолайлы жағдайлар туғызады. Қазақстанда жазық далаларда ғарыштан қайтқан кемелердің қонуына оңтайлы орындар көп болғандықтан, ғарыш техникасын жасауға Қазақстанның түрлі - түсті сирек металдары қолданылды. Байқоңырдың теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте орналасуы ғарыштық тәжірибелер жүргізуге өте қолайлы.
ХХ ғасыр адамның құдіретін танытты, ғарыш құпиясын аша бастады. Алғаш сапар Байқоңырдан басталғанын мақтаныш етіміз. Сонау Байқоңыр даласында 1975 - 1976 жылдары
Ғарыш айлағының дәл төбесінде болдым. 1959 жылы қазанда осы жерде тұңғыш Жер серігі ұшырылған деген бетон қазықша қағылған. Сол жерде тұрып, әлемдегі тұңғыш ғарышкерлер Юрий Гагариннің ғарышқа аттанғанын көріп, сонау 1962 жылы сол Ю. Гагарин мен Мәскеуде қол алысып сәлемдескені туралы айтылған.
Бірге өсіп, ел жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарnу етіп ұсынамыз - дей отырып сыныбымыздың бишісі Жеткізгенқызы Асылайды
«Назлы гүлім» өзбек биін тамашалау.
Жүргізуші: Ұшу алдында ғарыш кемелерінің экипаждары ұзақ жаттығады. Олар скафандрларға үйреніп, кеменің ұшуын басқаратын жабдықтарды мұқият зерделейді. Бұл 1969 жылы 16 шілдесі болатын. Осы күні алғашқы жер тұрғындары Айға аттанғанын өз көзімен көру үшін космодром маңында миллиондай адам жиналды! Тасығыш – зымыранның старты қозғалтқыштардан орасан зор күшпен ыстық газдар оқыс шығып, ауыр зымыранды жоғары қарай көтереді.
4 - слайд: « Ұшуға дайындық», «Ғарышқа ұшу сапары»
Мұғалімнің сөзі: Аспан әлемін зерттеу, жұлдыздардың қыр - сырын білу біздің бабаларымыз үшін таң болмаған. Керсінше, біздің арғы бабаларымыз аспан ілеміне қарап, жердегі тіршіліктің жай - күйін болжағаны мәлім. Басқасын айтпағанда, « бүгін аспанда жұлдыздар көп, ертең күн ашық болады»дегенді ата - аналарыңнан, ата - әжелеріңнен талай естіген де боларсыңдар. Айдың тууы, толуы үлкендердің назарын ешқашан тыс қалған емес. Соларға қарап – ақ халқымыз ертеңгі күннің жай - күйін болжап, қамданатын болған.
5 - слайд: « Айға ұшу»,« Айға қону», «Айдағы серуен»

Мұғалімнің сөзі: Күн, оны айналатын ғаламшарлар және басқа да аспан денелері Күн жүйесін құрайды. Күн – Жерге ең жақын жұлдыз. Ғалымдар жұлдыздар мен ғаламшарларды алымды телескоптардың сондай - ақ, серіктерді, зондтарды және бортында ғарышкерлері бар ғарыш кемелерін аттандырып зерттейді. Ғарышкерлер кемені қарап, ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау үшін ашық ғарышқа шығады. Әлем - өзіміз елестете алатынның бәрі - құрамына кіретін шексіз кеңістік. Оның ішінде миллиардтаған жұлдыздар, Күн, ғаламшарлар, оған Жерде жатады. Оның өсімдіктері, жануарлары, адамдары мұның бәрі де әлемге жатады. Жер – Күн жүйесінің тоғыз ғаламшарларының бірі. Олардың бәрі Күнді айналып жүреді.



Мұғалімнің сөзі: Адам баласының Жер - анасының бауырынан ұзап шығу, өзінше қадам жасай бастағаны үшін қаншама шығын, қиындық көрді десеңші. Бір ғана мысал: сонау ғарыштан бар міндетін бұлжытпай орындап, туған жерге қонғалы келе жатып, қонуға 200 метр қалғанда, парашюттің бауы бұралып кетіп, ашылмай қалып, тамаша инженер - ғарышкер Владимир Комаров қаза тапты. Ал Айға аяқ басу бүкіл адамзат үшін қаншама мақтаныш болса, соншама ауыр шығын, қыруар қаржылар кетеді екен. Алайда бұл кездейсоқ қайғылы оқиғалар, күтпеген апаттар адамның ғарыш дүниесіне ұмтылысын тоқтата алмады. Тіпті Юрий Гагарин ғарыштан аман келіп, ұшақтан қаза тапты. Міне, оқушылар « Байқоңыр - ғарыш айласы»атты тәрбие сағатымызда көптеген материалдармен таныстық. Бәріміздің армандарымыз айға ұшу болғанымен оған да өжеттілік, батырлық, ерлік, адамгершілік жүректер керек екен - дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келешек болашақ сендердің қолдарыңда деп ойлаймын
Каталог: ACA931218993467E
ACA931218993467E -> Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл мақсаты
ACA931218993467E -> 1 сыныбының жылдық факультативтік сабақтарға арналған жоспары Қызықты математика Түсініктеме
ACA931218993467E -> Ұстаз-ұлағатты есім Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
ACA931218993467E -> Сабақтың көрнекіліктері: Күз көрінісі бейнеленген плакаттар, тақырып жазылған плакат, слайдтар
ACA931218993467E -> Жол тәртібін жадыңда ұста Қызыл көзін ашқанда, сынық сүйем баспа алға


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу