Тақырыбы: 1 – 10 дейінгі сандарды қайталау
Мақсаты: балаларды 1 - 10 сандарды қайталату, 10 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін кеңейту, есептер шығаруға үйрету.
Әдістәсілі: ой қозғау, сұрақ жауап, ойын тапсырмалар, т.б.
Көрнекілігі: 1 – 10 сандар, есептер және т.б. Ұйымдастырукезеңі:
Армысың асыл күн,
Армысың көк аспан.
Армысың жан досым,
Армысыз қонақтар!
Қызықтыру кезеңі: тақтаның алдында себет тұрады
Балалар қараңдаршы, анда себеттің ішінде не бар екенін көрейікпе? (Иә)
Балалар егер себетті ашқыларын келсе, менің тапсырмаларымды орындауларын керек
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс)
- Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?
- жаңажыл, аязата, күнсуытады, боран, дала ақ түске айналады
- Бір аптада неше күн бар? (7) Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі
Балалар апта күндері туралы мына өлең жолдарын қайталайықшы
Дүйсенбіде – доп ойнадым далада
Сейсенбіде – серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде – сурет салдым сәндетіп,
Бейсенбіде – би биледім әндетіп
Жұма – күні жидек тердім
Сенбіде – кино көрдім
Жексенбіде – үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бірапта
- балалар қанекей себетті ашайықпа? Олай болса менің тапсырмаларымды орындап себетті ашайық
- Балалар қоян нені жақсы көреді?
Себетте сәбіз барекен, қане кім санап береді?
- барлығы неше сәбіз екен? (10)
- Енді балалар осы сәбіздерден 1 сәбізді алып оның апсырмасын орындайық.
1 – сәбіздің тапсырмасы: 1 - 10 дейінгі сандарды санау, 1 - 10 ға дейін тура және кері санау.
2 – сәбіздің тапсырмасы «Шатасқансандар» ойыны.
шарты: балаларға 1 - 10ға дейінгісандартаратылады. Музыка әуенін естігенде олар жүгіріп билейді, тоқтағанда 1 - 10 ға дейін сандар ретімен тұра қалады.
3 – сәбіз тапсырмасы: 8, 5, 3 сандарының көршілерін атап беру
4 – сәбіз тапсырмасы: алдарында тұрған қағазға 1, 10 дейін жазыңдар
5 – сәбіз тапсырмасы: балаларға жеке жеке есеп карточкалары таратылады есеп шығару
6 – сәбіз тапсырмасы : сендер шаршап қалған сияқтысыңдар 6 сәбізіне сергіту сәтін жасайық. Шынығамыз, жастайбiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Әуенді сергіту сәті.
7 – сәбіз тапсырмасы : бұл сәбізде логикалық есептер бар екен
Ағашта 5 құсотыр, оның 2 ұшып кетті ағашта неше құс қалды?(3)
Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы неше алма?(5)
8 – сәбіз тапсырмасы: сандар туралы санамақ білесіңдерме?
1 – дегенім білеу
2 – дегенім егеу
3 – дегенім үстел
4 – дегенімт төсек
5 – дегенім бесік
6 – дегенім асық
7 – Дегенім желке
8 – Дегенім серке
9 – Дегенім торқа
10 – Дегенім оймақ
9 – сәбіз тапсырмасы : дәптермен жұмыс
10 –сәбіз тапсырмасы:тосын сый.
Қорытындылау: сабақта алған білімдерін пысықтау.
«№3 жалпы білім беру орта мектебі»КММ-сі
Ашық сабақ
1-10 дейінгі сандарды қайталау
Орындаған: Нуруллаева М
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |