Атырау облысы, Атырау қаласы,
Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы
Қазақ әдебиеті, 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.
Тәрбиелік: Мағжан поэмасындағы образдар жүйесіне баға бере отырып, ақынның асқақ тұлғасы мен бай шығармашылығына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншілігін ояту.
Дамытушылық: Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:талдау, жинақтау, пікірталас, сұрақ -жауап, «Эмоциялар графигі», «Маңыздылық аймағы», «Ыстық микрофон».
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның портреті, шығармалар жинағы, слайдтар, бейнетаспа.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Батырлық дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті».
1. «Батыр Баян» поэмасын құрылысына қарай талдау. Екі топ «Эмоциялар графигі» кестесін орындайды.
2. Поэмадағы түйінді идеяларды табу. Екі топқа «Маңыздылық аймағы» сызбасы беріледі.
Бейнетаспадан «Батыр Баян» фильмінен үзінді тыңдалады.
Оқушыларға тақырып бойынша жалпы сұрақтар беріледі.
- Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі?
- ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы. - Поэма ұнады ма? Авторы кім?
- Негізгі кейіпкерлері кімдер?
ІІІ. Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз – Поэмадағы кейіпкерлер бейнесі.
Топтық жұмыс. Дәптерге орындау. 1. Абылайдың поэмадағы және тарихи деректер бойынша бейнесі. (Абылай саясаткер, дипломант, 1843 жылғы Жоңғария мемлекетінің әлсіреуіне күш салды).
2-топ. Баян туралы білетіндерін жазу.
Тарихи дерек.
1710 - 1757 жылдар аралығында
өмір сүрген. Абылайдың серігі,
ағасы Сары екеуі, Қарағанды
облысында бейіті бар.
Поэма
Жаудың албастысы. Абылайдың
қанаты, қанды балақ серігі.
Ноянның ағасы, ел еркесі.
3-топ.Ноян бейнесі. 4-топ.Қалмақ қызы.
ІV. Білімді бекіту.”Ыстық микрофон” әдісі арқылы үш кейіпкерді сомдау.
1.Баян. - Мен Баян батырмын.
Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Орны толмас өкінішке душар болдым. Бұл ісімнің ешқашан ақталмасын да білемін. Өмір бойы өзімді жазалап, өкініп өтермін.
2.Қалмақ қызы. Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.
- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.т.с.с.
3. Ноян. - Мен - Ноянмын. Қалмақ қызы өте сұлу болған соң, есім кете ғашық болдым. Көзсіз жақсы көрдім. Сол қыздың жолында елімді, жұртымды құрбан қылып, дұшпан елге аттандым. Ақыры осындай күйге ұшырадық. Жас өміріміз қыршынынан қиылды. V.Сабақты қорытындылау.
1) Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
- Ноянды кері қайтарар едім.
2) Поэмада Баяннан кеткен қателік.
- Сұлу қызды еліне алып келуі.
3) Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
- Екі жас бақытты өмір сүрер еді.
4) Шығармадағы ар - намыс мәселесі қалай көрініс табады?
- Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл поэма қайғылы аяқталады. Дегенмен тарихта қалмақ қыздарын жар еткен қазақ батырлары да аз болмаған.Мысалы, әз Тәуке ханның, Қабанбай батырдың, Малайсары бидің, Қазтуған жыраулардың аналары қалмақ болған екен. Ал Абылай ханның 12 әйелінің 7-еуі қалмақ болған, Қасым деген ұлы Қалдан Сереннің қызы Топыштан туған, ал Қасым – Кенесары ханның әкесі. Бұл қалмақ қыздарын қазақ-қалмақ арасы тату болуы үшін де беріп отырғанын тарихи деректер анықтайды .
VI. Сабақты қорытындылай келе, берілген жауаптарын қадағалай отырып, оқушыларды бағалаймын.
VIІ.Үйге тапсырма.
Мағжан шығармашылығы туралы «Мағжан – сыршыл ақын» атты ойтолғау жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |