1.Мектеп
|
№ 52
|
2.Пәні:
|
Биология
|
3.Күні:
|
11.02..2017
|
4.Сынып:
|
7 А
|
5.Мұғалімнің аты жөні:
|
Жұпарбаев Т
|
6.Сабаққа қатысқандар саны:
|
|
7.Сабаққа қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
§ 43.Балықтардың көбеюі мен дамуы.Мінез құлық ерекшеліктері. Өрістеуі. Табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары
(Оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1. Оқушылар сүйекті балықтар класымен толық танысады;
|
Сабақ мақсаттары:
|
1.Барлық оқушылар:
Оқушылар сүйекті балықтар класын толық сипаттай алады;
|
2.Көптеген оқушылар:
1.Балықтардың толық сыртқы және ішкі құрылысын түсіндіре алады;
.
|
3.Кейбір оқушылар:
1. Қызықты материалдарды тауып, салыстырады.
2. Оқушылардың өз бетімен алған білімдерін бейнетаспа және қосымша ақпараттар арқылы түсіндіре отырып толықтырады, шыңдайды.
3. Бір-бірлерінің жауабын тыңдайды,қателерін түзетеді.
|
Бағалау критериийлері:
|
Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
|
Құндылықтарды дамыту:
|
— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыру.
— индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің артуы.
— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрету және оны дамыту.
— шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
|
Пән аралық байланыстар
|
Биология, Георафия ,Экология ,Химия
|
АКТ-ны қолдану дағдылары
|
Видео роликтер көрсетілім
|
Бастапқы білім
|
Миға шабул
1.Балықтардың қандай түрін білесіңдер?
2.Балықтарда қандай витаминдер бар?
3.Жергілікті жердегі балықтарды атаңдар?
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1.Тыңдалым
2.Айтылым
|
Балықтардың көбеюі мен дамуы
Балықтар дара жынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шоғал деп аталады. Оның құрамында аталық жыныс жасушасы- сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа жасушалар болады.
Шеміршекті балықтар іштей ұрықтанады, аналықтары ұрықтанған уылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны өте аз. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады.
Балықтар уылдырықтарын суға жеке-жеке шашпайды. Көп жағдайда уылдырықтар бір-бірімен сілемейлі, тығыздау шырышты зат арқылы байланысады. Уылдырық шашылған жерге аталық балықтар келіп, ішінде сперматозоидтары бар сұйықтығын төгеді. Ұрықтанған уылдырықтан ұрықтың одани әрі дамуы басталады. Көпжасушалы ұрықтың пайда болуы, одан дернәсілдің дамып-жетілуі уылдырықтың ішінде өтеді. Өздігінен қорек аулап, тіршілік ете бастаған балық дернәсілін шабақ дейді. Шабақ ересек балыққа ұқсас болады.
Балықтардың өрістеуі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы бекірелер, албырттар теңізден өзенге өрістеп, уылдырық шашады.
Ең қысқа және жиі болатын тәуліктік өрістеу, ұзаққа созылатын жыл мезгіліне байланысты болады. Балықтардың өрістеуі табиғи сұрыпталу кезінде пайда болған тұқымқуалайтын бекітілген түйсік арқылы жүзеге асады. Өрістеу кезінде балықтар қоректенбейді. Кейбір балықтар теңізде бірнеше жыл болып, тіршілігінде бір ақ рет уылдырық шашып, соңынан өліп қалады. мысалы: кета, горбуша балықтары.
|
Таратпа
Қағаздар
Интерактивті тақта
|
Сабақтың ортасы
3.Жазылым
|
Сүйекті балықар
|
Ұқсастығы
|
Шеміршекті балықтар
|
|
|
|
|
Таратпа қағаздар
Постер
Кесте
|
Сабақтың соңы
Оқылым
|
Балыққа қатысты ғажап деректер.
Балықтардың көптеген түрі өмірінде өз жынысын өзгертіп тұра алады. Қос жынысты балық түрлері де кездеседі;
Балықтың құйрығы жүзген кезде оңға және солға қарай қозғалады;
Көптеген балықтар ұсақ түйіршіктерді,құрттарды жейді;
Бақа-балық Ұлыбритания жағалауларында жиі кезеседі. Ол бақа сияқты қоректенетін болғандықтан солай аталған;
Акуланың тісі 3000-ға жетуі мүмкін.Тісі сынса орнына жаңасы өсіп шығады;
Әлемде акуланың 350 түрі бар;
Әлемде сан алуан балықтардың 25 000 астам түрі бар;
Анабас сияқты кейбір балықтар, аз уақытқа болса да құрлықта өмір сүре алады;
2003 жылы ғалымдар балықтың ауруды сезетінін анықтады;
Қармақшы-балық жемін жарықпен алдап шақырады;
|
Дұрыс жауаптар кілті
|