Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. С. Көбеев «Екі соқа»



бет2/2
Дата18.04.2022
өлшемі21,8 Kb.
#139760
түріСабақ
1   2
Байланысты:
жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ондықтарды қосу, азайтудан алған білімдерін толықтыра отырып, фигура құрастыру және бөліктерге бөлу туралы түсінік беру. Түрлі мақсаттағы тапсырмаларды орындай отырып математикалық ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Оқушыларды білімпаздыққа, шапшаңдық пен тапқырлыққа баулу. Ізденімпаздық пен өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Белсенді тақта, кеспе қағаздар, суреттер, логикалық есептер


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Үй тапсырмасын тексеру, бағалау
б) Өткен сабақты бекіту
ІІ. Жаңа сабақ
1. Психологиялық дайындық!
«Менің көңіл - күйім қандай?» Өте жақсы, Жақсы, Орташа.
Жұмбақ шешу:
Қар кетіп, қыр көгерді Жерге диқан дән сеуіп
Қорадан жас төл өрді.(Көктем)
2. Ой шақыру: Балалар сүйінші деген не? Ол қай кезде сұралады?
«Көктем суреті» Балалар, көктем бізден құстар келді деп сүйінші сұрай келіпті. Көктемде ең бірінші келетін құсты білеміз бе?
Ол - қараторғай.
«қараторғай суреті» Ол бізге өзімен бірге тапсырмасын ала келіпті, яғни
№1
Көктем басталысымен адамдар үй тұрғыза бастайды. Бізде қараторғай тапсырмасына сәйкес үй тұрғыза отырып, мысалдар шығарайық.
70+20=90 70+0=70 0+70=70
7+2=9 7+0=7 0+7=7
90 - 20=70 90 - 0=90 90 - 90=0
9 - 2=7 9 - 9=0 9 - 0=9
3. Үй қандай фигуралардан құрастырылған?
Тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш
№2 Тырналардың тапсырмасы:
«Тырналар суреті»
Сергіту сәті:
Ойын: «Тез, бірақ қателеспе!» әр қатарға логикалық есептер шығарту.
1. Менің туған күнімде, Қонақтар көп үйімде.
Балнұр тәтем келді, Арнұр көкем келді.
Үлкен атам келді, Нағашы әпкем келді,
Бөлем Бәжен келді, Жездем Шәкен келді
Әпкем Сәпен келді Достарымнан екеу келді
Ұстазым кештеу келді Барлығы нешеу келді? (10)
2. Су құйып ем астауға, Үш қаз келді қасына.
Үш қасқалдақ бір қазан, Екі үйрек бір сазан.
Бір көксерек, бір қарға Қосылды кеп бұларға
Болды бір топ құс қанша? (12)

3. Ұлым, ұлым, ұлым деп, Ұлдарын ана сүйеді.


Гүлім, гүлім, гүлім деп, Қыздарын ана сүйеді. (6)
«Көгершіннің тапсырмасы»
№3
90 мин 40 сандарын пайдаланып, азайту амалына есеп құрастыру.
Мыс: 90 - 40=50
- Балалар, құстар бізге алғысын айтуда, себебі сендер олардың тапсыр маларын қатесіз орындап жатырсыңдар.
- Балалар, көктем сендерден ең алғаш өсіп шығатын гүлдерді білесіңдер ме деп сұрайды.
- Қызғалдақ, Бәйшешек
Олардың да бізге жіберген тапсырмалары бар екен.
«Бәйшешектің тапсырмасы»№5 дұрыс шешуін таңда.
а) Әжесі - 3 ойында
Немересі - 4 ойында
Немересі неше ойында артық жеңді?
Ш: 4 - 3=1
Ж: 1 ойында
ә) Жинағаны - 8 ұпай
Қосылғаны - 1 ұпай
Барлығы -?
Ш: 8+1=9
Ж: 9 ұпай
б) Болғаны - 9
Орындағаны - 5
Қалғаны -?
Ш: 9 - 5=4
Ж: 4
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
«Шығармашылық тапсырма»
Біз ақылды баламыз, Бар білімді саламыз.
Есеп, жұмбақ ойынның, Жауабын тез табамыз.
Жауабы: 1) Әлихан 2) Қуаныш 3) Болат
Ойын: Әр қатарға тапсырмалар беріп жауабын тапқызу «Ұшқыр қиял»
Суретте неше шаршы бар? 6
2) Кіші көршім сол жақта,
Үлкен көршім оң жақта.
Тұрушы еді қасымда,
Қайда кеткен жан - жаққа?
3) Апта күндерінің қазақша атауын ата.
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

ІҮ. Сабақты қортындылау


«Мен бүгін не үйрендім?»
а) Геометриялық фигураларды ата?
ә) Бір таңбалы натурал сандарды өсу, кему ретімен сана.
б) Ондықтармен сана?
в) 1дм=? см
г) 5 онд+3 онд=? Онд
д) 9 онд - 2 онд=? Онд
е) 30 - дың көршілерін ата?
ж) Өрнектің неше түрі бар?
Ү. Бағалау
Оқушыларды жауабы бойынша бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма:
№4

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет