Қостанай облысы Арқалық қаласы Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жүзбай Гүлмира Сәндібекқызы 4 «Б» сыныбы Қазақ тілі пәні
Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: барыс септігі туралы (сұрақтары, жалғаулары) туралы мағлұмат беру, сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқаратынын түсіндіру, зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: оқушылрадың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауаттылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ойландыру, ойын
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
І Бағадарлау-мотивациялық кезең
1. Амандасу
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз еркше болмақ. Қане, өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше? (Балалардың жауабы)
- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге есігіміз ашық, яғни бұл – ашық сабақ. Олай болса «Сәлем – сөздің анасы» деген мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып алайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
2.Поэзия минуты
Қазақ тілі- өз тілім,ана тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым,бақытым,дана тілім.
3. Психологиялық дайындық
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Иә, біз Қазақстан деп аталатын тәуелсіз, үлкен мемлекетте тұрамыз. Сендер - осы мемлекеттің азаматысыңдар, еліміздің болашағысыңдар. Елбасымыз Н.Назарбаев «Еліміздің болашағы білімді ұрпақ қолында» деп сендерге зор үміт артып отыр. Себебі еліміздің ертеңі келешекте сендердің қандай адам болатындарыңа байланысты, ал сендердің болашақтарың қазіргі алған білімдеріңе байланысты. Яғни сендер келешекте мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосамыз десеңдер жақсы білім алуларың керек. Ол үшін сабақты жақсы оқуларың керек. Біздің мемлекетіміздің жері кең-байтақ. Сендер бүгінгі алған білімдерің арқылы осы жеріміздің, еліміздің гүлденуіне үлес қосасыңдар. Карта туралы айтып өту.
4 Тірек білімдерін белсендіру .
1. Зат есімнің септелуі деген не?
2. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап беріңдер.
3. Атау септігі
4. Ілік септігі
Атау септігі кім? Не? Кімдер? Нелер?деген сұрақтарға жауап береді.Атау септіктегі сөздер сөйлемде негізінен бастауыш болады.
Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді.Ілік септік атау септікке –ның,-нің, -дың, -дің, -тың,-тің жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды ілік септік жалғаулары деп атайды.
5 Жаңа сабақ:Барыс септігі.
Бүгінгі сабағымызда келесі септік түрі Барыс септігін өткелі отырмыз.Қазақ тілінде дыбысталуы бір мағынасы әр түрлі сөздер бар екенін білеміз.
«Барыс» деген сөзді естігенде ойға қандай сөздер оралады? Топтастырамыз,ой таратамыз. Оқушылар өз ойларын айтады, мағаналарын түсіндіреді.
- Барыс туралы тағы қосатын ойларың бар ма? Оқушылардың ойларын тыңдау.
- Сосын тағы барыс бейнесі қай жерлерде кездеседі?
- Тәуелсіздік монументінде. -
- Қазақстанның даму бағдарламасында, ұлттық теңгелерде. \
- Дұрыс айтасыңдар балалар, жауаптарың орынды.
Мағынасын айттық енді бүгінгі сабақтағы барыс септік бағытты білдіреді.
Тақтаға назар аударамыз. Халқымыздың асыл мұрасы. Көлемі аз болса да,көп мағынаны беретін, тоқсан ауыздың тобықтай түйіні мақал-мәтелдер арқылы сабағымызды өрбітеміз. Берілген мақалдағы қоюлы жазылған сөздер қай септікте?
1.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
2.Аталы сөзге
Арсыз жауап қайырар.
3.Ата- балаға сыншы.
Әрине барыс.Түбірі тас-қа б.с жалғауы.Осы мақалды қалай түсінеміз
Мына мақал – мәтелдің ішінен қара мен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын сұрау.Оқушылардан мақалдың мағанасын сұрау.
Жаңа сабақты осы сөздерді пайдаланып бастау.
Достарыңызбен бөлісу: |