Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған кино «Менің атым Қожа» мен «Менің де атым Қожа»



Дата10.06.2017
өлшемі63,04 Kb.
#18644
түріСабақ
Рыскулова Аида

Ембі қалалық №7 орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған кино «Менің атым Қожа » мен «Менің де атым Қожа»

Сабақ мақсаты:Балаларға арналған кино түрлерімен таныстыру.Киноға ой тұжырымдарын жасау арқылы өз ойлары мен пікірлерін жүйелі айтуға, ой қорытындысын жасауға, қорытынды шығара білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: слайд «Менің атым Қожа мен Менің де атым Қожа» фильмі.



Барысы: I.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық-Балалар көріп отырсыңдар, бізге бүгін қонақтар келген. Олай болса барлығымыз орнымыздан тұрып, келген қонақтарға Күндей жылы шырай білдіріп. Күндей жадырап, жымиып жылы шырай білдіреміз.

Жаңа сабақ:

-Балалар біздің сабағымыз кино туралы болмақ.

-Сендер қандай кино түрлерін білесіңдер?

-Ендеше, балалар кино бірнеше түрге бөлінеді екен.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы балаларға арналған кино. Балаларға арналған қандай киноларды білесіңдер?

Киноларды қысқаша баяндау.

«Балалықтың кермек өзені» фильмі соғыс кезіндегі балалардың ауыр өмірі жайында.

«Көксерек» фильмінде адамдар даланың жыртқыш қасқырлары біздің малымызды әдейі қырады деп ойлайды . Адамдар қасқырдың бес бөлтірігін аяусыз өлтіріп, бір бөлтірікті жүре алмайтындай мүгедек етіп, ал ең соңғысын анасынан айырып алып кетеді.Күшіктерінен айырылған қасқырлар , адамдарға күндіз-түні маза бермейді . Құрмаш әлгі тірі қалған бөлтірікті асырап алады. Оған «Көксерек» деп ат қояды. Ақыры өзі асыраған Көксерек, Құрмашты өлтіріп тынады.

«Менің атым Қожа» фильмінде барлық мектепке аты шулы сотқар Қожа, бар ынтасын салып жақсы болуға тырысады.Қаратайдан шешесін қызғанады, Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіріп,көрермендерді талай рет қуантады. Дегенмен Қожа ашық мінезді, арам пиғылы жоқ ақкөңіл бала.

«Менің де атым Қожа» фильмі Қожа картинасымен аттас болғанымен ,оқиға желісі мүлде басқаша өрбиді. Бұл фильмде басты кейіпкер ауыл баласы Қожабергеннің қалаға көшіп келгендегі бастан кешкен қызықты оқиғаларын кейіптейді.(«Менің де атым Қожадағы» Қожадан аумайтын бір бала оқиды дап айтса керек. Сөйтіп Еркін Рақышев ағамыз Қожаны іздеп табады. «Менің де атым Қожа» фильмін түсіру идиясы содан кейін туындапты)

«Менің атым Қожа киносына» мына жоспар бойынша талдау жасап «Менің де атым Қожа» киносымен салыстырамыз.

Жоспар:


  1. Менің атым Қожа фильмі қалай түсірілді?

  2. Қожа қалай табылды?

  3. Қожаның досы Сұлтан

  4. Менің атым Қожа фильмінің барысында орын алған қызықты оқиғалардан үзінді.

  5. Менің атым Қожа және Менің де атым Қожа фильмінің ұқсастағы мен айырмашылығы.

  6. Қожаның қазіргі өмірдегі бейнесі.

Слайд : Б.Соқпақбаев, А. Қарсақбаев.

Балалар «Менің атым Қожа» фильмі кімнің шығармасынан алынған, режиссері кім?

Қай-қайсымызға да экраннан көріп жүрген Қожа туралы кітапты жазған Б.Соқпақбаев балалар үшін жаралған жан болатын.Өзінің шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған. Б.Соқпақбаев балалардың сүйікті жазушысына арналған. «Менің атым Қожа» повесібойынша түсірілген кино 28 елдің бүлдіршіндері тамашалаған.

«Менің атым Қожа» фильмінің бас режиссері А.Қарсақбаев 1926 жылы дүниеге келген, 1983 жылы қайтыс болған.

«Менің атым Қожа фильмі» қалай түсірілді?

«Менің атым Қожа» фильмінің түсірілгеніне 40 жылдан асыпты. Бұл кино тура 47 жыл бұрын 1963 жылы түсірілген. Сонымен фильмге даярлық барысында ең басты проблема Қожаның және Сұлтанның рөлінде адам табу болды.



Слайд: Қожа қалай табылды?

Режиссер сол кездерді былай еске алады. Қожаны іздеп бармаған жерім жоқ. Алматы қаласының, облысының мектептерін араладық. Фрунзеге де бардым, Жамбылға, Ташкентке бардым. Қожа табылмады. Бармаған жеріміз қалмады. Сіздерге керек Қожа осы деп бір баланы көрсетеді. Олар бізге ұнамайды. Бізге көрсететіні жай тентек балалар. Ал, негізінде Қожа жай тентек емес, ойлы бала. Сөйтіп жүргенімізде көктен іздеп жүрген Қожамыз аяқ астынан киностудия жанынан табылды. Бас оператор екеуміз түскі тамаққа бара жатқанбыз. Мектептің жанынан өте бергенде он бір, он екілердегі бір бала өзі құралпы екі қызды қуып жүр екен. Қыздардың бұрымынан тартқылап қояды. Біздің жанымыздан жүгіріп өте бергенде шап беріп ұстай алдым. Нағыз бізге керек Қожа. Біз кино түсіріп жатырмыз, киноға түсіреміз десек қисаңдап дұрыс жауап бермейді. Қайта әлгі қуалаған екі қыз көмектесті.

«Ол Нұрлан Сегізбаев 5 класста оқиды» деп айтын берді. Тамақ үстінде әлгі тентек баланың бейнесі, тентек қылықтары көз алдымнан кетер емес. Содан Нұрланның әкесін тауып алдым. Санжар деген кісі. Кешке үйіне барып, әкесіне барлық жайды айтып түсіндірдім, Сөйтіп ол кісінің келісімін алдым.

Слайд: Қожаның досы Сұлтан қалай табылды?

Сұлтан моншада кездесті.

Ендігі мәселе Сұлтанды табу. Оны да іздеп жүргенбіз, ойымыздағы бала табылмай жүрген.Бір жолы моншаға түсіп жатқанбыз. Жаныма ұзынша арық қара бала келіп қисалаңдап жуына бастады. Айналайын атың кім деп едім? «да вы бросьте» деп легендегі суын үстіне бір шашты да шығып кетті. Артынан киініп сыртқа шықсам кетіп қалыпты. Моншашы әйелден сұрадым. Әлгі бір арық қара бала шығып еді танисыз ба?- деп. Ия, танимын. Кәкенов қой, шешесі ана жерде балмұздақ сатады дейді. Шешесіне барып, барлық жағдайды айтып түсіндіріп жатырмын. «Өзі жалғыз бала, мінезі шатақтау, әрі денсаулығы жоқ. Киноға түсуге жарай қоймас. Дегенмен әкесімен сөйлесіп көріңіз» деді шешесі. Әкесі жұмыста. Кешкісін үйіне барып жолықтым. Менің ұсынысыма әкесі қуанды. Осылай фильмді түсіру басталып кетті.

Тап-таза ауыл баласына ұқсауы үшін күнге күюді талап еттік. Күнге күйе-күйе қап-қара ауыл баласына айналды.

Слайд: «Менің атым Қожа» фильмін түсіру барысында орын алған қызықты оқиғалар.

Төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенін білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарады.(Қожа кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үлкен айнанаң алдына отырып, Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесін ашады. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе-тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін не істеу керек екендігі жайлы мәселе қаралды).



Сұлтан екеуінің қарақшылық өмірі қанша уақытқа созылды?

(Олар жабайы қаз атып алдық деп, біреудің жоғалған қазын атып алып, үйітіп отырғандарында мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал көріп қалып, олардың сазайларын береді. Бұл екеуінің қарақшылық өмірлерінің бірінші және соңғы күні болды.



Сұлтан мен Қожа жайлауға бара жатқанда Қожа аттан құлап түсіп қалады. Не үшін?

(Шылымның кесірінен. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғам сол екен, бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп, ала кеп түсті. Көзімнен жасым ыршып кетті.... енді бір шақта көзім бұлдырап, жер-дүние төңкеріліп бара жатты...)



Қожаның он үш жыл өміріндегі ең қатыгез күн қашан болып еді.

(Бұл күні мектепте Қожаның тәртібін талқыға салған педсовет жиналысы болған)

Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрғаны.

Дойбы ойнап отырған Жанар Қожаны «Мақтаншақ Қожа» деп неге мазақтады.

(Бірінші ойында Қожа Жанардың жүзіне, иығына төгілген қара шашына қарап, толқып отырып , ойынды ұтқызып алды. Екінші ойында сағырақ ойнаса да, үш-төрт жүрістен кейін Жанар Қожаның үш пешкасын бірден қырып салды. Енді оның намысы келіп, қазір ұтамын деді сенімді түрде. Бірақ айлакер Жанар бұл жолы да елеусіз тұрған пешкасын Қожаға жегізді де, басқа бір пешкасымен оның батырын белден басып, биге өтіп кетті...)



Қожаның өзіне уәде беруі.

Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызумен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ енді олай болдмауға тиіс.



Слайд: «Менің де атым Қожа» фильмі қалай түсірілді?

Қожа картинасымен аттас болғанымен, оқиға желісі мүлде басқаша өрбиді. Бұл фильмде басты кейіпкер ауыл баласы Қожабергеннің қалаға көшіп келгендегі бастан кешкен қызықты оқйғаларын кейіптейді. Фильмнің оқиғалары ұазіргі заманды бейнелейді.



Салыстыру

  1. «Менің атым Қожа мен Менің де атым Қожа» киносын салыстыру.

Қай жағынан ұқсастығы бар?

Қай жағынан айырмашылығы бар?



2.Қожа қандай бала? (сабақтан қашқыш, мұғалімді ренжіткіш, тентек мінез, ақылды)

3.Әр заманның өз Қожасы бар ма?

Сыныпта отырып, сыныптастарыңа қарап, солардың арасынан Қожадай баланы таба аласыңдар ма?

4.Қатал апайларға қарап Сәбира Майқанова сияқты апайлар бар ма?

Слайд: Қожаның қазіргі өмірдегі бейнесі.

Кинодағы 47 жыл бұрынғы ақылды да тентек Қожаның қазіргі өмірдегі бейнесі.



Слайд: Қожаның анасы-Бикен Римова.

(1999 жылы анам қайтыс болды. Кеңсайға жерледік. Анамды жерлеп жатқанда қарасам тура жанында Б.Римова (кинодағы Қожаның анасы) жерленген екен. Сөйтіп өмірдегі және кинодағы аналарым мәңгілік мекендерінде қатар жатыр.



5. Менің де атым Қожа киносы қай жағынан ұтымды шықты.

(«Менің де атым Қожа» фильмінің ұтымды жағы соңында Қожа фильмдегі кейіпкерлерді кездестіруі)



Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерін тыңдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет