Қысқа мерзімді жоспар. Пән мұғалімі: Оспанова Гүлнұр Елубайқызы
Сынып: 11 «А»
Сабақтың тақырыбы: Батыр Баян поэмасы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу. Поэмадағы Баян бейнесін тарихтағы Баян бейнесімен және өзге шығармалармен салыстыру;
дамытушылық: Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.
тәрбиелік: Тарих тұлғаларының патриоттық іскерліктеріне шолу жасау арқылы патриоттық сезімін арттыру. Туған еліне жеріне, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқытудың нәтижелері:
Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып, тереңірек ойлауға талаптанады.
Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай отырып, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай отырып, өз идеяларын айта алады.
Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
Сілтеме: 11 – сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы. Авторы: Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Б. Ыбырайм Алматы қ. «Мектеп» 2011 ж.
Қамтылатын модульдер:
1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмыс), 2-модуль СТО (Блум таксаномиясы жүйесі бойынша оқыту, ВЕНН диаграмма , автор орындығы, синкуэйн әдісі, РАФТ стратегиясы, диалогтік оқыту) 3-модуль бағалау (топ басшысы оқушыларды бағалауы), 4 –модуль (АКТ пайдалану (интербелсенді тақтаны қолдану) 5 модуль талантты және дарынды балаларды оқыту (жоба қорғау, ізденушілік жұмыс, шығармашылық жұмыс), 7 модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Ресурстар: интернеттен алынған
Қадамдар:
Үй тапсырмасын тексеру
интерактивті тақтамен жұмыс
Топпен жұмыс.
рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Ұйымдастыру
Оқушының зейінін сабаққа аудару
Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, басшы тағайындау.
Үй тапсырмасын сұрау
Көркемфильм көрсету, осының негізінде тапсырма беру
Сабақ барысында болатын тапсырмаларды түсіндіру
Оқушыларға жалпақ сұрақтар қою
Оқушылармен диалогқа түсу
Бақылау, бағалау, ынталандыру
Оқушының іс-әрекеті
ЭССЕ оқу
«Автор орындығы» ойынына қатысу
Көркем фильмді қарап, өз толықтыру
Жалпақ сұрақтарға жауап беру
Композициялық құрылым құру және өз сөзімен баяндау
ВЕНН диаграмма әдісі арқылы постер қорғау
Кейіпкерлердің бейнелерін ашу
Мұғаліммен диалогқа түсу
Пікірталасқа ат салысу, өз ойын ортаға салу
РАФТ әдісі арқылы жеке шығармашылық жұмысты орындау
Синкуэйн әдісімен бес жолды өлең құрастыру
Ұйымдастыру кезеңі: ынтымақтастық атмосферасын құру
Үй тапсырмасын тексеру «Мағжан -сыршыл ақын» тақырыбында ЭССЕ жазу.Өлеңдерін жатқа айту
«Автор орындығы» әдісімен бір оқушы Мағжанның образына еніп, бірінші жақта сөйлейді, оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап береді.
1. Сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
2. Туған жеріңіз қай жер?
3. Қайдан білім алдыңыз?
4. Ең алғашқы өлеңдер жинағыңыз қалай аталады?
5. ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жағдайды бейнелейтін шығармаңыз.
Жаңа сабақ: мұғалім сөзі
«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның бейнесін сомдады. Оның портреті даму үстінде біртіндеп айқындалды. Поэмада көтерілген тақырып - ұлттық тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп еңіреген перзентінің кеудесін жарып шыққан ыстық сезімі.
Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші оймен таласып, істеген ісінің ұшығына жете алмай, күмәні молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян.
Оқушыларға фильм үзіндісін көрсету.
«Батырлық дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті».
Жалпы сұрақ.
- Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі?
- ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы.
«Батыр Баян» поэмасын сатылай кешенді талдау.
«Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.
Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу.
Жанры: Поэзия, поэма
Әдеби теориялық ұғымдар:
Кейіптеу: өмір күшті уын аяды ма, қанды ор боп қалады, қызыл тілім кісендеулі
Метафора : Көкшенің жүрегі , жаным жаралы
Теңеу: сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей, атқан тандай , бар сұлулық жиылғандай. Анафора әдісі арқылы поэманың бояуын күшейтіп, естілу қуатын арттырған.
Шығарманың тәрбиелік мәні: Мағжан- ұлттық ақынымыз. Тарих материалын ұлттық тақырыптың иінін қандыруға жұмсайды. Жаңаны дәріптеу дегенді білмейді. Айтайын дегенін жүрегінен суырады. Шығармасын өмір бойы есіңнен кетпейтіндей, әсерлі етіп жазған.
Бірінші тапсырманың барысы:
Шығарманың тарихилығына назар аударту, жоңғарлардың ХVІІІ ғасырда қазақ даласына жасаған шабуылдары, Абылай ханның, батыр Баянның тарихтағы рөлін нақты деректерге сүйене отырып баяндау.
Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жасай отырып, оқиғаның байланысын, дамуын, шиеленісуін түсіндіру.
Әр топ жеке шығармаға композициялық жоспар құрастырады және баяндап береді
1-топтың жұмысы
1.Көкшенің әсем келбеті.
2.Алашқа аты аян Абылай хан жиыны.
3.Батыр Баянның қос ғашықты мерт етуі.
4.Батыр Баянның қалмаққа қарсы шабуылы.
5.Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы.
2-топтың жұмысы
1. Қалмақ қызының тұтқынға түсуі.
2.Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы.
3. Ноянның қалмақ қызымен қашуы.
4. Батыр Баянның опасыз жандарды өлтіруі.
5.Батыр Баянның соңғы шайқасы.
Екінші тапсырманың барысы:
Бірінші топ ВЕНН диаграммасы арқылы Мағжан және Сәкеннің екі шығармасын салыстырады.
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы
Абылай ел билеген кездегі ағайынды інілі батырлар Баян мен Ноянның арасында қалмақ қызының кесірінен туындаған дау. Ноянның қалмақ қызымен елден қашуы.Ноянның сатқындығы Баянның жорығы, өмірде болған оқиға.
Екі шығарма да поэма жанрнда жазылған,Абылайдың қалмақ еліне шабуылы, қалмақ қызын тұтқынға алуы, қалмақ қыздың сұлулығы суреттеледі және айлакерлігі байқалады.
жазылған
Көкшетау өңірінің әсем де сұлу табиғат көрінісі тамашаланады, поэма бірнеше тараудан тұрады.:Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес. Қалмақ қыздың қойған шарты болады,
\
Екінші топ Венн диаграммасы арқылы Батыр Баян мен Ноянды салыстыру.
Батыр Баян Ноян
ағайындылар
ер намысын азаматтық
өз намысым намысын
деп есептеген. жоғалтып алған.
Үшінші тапсырманың барысы: кейіпкерлердің бейнелерін ашу
Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр Баян – Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.
Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.
Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.
Қорытынды:Оқушыларға жалпы сұрақтар берілді.
- Поэма ұнады ма?
- Поэманың таңғалдырған тұсы.
- Қандай тарихи тұлғалар бар?
- Абылай хан туралы не білеміз?
- Поэмада Абылай қалай суреттеледі?
Абылай саясаткер, дипломант, 1843 жылғы Жоңғария мемлекетінің әлсіреуіне күш салды. 1710 - 1757 жылдар аралығында өмір сүрген. Абылайдың серігі, ағасы Сары екеуі, Қарағанды облысында бейіті бар.
Ауқымды сұрақтарға кезек.
1) Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
- Ноянды кері қайтарар едім.
2) Поэмада Баяннан кеткен қателік.
- Сұлу қызды еліне алып келуі.
3) Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
- Екі жас бақытты өмір сүрер еді.
4) Шығармадағы ар - намыс мәселесі қалай көрініс табады?
Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды. Пікірталас ұйымдастыру
Баянның өз інісін өлтірмегені дұрыс болар ма еді?
Ия (өлтірмегені дұрыс)қайырымды батыр болар еді, жастардың ыстық ықыласына бөленер еді.
Жоқ (өлтірмегені дұрыс емес)Ағасын туған елі алдында қара бет қылды. Ел намысын аяққа таптады.
RAFT – әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену. Бұл өз бетімен шығармашылық жұмысқа жатады.
Үлгі: Бұл тапсырма алдын - ала берілді. Оқушылар үйден дайындалып келуі керек.
Роль – қалмақ қызы
Аудитория – Баян
Форма – хат
Тақырып – кешірім
- Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.
- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.
Роль – Батыр Баян.
Аудитория – Ноян.
Форма - әңгіме.
Тақырып – өкінген іс.
- Мен Баян батырмын.
Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Орны толмас өкінішке душар болдым. Бұл ісімнің ешқашан ақталмасын да білемін. Өмір бойы өзімді жазалап, өкініп өтермін.
Шығарма кейіпкері Баянға 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.бір топ өлең шығарса, екінші топ мінездеме береді.
Мысалы:
1. Кім? Баян.
2. Қандай? Қайратты, намысқой.
3. Не істеді? Тұтқындады, ызаланды, өлтірді.
4. Баян Абылайдың қанатты батыры.
5. Кім? Адам.
Баян-Абылай бастаған ел азаттығы жолындағы күрескерлердің жиынтық бейнесі,елім деп еңіреген ерлердің бейнесі.
Баян бойындағы адамгершілік қасиеттері: Батырлығы алашқа аян, елдің еркесі. Ханның қанаты. Жаны таза, өзгеге зорлық жасамайды. Намысшыл, Отан үшін інісінің опасыздығын кешірмейді. Ұлт қаһарманы, отаншылдық биігінде самғаған қыран.Дара тұрған тұлға, Абай армандаған, Мағжан қостаған, «ақыл,қайрат,жүректі» бірдей ұстаған толық адам.
Түртіп алу стратегиясы- Нені бұрыннан білемін? Нені жаңадан білдім?
Бағалау: топ басшысы топ мүшелерін бағалайды, соңғы бағалауды мұғалім қорытады.
Үйге тапсырма: ұнаған үзіндіні жаттау, Ноян мен Толқыншашқа «Мәтіндік портрет» жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |