Ауа-райы болжамдары:
1.Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
2.Қарға қарқылдаса, қар жауады
3.Көкек қатты, әрі жиі шақырса-күн жылиды.
4.Қарлығаштар аспанда самғап ұшса, күн ашық болады.
5.Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. т.б.
ІV. Қызығушылықты ояту сатысы:
Ал енді келесі жұмбақты шешесіңдер. Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы да осы жұмбағымызбен байланысты:
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
Бүгін біз жануарлар әлемінің бір түрі – балықтармен танысамыз. Балықтар қайда тіршілік етеді?
- Суда.
- Судың қандай түрі бар, есімізге түсірейікші?
Мұхит Теңіз
Өзен Көл.
V. Мағынаны ажырату сатысы
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)
1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.
2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады
4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады.
5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар ауланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі.
6.Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар әзірлейді. Бекіре еттері көптеген тағамдар әзірлеуге жарайды. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-дей, салмағы 200 кг-га дейін. Бекіре тұқымдас балықтардың ішіндегі семізі және еті жұмсағы. Бекіре балықтары саудаға суытылған, мұздатылған және ысталған түрде түседі, сонымен қатар оны балық өнімдерін және әр түрлі балық консервілерін өндіруде қолданады.
7. Балықты кез келген жерден аулауға болмайды және кез келген адам балықты аулай алмайды оған әдейі рұқсат қағазын алу керек. Тек қана бекіре емес балық түрлері өте көп.
Шортан, жайын, көксерке, алабұға, дельфин, аққайран, сазан, кит
8.
Достарыңызбен бөлісу: |