Сабақ жоспары Пән: математика



Дата04.08.2017
өлшемі94,67 Kb.
#22980

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 А бөлім:


Мектеп: «№2 Қашар орта мектебі»КММ

Күні: 30.11.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жусипова К.А.

Сынып: 1Ә

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны: 0






Сабақтың тақырыбы

20-ға дейінгі сандарды қосу

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 11-ден 22-ге дейін тура және кері санау; сандардың олардың натурал сандарқатарындағы орнын анықтау

1.1.1.3 **20-ға дейінгі сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштар мәніне жіктеу

1.1.1.2 ** 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру

1.1.1.4 санның ірі бірлігі - ондықты құру; 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру

1.4.3.1 **10-ға дейінгі сандар тізбегін құру




Сабақ мақсаттары

  • Қосу амалының ұғымын екі жиынның бірігуі және азайту амалын қосуға кері амал ретінде қалыптастыру; сандық сәуленің көмегімен қоса және азайта білуге үйрету

  • Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту

  • қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну

  • ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау

  • “+”, “–”, “=” таңбаларын қолдану




Жетістік критерийлері

Сандық сәуле — нүктелері санмен белгіленіп көрсетілген сәуле. Сандық сәуленің көмегімен қосу — оңға қарай қозғалу болса, азайту — солға қарай қозғалу болып табылады Оқушылар ондықтарды шығарып алады; ондықтарды атай алады; ондықтармен санай алады; толық ондықтарды сандарды атай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: сандық заңдылыққалай құрылғанын жəне

əрі қарай қандай сан болатыныни түсіндіре алады.






Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылық, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

«Суреттер бойынша» тапсырмасы көркем еңбек пәнімен байланысты

АКТ қолдану дағдылары

Сандарды пернетақта арқылы жазып көреді

Бастапқы білім


Оқушылар күнделікті өмірде сандарды кездестірген тәжірибесіне сүйенеді




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Бүгінгі сабақта оқушылар 20-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге сүйеніп қосып және алып үйренеді, Санау таяқшаларын пайдаланып, екі таңбалы сандарды модельдеу бойынша тәжірибе жұмысын ұйымдастыру.

Азайтудың жаңа тәсілін меңгеру үшін екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын еске түсіру.. Оқушылардың келесі сұрақтарға жауап беруі


— 17 санында қанша ондық бар? Қанша бірлік бар?
— 14 санында қанша бірлік бар? Қанша ондық бар?
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға бума жасау үшін санау таяқшалары мен резеңке тарату. Келесі сандарды: 15,18 санау таяқшаларының көмегімен ондықтарды бір бумаға біріктіруді ұсыну.. Оқушыларға бұл тапсырманы орындаған соң санау таяқшаларының көмегімен 17 санын шығару. Оқушыларға оны резеңкемен буып, 1 ондық және 7 бірлік шығару керектігін айту. 3 таяқшаны бумадан алып тастату. Оқушылардың әрекетін бақылау. Олардан жасаған іс-әрекеттері туралы қорытынды айту:
— 3 таяқшаны қайдан алып тастадыңдар? Бумадан ба, әлде шашылып жатқан таяқшалардан ба? (Шашылып жатқан таяқшалардан алдық.)
— Барлығы қанша таяқша қалды? (Жауабы: 14 таяқша қалды.)
Оқушыларға сабақта екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту әдісімен танысасыңдар. Тақтаға 17—3 мысалын жазып,. геометриялық фигуралардың көмегімен мысалдың қалай шешілетінін түсіндірііп өту. Оқушыларды eкі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту үшін бірліктен бірлікті азайту, ал ондықты өзгеріссіз қалдыру керек деген тұжырымға алу

Сергіту сәті



Сурет бойынша қосу амалына мысал құрастырып шығар. Азайтуды сандық сәулені пайдалану
Ұқсас мысалдарды шешу арқылы жасалған қорытындыны бекіту. Мысалы, 15-тен 3-ті азайтса, 19-дан 3-ті азайтса т.с.с. мысалдарды шешкізіп, қан-ша болатынын тапқызыңыз. 20-ға дейінгі сандарды азайтудың ашық амалын қолданып, азайтуға берілген тапсырмаларды ауызша орындауға талаптанған оқушыларды көтермелеу.Тапсырманы орындау қиындық туғызған оқушыларға көмектемін. Олардың берілген тапсырмаларды, суретке немесе сандық сәулеге сүйене отырып орындауын ұйымдастыру

Азайту амалын орында. Тапсырманы жалпы сыныппен орындау
Оқушыларға есептеу әдістерімен алғашқы танысу кезінде орындайтын әрекеттерге толық түсініктеме беруін ескертіп,. бірінші мысалды бүкіл сыныппен шешіңіз. Оларға мұғалімнің соңынан шешу кезіндегі пайымдарын қайталап отыру керектігін айту. Оқушы қарастырылып отырған сандарды ондықтар арқылы аттамай азайту амалын есте сақтап қалуы тиіс. Қалған мысалдарды оқушылардың жұптасып шешуі. Оқушылардан тексеру барысында алдымен азайту компоненттерінің атауын айтуды, сосын жауабын сұрау

Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4

Оқулық:

Жұмыс дәптері:

  • санау таяқшалары;




  • геометриялық фигуралар: 14 жасыл және 3 қызыл дөңгелек;




  • cанау таяқшалары;




  • геометриялық фигуралар: 17 жасыл шеңбер;




  • әріптер жазылған парақша;




  • 1-ден 20-ға дейінгі сандар үлкен цифрмен жазылған сандық сәуле;




  • ламинатталған беттер;







Сабақтың ортасы






Шығарып көр. Оқушыларға азайтудың жаңа амалын қызықты формада меңгеруді ұсыну. Оқушылар дорбадан бірнеше кәмпит алғаннан кейін, әрбір дорбада қанша дана қалатынын санап шығуы тиіс.
Бұршақ немесе ұсақ кәмпит салынған дорбаны алып,дорбада 18 бұршақ бар екенін хабарлау. Бір оқушыға дорбадан үш бұршақты алып шығуын өтініңіз. Қалған оқушылардан дорбада қанша бұршақ қалғанын сұраңыз (жауап: 15). Егер дорбадан 5 дана бұршақалып шықса, онда қанша бұршақ қалатынын сұрақ қою (жауап: 13).
Әрі қарай жұмысты жұппен орындатып, осы тапсырманы оқулық бойынша орындауды жалғастырамыз
Тапсырманы орындау барысында қиындыққа кездескен оқушыларға көмектесемін
Жауабы:_а)_16;_ә)_12;_б)_12;_в)_10__Көлік_тұрағы.'>Жауабы:
а) 16; ә) 12; б) 12; в) 10

Көлік тұрағы. Тапсырманы орындау үшін оқушыларды жұптарға біріктіріп,. жауаптарын хабарлау үшін әр жұптан бір өкіл шақырып, талқылау жүргіземіз.

Жауабы:

тұрақта 11 мәшине қалды



Орындап көр. Оқушылар берілген сандардың әрқайсысын 1-ге азайтады. Олар алдыңғы сан шығады деген қорытындыға келеді.


  • әріптер жазылған парақша;




  • 1-ден 20-ға дейінгі сандар үлкен етіп жазылған сандық сәуле;




  • А4 форматтағы ламинатталған қағаз және оқушылардың әрқайсысына маркер.




Сабақтың соңы

Мысалдарға сәйкес келетіндей дөңгелектерді бояп, оларды шығар. Тапсырма 20-ға дейін сандарды ондықтар арқылы аттамай азайту дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Қолданылып отырған амалға иллюстрация ретінде әрбір мысалға сурет салу, түрлі түсті қарындашпен мысалдағы бірінші сан нешені білдірсе, сонша дөңгелектерді бояуы керек. Мысалдағы екінші санды білдіретін дөңгелек санын оқушылар сызып тастауы керек. Бұл өзін-өзі көрнекті түрде тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жауабы:
17 – 4 = 7 – 4 + 10 = 3 + 10 = 13; 15 – 1 = 5 – 1 + 10 = 4 + 10 = 14; 19 – 7 = 9 – 7 + 10 = 2 + 10 = 12.

Мысалдар құрастыр. Оқушылар өздері ой-ларынан 20-ға дейінгі сандарды қолданып, 4 мысал құрастырады. Оларды шығарады. Өз есептеуінің дұрыстығын тексеру үшін сандық сәулені қолданады.
Кітаптар мен белгібаулар. Оқушылар кітаптарда берілген мысалдарды ауызша шешіп, белгібаулардағы жауаптармен оларды сәйкестендіреді. Есептеулерді оқушылар ауызша орындауы керек




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар он таяқшадан санап алып, оны кеңсе резеңке баулармен бумалап байлап қою барысында қиналатындарға бағыт беру.

Ауызша санау үдерісін бақылау арқылы бағалау. Қиналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттерін өткізу.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет