Сабақтың тақырыбы: «Бала құқығы адам құқығы»



бет2/3
Дата07.02.2023
өлшемі19,38 Kb.
#167741
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Құқық туралы тәрбие сағаты. Сабақ жоспары

Тақтамен жұмыс
Сұрақ-жауап

  1. Жаза дегеніміз не?

  2. Баланың қандай құқықтарын білесіздер?

  3. Бала тәрбиесіне әсер ететін орта?

  4. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?

-Балалар, мысалы кітапхананы алатын болсақ. Кітапханаға байланысты біздің құқығымыз бен міндеттеріміз қандай деп ойлайсыңдар? Соны ашып алайық.


1.Кітапхананың оқу залында әрі-бері жүріп жүрсің, өйткені сен еркіндік кұқығым бар деп есептейсің.
Жауабы: Еркін тұрып жүру құқығымыз бар, кітапханадағы тәртіпті бұзбау міндетіміз де бар. Құқық кітапхана ережесімен шектелген.
2.Оқырман залында досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен өз бостандығыңа құқығым бар деп есептейсің.Құқығым бар ма, әлде жоқ па?
Жауабы:Сенің сөз бостандығыңа құқығың бар.Бірақ кітапхана қызметкерлерін сыйлау, оқырмандарға кедергі келтірмеу міндетін ұмытпауымыз керек.
3.Кітапханада ұялы телефон арқылы музыка тыңдап отырдың, өйткені мәдениет жетістіктерін пайдалану құқықтары бар деп есептейсің.


«Ыстық алақан» ойыны
- Алақандарымызды бір - біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе? Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру: иә десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз; жоқ десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
2) Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?
- егер жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз
- егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз
- егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыз.


«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтарын айтады)
Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?
Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек. Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:

  1. Заңдарға бағыну

  2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

  3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу

  4. Салықты төлеу

  5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау

  6. Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау

  7. Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы

  8. Орта мектеп білімін алу

  9. Қазақстан Республикасын қорғау

Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
- Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.
/Оқушылар жауаптары тыңдалады/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет