Ереже: Барыс септіктегі зат есімдер кімге? неге? кімдерге? нелерге? қайда? Деген сұрақтарға жауап береді. Барыс септік атау септіктегі сөзге –ға, -ге, -қа, -ке жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды барыс септік жалғаулары деп атайды.Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған мүшелермен байланысады. Сөйлемде толықтауыш (кімге?неге?),пысықтауыш (қайда?) қызметтерін атқарады.
6.Көркем жазу минуты
7. Оқулықпен жұмыс 32-жаттығу
Өлеңді түсініп оқы, көшіріп жаз.
Тауыққа Құлынға
Дуалдан асқан биік жоқ. Жайлаудан асқан өріс жоқ.
Шөжеге Қыранға
Ауладан асқан тұйық жоқ Қиядан асқан жырақ жоқ
Бақаға Жігітке
Батпақтан асқан кеңес жоқ. Елінен асқан жұмақ жоқ.
( Мұзафар Әлімбай )
Кімге? Неге? Сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, астын сыз.Бұл сұраққа қай септіктегі сөздер жауап береді? Дуал, тұйық, кеңіс, қия, жырақ, жұмақ сөздерінің мағынасын түсіндір
8. Сергіту сәті. «Көңілді күн» Ырғақты.
«Баскетболшы» 33-жаттығу. (ауызша орындалады)
Тек барыс септігіндегі сөздерді ғана торға түсіру.
9. Тақтамен жұмыс: 34-жаттығу
Берілген сөздерді барыс септігін қойып, сөйлем құрап жаз.
Теңіз,ауыл, мал,мектеп,тай.
Үлгі: Тай-тайға. Азамат тайға мінді.
Оқушыларды тақтаға шығарып жазғызу,ал қалғандары орындарында орындайды.
10. Терме диктант: Мәтіннен барыс септіктегі сөздерді тауып, теріп жазу.
Балдырлар суды жасыл түске енгізеді. Егін өсірілген алқапқа күзде мал жайылады.Бөдене- қыста жылы жақтарға ұшып кететін жыл құсы.Оқушылар кітапханаға келді.
Барыс септігіндегі теріп алған сөздерді кестені пайдаланып пікірін дәлелдету.
11. «Сақ бол, жаңылма» ойыны
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олардың ортасында тұрып, бір сөз айтып, балалардың біріне доп лақтырамын. Допты қағып алған бала,
сол сөзге барыс септігінің жалғауын жағап, допты кейін лақтырады.
12. Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта не өттік ? Енді соны есімізге түсірейік. Ережелерді есімізге түсірдік, ойын ойнадық, туған жерімізді гүлдендіруге үлес қостық,терме диктант жаздық, жаттығулар орындадық.
13. Бағалау.
14 Үйге тапсырма: 36-жаттығу. Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрап жазу. Ережелерді жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |