VI. Ой толғаныс сатысы.
Алабұға
... Жолаң-жолаң сауыры,
Балықтың бұл тәуірі.
Екі көзі сап-сары,
Ауыра ма бауыры.
Алабұға үйірі
Сияқты бір иірім.
Қоңыр-жасыл жотасы,
Жасыл-сары бүйірі...
Жайын
... Білем десең, біліп көр.
Қармағыңа іліп көр.
Жайын үшін сөз бе екен.
Бақа, шаян, сүліктер.
Толағайы толағай,
Және мешкей, қомағай.
Түсе қалса қармаққа,
Әрең тартар он ағай...
Сазан
... Айқайлама, ұрыспа,
Тіпті аңырын тыныста,
Сазан нағыз сақ балық.
Жоламайды дыбысқа...
Ойын: "Мейірімді жүрек"
Тау суындай мөлдір болыңыз, табиғаттай мейірімді болыңыз, раушан гүліндей әдемі болыңыз, бұлбұлдай әнші болыңыз, күндей күлімдеп жүріңіз, жұлдыздай жарқырап жүріңіз, аққу құсындай бақытты болыңыз, өміріңіз ұзақ болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |