Маугли – балалар туралы фактілермен таныстырады.
|
Рим докторы Анна Лудовико зерттеуінің қорытындылары бойынша барлық балалалар – маугли адамдар ортасына қайтып келгенімен сөйлеуге қабілетсіз болып шыққан. 1920 жылы Индияда қасқырдың үңгірінен табылған Камала деген қыз бірнеше сөздерді буындап айта алғанымен, мағынасына түсінбеген.
|
Әлеуметтік ортадан оқшау қалған балалар туралы фактілерді талдап, тәрбие мен ортаның маңызына деген сенімі артады.
|
Ү. Жаңа материалды мұғалімнің көмегімен бекіту.
|
Шығармашылық жоба тақырыбы: “Р. Киплингтің “Маугли” повесіндегі Мауглидің қоғамдағы тағдыры”. Ол адамдармен бірге өмір сүруге атттанады. Оны адамдар жеке тұлға деп біле ме? Маугли адамдардың арасында еркін дами ала ма? Ертегіні әр түрлі философиялық – педагогикалық тұжырымдамаларға сүйеніп (идеалистік, биологиялық, материалистік) жалғастырыңыз.
|
Жеке тұлға дамуына тәрбие мен ортаның ықпалы туралы теориялық білімдерін қолданады.
Идеалистік, биологиялық тұрғыдан ол жетілген тұлға болып қалыптаспайды. Материалистік тұрғыдан Маугли адам санатына қосылуы мүмкін.
|
Студенттер жеке тұлғаның дамуындағы негізгі әсер ететін факторлардың ерекшеліктерін салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табуға дағдыланады. Өз ойларын дәлелдеуге үйренеді.
Өз ойын айтуға, көпшілік алдында сөз сөйлеуге үйренеді.
|