«Озерки жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі : Сұлташева Ақмарал Қанатжанқызы
Сыныбы: 9 «А»
Пәні: әдебиет
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бұқар толғаулары «Бірінші тілек тілеңіз»,
«Ай, Абылай, Абылай»
Сабақтың мақсаты: Жырау өмір сүрген мерзім тынысы, тарихи оқиғалар, шығармашылығына әсерін айту, шығармаларының басты тақырыбы мен маңызын саралайды. Жыраудың толғауларын өзіндік дүниетаным тұрғысында талдау, шығармашылық дағдысын дамытуға жағдай туғызылды.
Сабақтың міндеттері:
1. Бұқар жырау туралы ойларын тереңдету,оның шығармаларын сыни тұрғысынан бағалай білуге үйренеді.
2. Оқушылардың жыраулық поэзия туралы дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетеленеді.
3. Бұқар поэзиясының философиялық тереңдігі, даналық, афористік мәні, поэтикалық тілі туралы ой түйе білуге , адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиеленді.
Көрнекіліктері: жырау портреті , нақыл сөздер, «Топтастыру», «INSERT», интерактивтік тақта, тапсырмалар, т.б.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу. с)Түгендеу
- Оқушылар жыраулардың қанатты сөздерін қолдана отырып, бір-бірлеріне тілек айтайық.
Мен сіздерді нақыл сөздермен 2 топқа бөлдім, себебі топпен жұмыс жасағанда осы нақыл сөздерді басшылыққа ала отырып, жұмыс жасаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексереміз.
Жиембет жырауға байланысты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру.
3.Жаңа сабаққа дайындық
Сұрақтар:
Жырау дегеніміз кім ?
Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ?
Жырау мен жыршының айырмашылығы неде ?
Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары қандай болды ?
Біз қандай жырауларды өттік ?
-Бүгін біз тағы да белгілі бір жыраумен танысамыз, ол үшін барлығымыз бейнетаспаға назар аударайық ?
- Әдебиеттен оқу бір бөлек демекші, бүгінгі сабағымызда Бұқар Қалқаманұлының өмірімен шығармашылығымен танысамыз.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп айтқан Бұқар Қалқаманұлы артынан өшпес мұра қалдырған жырау.
Бұқар Қалқаманұлы кім ? деген сұрақтың жауабын өздерін жауап табасыңдар, ол үшін 2 топқа тапсырма кітаппен жұмыс. 1-топқа кітаптағы 194-197беттегі ,2 топқа 198-201 бетке дейінгі мәліметтерді пайдаланып, тірек сызба құрап, жазған сызбаны қорғау, уақыт 5 минут беріледі. Айтылмаған мәліметтерді айтып, толықтырып отырамын
-Келесі 2 топқа бірдей тапсырма . 1топқа «Бірінші тілек тілеңіз» , 2 топқа «Ай, Абылай, Абылай » өлеңдерімен жұмыс.Өлеңдерді мәнерлеп оқу. Өлеңнің тақырыбы мен идесын табу, өлеңнен ұнаған шума5ына өз пікірін білдіру, өлеңді құрылысына қарай талдау. Уақыт 7 минут беріледі.
Сергіту сәті. «Гүл сатылатын дүкен» атты ойын.
Оқушылардың қосымша деректемелермен білімдерін толықтырып отырамын.
Кестемен жұмыс
Білемін
|
Білдім
|
Мен үшін жаңа ақпарат
|
Мені таңқалдырады
|
|
|
|
|
Инсерт стратегиясы бойыннша не білетіндіктерін, олар үшін не жаңа екенін анықтайды. Толтырылған карта бойынша пікір алысады. Түсініксіз ұғымдарды бірлесе талдайды. Бір-бірінің білімін жан-жақты толықтырады.
Бекіту сұрағы:
1. Бұқар жырау толғауларының өзектілігі неде ?
2. Бұқар толғаулары XXI ғасырда бізге несімен қымбат деп ойлайсыңдар ?
Үйге тапсырма.»Бірінші тілек тілеңіз» өлеңін жаттау.
«Бұқар-ел бірлігі туралы жырлаған жырау» тақырыбына шығарма жазу.
Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды, мұғалім одан нәтиже шығарып, бағалайды.
Бағалау парағы
-
Р/с
|
Оқушының аты-жөні
|
Бағалау
|
1
|
|
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
5
|
|
|
6
|
|
|
7
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |