Сабақтың тақырыбы: Өзімді-өзім танумен өсіп келемін. Сабақ мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі428,03 Kb.
#26125
түріСабақ
Қызылжар орта мектебінің

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Койшибаева Балкенже Тюлегеновна.

Сабақтың тақырыбы: Өзімді-өзім танумен өсіп келемін.

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретінде түсініктері кеңейеді. Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын түсінеді.

2. Дамытушылық: Өздерін жеке тұлға ретінде сезінеді.

3. Тәрбиелік: оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге үйренеді. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Проектор, музыка, әл-Фараби суреті, плакаттар мен маркерлер

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.

Топқа бөлу (түстері түрлі шарлар арқылы) - 3 мин

Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену» - 3 мин Сабақ барысын талқылау:

Жуан, жіңішке сұрақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін ояту

Дәйек сөз. Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,

Ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби

1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Неге ақыл айту оңай іс?

2 сұрақ: Өзіңді түсінуді неге ауыр іс деп біледі?

3 сұрақ: Неліктен адам өзін түсіне білуі қажет? Талдауда біреудің бойындағы кемшілікті көріп, ақыл айту оңай, адамның ең жақсы қасиеті – өз бойындағы кемшіліктерді өзі байқап, соны болдырмауға тырысу, адамның өзін-өзі түсінуі, түсіне отырып өзін-өзі тәрбиелеуі өмірлік үдеріс. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі жемісті болады.

2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Абайдың қара сөзін оқытуды сұрау. Түсінгендерін сұрақ қою арқылы анықтау:

1 «Өзіңнен өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзді қалай түсіндіңдер?

2 Есті болу үшін адамға қандай қасиет керек?

3. Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс

2 тапсырма: өлең жаттау

3тапсырма: криптограмма шешу. Криптограмманы шешу нәтижесінде «Өзін-өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзі оқылады.

4. Топпен ән айту.

«Мен де өсіп келемін»

Желдей жүйткіп жылдармен Үйренемін, ұғамын,

Мен де өсіп келемін. Өмірдің жинап керегін.

Отанымды сүйемін, Керек болса көмегім,

Қадірін оның білемін Қол ұшымды беремін.

Мектепке де барамын, Адал туған Отанға

Білімнің бойлап тереңін Ұлы болсам, деп едім.

Топтар бірлесе отырып әнді әуенге қосылып орындайды.

5. Соңғы тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

6. Рефлексия

Кері байланыс парақтарын толтыру Сабаққа белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдіру.

Сабақтың тақырыбы: Адам мінезімен танылады.

Құндылық: ақиқат, қиянат жасамау

Қасиеттер: адамгершілік, толеранттылық, жан жылуы

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік:оқушылар адам мінезі, оны жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінеді,

2. Дамытушылық:жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйренеді және жақсарта алуға ықпал ете алатын болады.

3. Тәрбиелік: балалардың бойында өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Компьютер, әуен, постерлер, маркерлер, магнит тақтасы, карточкалар

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Мақалдарды құрастыру арқылы жұпқа бөлу. Орын ауыстыру.

Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Дат суретшісі Херлуф Бидструптың адам мінезіне байланысты салған суреттеріне қатысты әңгіме, ертегі немесе көрініс дайындап келу.

Сабақ барысын талқылау:

Сабақ жоспарымен таныстыру. Қалаулары бойынша өзгеріс енгізу.

Сахналық көріністерді тамашалау, топтық бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.

Дәйек сөз.

Адам мінезімен көрікті.

Адамның сыртқы келбетімен қатар ішкі жан дүниесі де сұлу болу керек. Ішкі жан дүниенің сұлулығы көбіне мінез арқылы көрініс береді.

1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Мақалды қалай түсінесіңдер?

2 сұрақ. Неліктен мінез адамды көркейтеді?

3 сұрақ: Шынымен мінезі жақсы адамдарды атап берші.

Түсініктерін бекіту мақсатында жағдайаттарды талқылау.

2. Жағдайаттарды шешу.

1 жағдайат:«Кім Қыз Жібек болады?»

2 жағдайат: «Жылы бауырсақ»

Толық еркіндік беру? Салыстырмалы мысал келтіруге бағыттау

3. Топтық жұмыс

1 топ: Мінез-құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.

2 топ: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар – адамшылық қасиеттер болып табылады.

3 топ: Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әр топ әл-Фарабидің сөздерін оқып постер бетіне суретпен салып түсіндіреді.

Мақсаты- жақсы мінез адам өмірін нәрлендіретіндігінғ шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретіндігін ұғындыру

4. Шығармашылық жұмыс

«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында шағын әңгіме жазуға тапсырма беріледі.

Тақырыпты бекіті мақсатымен қалаулары бойынша дауыстап оқып береді.

5. Түйіндеме

Сыйлы, қадірлі болуға септігін тигізеді.

Жақсы мінез адамдардың сенімін туғызады .

Өзіңнің, өзгелердің өмірін қуанышқа бөлейді.

Түйіндеме шығару

6. Топпен ән айту.

Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,

Жігіттің мұны керек аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан.

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

Сабақтан алған әсерлерін өлең жолдарымен түйіндету

7. Соңғы тыныштық сәтi. «Орманға серуен» 1-2 мин

8. Рефлексия

Әр топқа бес жолды өлең жазғызу

Постерді тақтаға ілу



Сабақтың тақырыбы: Адамның жан сұлулығы.

Құндылық: жан тыныштығы

Қасиеттер: кішіпейілділік, имандылық, адалдық

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Балалардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктері кеңейеді.

2. Дамытушылық: жанындағы адамдардың жан сұлулығын көре білуге үйренеді.

3. Тәрбиелік: адамдардың жақсы қасиеттерін бағалап, құрметтеуге дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Бейнеролик, музыка, сахналық көрініске қажетті заттар

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу, орналастыру.

Тыныштық сәтi. «Демалу» сазды әуенді қосып балаларға тыңдату. 2 мин

2. ББҮ кестесін толтыру

Білемін Білгім келеді Үйрендім

Сабақ барысын талқылау:

Адамның жан сұлулығы туралы түсінік. Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту. Адамды тек сыртқы келбетіне ғана емес, оның адамгершілігіне қарап бағалай білуге үйренеді.

Дәйек сөз.

«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек»

Виктор Гюго Адамның сыртқы сұлулығы толық болуы үшін адалдық, мейірімділік, сезімталдық, сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттерден бастау алатынын ұғынады

1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Ішкі сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?

2 сұрақ: Сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың қандай айырмашылығы бар?

3 сұрақ: Ішкі сұлулықты қалай көруге болады? Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет екенін түсінеді.

2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс:

1 топ: 1 тапсырма «Жаны сұлу адамды сипаттау»

2 топ: 2 тапсырма: «Сұлулық», «Жан сұлулығы» түсініктеріне анықтама беру

3 топ: Берілген сөздерден адамның жан сұлулығын көрсететін құндылықтар мен қасиеттерді таңдап бөліп алу

Топта жұмыс істеуге дағдыланады, ойларын еркін ортада талқылауға ашылады, басқалардан кем болмауға тырысады.

3. Бейнеролик көрсету:

«Барлық әлемді жылатқан бала »

Сабақтан алған білімдерін бейнероликпен байланыстыра отырып тұжырымдау

4. Топпен ән айту. «Бақытты балалық шақ»

Сөзі: Ж.Тұрбековтікі

Әні: Ә.Есбаевтікі Музыка қосылады, балаларға ыңғайланып отыруға мүмкіндік беріледі.

5. Соңғы тыныштық сәтi. 1 мин «Хрустальная композиция» әуеніне демалу

Ойларын жмнақтау, ой түйін жасауға уақыт беру.

Сабақтың тақырыбы: Жақсы көңіл күй – жан шуағы.

Құндылық: жан тыныштығы

Қасиеттер: мейірімділік, шаттық, қуаныш сыйлау

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсініктері кеңейеді;

2. Дамытушылық: өз көңіл күйн, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдылары дамиды;

3. Тәрбиелік: өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге үйренеді. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

3. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену». Балалар негативті көңіл-күйден арылуға үйренеді. Жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түседі - 2 мин

Сабақ барысын талқылау:

Жағымды/жағымсыз эмоциялар, сезім күйі және ішкі сезімдерін түсіне білуі.

Дәйек сөз.

Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.

Уильям Гэзлит

6. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Жақсы мінез бен жаман мінездің айырмашылығын қалай көреміз?

2 сұрақ: Неге сарқылмас байлық деп айтылған?

3 сұрақ: Жақсы мінездің өміріңде қандай көмегі болады? Басты бағыт адамның өз көңіл күйін билей білуіне, өзінің ішкі сезімін пайымдай білуіне негіздеу. Сұрақтар арқылы адамның өзін жақсы ұстауы өзгемен қарым-қатынасының жақсы болуына, өзгенің көңіл күйін дұрыс қабылдай білуіне, өзінің әрекеттерін дұрыс бағалай білуіне жетелеу.

7. Шығармашылық жұмыс. Сахналау.

Карточкалардағы тапсырмалар:

1. Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш;

2. Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң;

3. Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық;

4. Өз досыңның жеңісіне мақтаныш;

5. Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш. Оқушылар адамның көңіл күйі, түрлі сезімдері іс жүзінде қалай көрініс беретіндігін, оның өзге адамдарға қалай әсер ететіндігін терең түсіне біле түседі.

8. Ойын ойнату

«Менің сырымды ұғып ал» Мұқият әрі сезімталдыққа үйренеді

9. Өзіндік жұмыс Суретпен жұмыс жасау

Күннің көзіне көңілін көтерер жағдайлары, ал бұлттың үстіне көңіліне қаяу салатын жағдайларды жазу. Өздерін түсіне білуге жаттығады.

10. Үй жұмысы: дәптердегі 15 бетке

«Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиға» тақырыбында шағын эссе жазып келу. Ой толғай алуға, ішкі сезімдерін талдай алуға дағдыланады.

11. Соңғы тыныштық сәтi.

«Демалу» композицияның әуені қосылады. Ой түйін жасайды, алған білімдерін, әсерлерін жүйелейді.

8. Өзара кері байланыс парақтарын толтыру Пікірлерін білу



Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос.

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, кішіпейілділік, имандылық

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктері кеңейеді, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғады.

2. Дамытушылық: «Жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдері кеңейе түседі.

3. Тәрбиелік: мейірімді, қайырымды бола түседі. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Түсті карточкалар, ашық хаттар, стикерлер, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар, музыка

Сабақ барысы:

2. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Шығармашылық топтарға бөлу (түсті карточкалар арқылы 4 топқа бөлінеді).

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену» композициясы Сабақ барысын талқылау:

Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек

Дәйек сөз. Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе!

Кабуснамадан Адамдар бір-біріне жақсық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болатынын, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайтынын тусінеді.

1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: мақалдың 1 жолын түсіндір.

2 сұрақ: мақалдың екінші жолын қалай түсінесің?

3 сұрақ: неліктен жақсылық жаш шуағы делінген?

Мақалды өз сөзімен дәйектеуге, сондай-ақ оқушылардың бойында жақсы қасиеттер қалыптасады.

2. Шығармашылық жұмыс.

22 бет, дәптермен жұмыс.

Аталған құндылықтарды топтарға бөліп алғызу және өмір шыңына шығу жолын елестете отырып суреттеу.

3. Ашық хаттар жасау, тілектер жазу.

Тілектер жазылған ашық хаттарды қиып алып сыйға тарту. Жақындарына ізгі тіллек білдіруге дағдыланады.

4. Мақалдарды талқылау, мағынасын ашу.

1. Жақсы адам жолдасына белгілі.

2. Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

3. Бітер істің басына, Жақсы келер қасына.

4. Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы сөз – жанның ырысы.

Көзқарастары мен пайымдауларын дәйектей білуге дағдыланады.

5. Үй жұмысы: Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін оқып талқылау, қасиеттерді топтарға бөлу. Балалардың бойында жақсы қасиеттерд қалыптасады, жаман қасиеттер болмайды, әр істен өздері қорытынды жасай білуді үйренеді.

6. Соңғы тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену» композицияның әуені қосылады.

7. Кері байланыс парақтарын толтыру

Балалардың түсінген және түсінбеген ұғымдарын анықтау



Сабақтың тақырыбы: Махаббат өмір өзегі.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық, сыйластық

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: оқушылар махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін аша біледі;

2. Дамытушылық: сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыта алады;

3. Тәрбиелік: өз Отанын, туған жерін, ата-анасын суюге дағдыланады. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Бір-бірлеріне жақсы сөздер айту, жүректерінің жылуын сыйлау.

Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат», армандау, жан дүниелерін тыңдау. Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы ойларын тыңдалады, оның адам өміріндегі мәнін түсінеді.

Дәйексөз: Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды.

Байрон


1. Әңгiмелеу (сұхбат).

1 сұрақ: Неліктен адам өзін-өзі сүйю керек?

2 сұрақ: Не себептен өзін сүйменген адам ештеңені де сүйе алмайды делінген?

3 сұрақ: Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріп беріңдерші?

Оқушылардың бойында патриоттық сезімдері оянады, өз елін сүйе білуі мен құрмет тұтуының адам өмірінде қандай орын алатынын түсінеді.

2. Шығармашылық жұмыс.

«Махаббат» және «Сүйіспеншілік» ұғымдарын топтастыру

- Өзін-өзі, өзгелерді тануға жетелейді;

- Өзгелерді сыйлауға негіз болады;

- Ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді;

- Отанды, елді құрметтеуге үйретеді;

- Табиғаттың сұлулығын сезіндіреді. Бұл сезімдер адамның өзін-өзі, өзгелерді тануға жетелейтінін, өзгелерді сыйлауға негіз болатынын, табиғат сұлулығы мен әдемілігін сезінетінін, махаббат арқылы Отанды, елді, халықты құрметтейтіндерін түсінеді.

3. 1,3 топтар «Қайдасың, қасқа құлыным?»

2,4 топтар «Қасиетті туған жерді қастерле»

Мәтіндерді оқи отырып мағынасына қарай постерлер салады.

Табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артыдал

4. Нақыл сөздерді талқылау, мағынасын ашу. Топтық жұмыс

- Сүйіспеншілік - жүректен (Ш.Құдайбердиев)

- Махаббатсыз жүректе мән жоқ. (И.Гете)

- Махаббатсыз дүние бос. (А.Құнанбаев) Даналық сөздердің мағынасын аша отырып, оқушылардың махаббат туралы түсініктері кеңейе түседі, махаббатсыз дүниенің мәні болмайтынын, сүйіспеншілік жүректен шығатынын ұғынады.

5. Үй жұмысы:

«Махаббат мәні» А.Самиғоллаұлы Өлеңді оқу барысында оқушылар өмірдегі бар жақсылықтың бастауы махаббаттан басталатынын ұғынады.

6. Соңғы тыныштық сәтi. «Сыған серенадасы» Тоқтар Серік Балалардың ішкі сүйіспеншілік сезімдері оянады.

7. Кері байланыс парақтарын толтыру Сабақтан алған әсерлерін анықтау.



Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сабақ мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту,сүйіспеншілікпен әрекет жасау дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

Білімділік: мейірімділік қасиет пен өзара көмек әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:қамқорлық жасау өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:қайырымды,жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер),Видео

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлеу. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ: Қандай әсерде болдыңдар?

Қорытынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайырымдылық» тақырыбын сұрау.

қорытындылау

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан. М. Пришвин.

Қорытынды: Өзің адамдарға, айналаға көмек көрсете алсаң, саған да қиналған сәтте адамдар, айналаңда көмек береді дегенді білдіреді.

Жан-жағына жақсылық жасап жүру жақсы адамның ісі.

Әңгiмелеу

Мәтінмен жұмыс.

Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында З. Мейірхановтың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін мұғалім оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

- Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

- Маржанға баға бер.

Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылық тамшысы»

Оқушылардың санына сәйкес алдын - ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тақтаға тамшыларды іліп, өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.

- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Қорытынды:

Оқушылардың алған білім - біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға, жан - жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау – адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

5.Шығармашылық жұмыс

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

- Суреттегі бос тор көздерге «Ана деген кім?»сұрағына жауаптар жазыңдар. (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жария етеді)

- Расында да, адамның әдептілігімен, жан дүниесінің жылулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Құрметті ұстаз - аналар алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз!(Оқушылар жауқазын гүлін ұстаздарға сыйлайды)

Жүректен жүрекке.

Оқушылар жүрегімізді жақсы тілекке толтырайық. (оқушылар жүрекке жақсы тілектер жазып оны үлкен жүрекке іледі)

Елімізде қайырымдылық жасаудың негізінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда. ( Оқушыларға слайд арқылы көрсету

6.Топпен ән айту.

Қорытынды:Жақсы бала еңбекшіл болады, қиындықты женеді барлық табиғатда суйсінеді онда балалар есимізден жақсылықты шығармайық.

Үй тапсырмасы.

Алпыстан асқаннан ақыл сұра. Оқу.

8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!

Жауабы: Сүйіспеншілікке, мейірімділіккке, әдептілікке, бауырмашылдыққа үйрендік. Осы қаситеттерді жүрегімізде сақтайық та, ақырын көзімізді ашайық. Деп музыканы сөндіреміз.

Ал енді, демалып келіңдер!.



Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы.

Құндылық: Адамгершілік

Қасиеттер:Мейірімділік, қайырымдылық

Сабақ мақсаты:

«Даналық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: -жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі – халық даналығы екендігін түсіндіру; -халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру; -халық даналығын сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық , Данышпан атаның жіберген хаты, Ақботаның қоржыны.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Қорытынды:

Үнемі бір-біріңізге жақсылық тілеп жүріңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз. «Ақыл шыңы – даналық» халық даналығы

Мәтінмен жұмыс

Өсиет әңгіме *Хан баласы «халық даналығын» қалай табады? *Халық даналығына нелер жатады?

Қорытынды:

6.Шығармашылық жұмыс

Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар. 1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. 2. Адам деген – ардақты ат. 3.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 4. Адам арын ойлайды. 5. Оқу – инемен құдық қазғандай. 6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 7. Адамның сұлулығы – шыншылдығында.

Дәптермен жұмыс -Дәптерде жұмбақ шешуінің суреттері (доп, күн, өрмекші) берілген, олардың тұстарына қалдырылған бос жолдарға жұмбақтың берілуін жазыңдар. *Домалап кетеді, Қайта домалап жетеді. (Доп) *Қараңғыны түреді, Ылғи жалғыз жүреді. (Күн) *Шидей ұзын сирағы, Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп көп жерге Аспалы тор құрады. (Өрмекші)

Ойын. «Жұм – аш» Балалар партада өз орындарында отырады. Бір оқушы ортаға шығап, берілген бір заттың түрін, түсін, көлемін, ерекшелігін жұмбақтап жасырады, қалған балалар табуға тырысады.

Үй тапсырмасы.

Халқым менің қонақжай. Қонақ күту рәсімін айту. Оқу

9.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қоямыз. Сонымен балалар бүгін қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйрендік?

Қане бәріміз бірігіп есімізге түсірейік!

Жауабы: Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру, оны құрметтеп, сақтауға, бағалауға үйрендік. Осы қаситеттерді жүрегімізде сақтайық та, ақырын көзімізді ашайық. Деп музыканы сөндіреміз.

Ал енді, демалып келіңдер!.

Сабақтың тақырыбы: Келісім мен кешірім.

Мақсаты: Кешірім мен келісім ұғымдарын қалыптастыру. Топпен жұмыс істеуге баулу. Сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: СТО технологиясы.

Көрнекі құралдар: слайд, түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері, қағаздан жасалған бұлт.

Шаттық шеңбері:

Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.Бір- біріне жақсы тілектектерін айтады.

Түсінісу


Бір үйдегі екі адам Сыры неде екі жайттың?

Ұғыспайды бір- бірін. Білсең айтшы, қарағым,

Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма

Келіспеуі тым қиын. Бәрекелді, жарадың !

Екінші үйде адамдар көп, Сәл ойланып тұрды бала

Тату-тәтті тұрады. Жауап берді ойланып

Бір- бірімен тайталаспай, «Сыры мұның- түсінісу» –

Қас- қабақпен ұғады. Деп жауабын берді анық.

Мәтінмен жұмыс Мақтаншақ жолбарыс.(ертегі)

«Бағыттап оқу» стратегиясы.

1 бөлім.

– Ертегі қалай басталған?

– Жолбарыс неліктен жылады?

2 бөлім


– Жылап отырғанын кім көреді?

– Қарға бірінші оны қайда апарады?

3 бөлім

– Жайра не деп жауап берді?



– Одан кейін қайда апарды?

– Аю екі қонағын қайда апарды?

– Піл бастап, барлығы қайда келеді?

4 бөлім


– Қолтырауын не деп жауап береді?

– Бұлбұл не істеді?

– Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

Дәйексөз


М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»

– Адамдар абайсызда бірін- бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады.Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым қатынастағы ең бір жақсы қасиет.Өйткені татулық бар жерде сыйластық, бақыт, жақсы өмір бар.

Ойын жаттығу.

Тақтаға бұлттың суреті ілінеді.Оқушыларға түрлі- түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері таратылып беріледі.Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.

Жағдаяттарды талдау.Жағдаяттарды оқиды.

– Сендер Айбектің орнында болсаңдар не істер едеңдер?

– Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

– Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?

Сергіту сәті

Екі топқа бөлінген оқушылар қол ұстасып, екі шеңбер құрып еденге отырады.Мұғалімнің «Қане, тұрайық!» деген сөзін естігенде бәрі бірдей қолдарын жібермей бірге тұру керек.Тұрған соң қол ұстасқан күйі артқа шалқайып, ашылып келе жатқан гүл шоғырын бейнелейді.

Жаңа ақпарат

«Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет».

Тапсырма

«Сыныптастарыңмен келісімге келіп, кешіре білген кездеріңді еске түсіріп айтыңдар».

Дәптермен жұмыс

Жүрекшенің ішіне «Мен кешірім сұрай білемін…»айдарымен берілген жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.

Қорытындылау.

– Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады.Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек.Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлей біледі.

Жүректен жүрекке.

Балалар шеңберге жиналып,дөңгелене тұрады.А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін бәрі бірге айтады.

Татуласу

Әкел, досым, қолыңды, Баққа бірге кірейік,

Татуласқан орынды. Қол ұстасып жүрейік.

Өкпелесіп не керек, Татулықтың белгісі,

Көрсет, қане, соныңды Кел,қосылып күлейік

Сабақтың тақырыбы: «Бауырмалдылық және кеңпейілділік»

Құндылық : сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық,бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік

Сабақтың мақсаты: оқушылардың жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері:

• Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;

• Жомарттық және кішіпейілділік, кеңпейілділік сапаларын дамыту;

• Ізгілікке, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

• Топқа бөлу:

• Суретшілер

• Ақындар

• Жазушылар

• Әртістер

• 5 «Т» ережесін еске түсіру:

 Тәртіп

 Талап

 Тазалық

 Татулық

 Тыныш


2. Тыныштық сәті

Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

Балалар осы табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілік сезімдеріңізді, қуаныштарыңызды күні бойы сақтауға тырысыңыздар. Ресурстар: слайд, үн таспа,стикерлер, ақ парақшалар, түрлі түсті қарындаштар,

1. Үй тапсырмасын тексеру.

43-46 беттер аралығындағы М.Мағауиндің «Бір атаның балалары» повестінен үзінді оқу.

 Әңгіменің басты мағынасы, мәні неде?

 Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар ?

 Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

 Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

Қорытынды: балалар байқағанымыздай, бұл әңгімеден қазақ халқының бар ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік таңытқанын көруге болады. Риясыз таза сүйіспеншілікке жүректері толы адамдарға ғана басқаларды жатсынбай өз бауырындай көре алады. Ал бауыр дегеніміз қазақ үшін ең жақын, ең қатты жақсы көретін адамдары, туғандары.

Сабақ барысын талқылау:

2. Жағымды ой-пікір

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп».

Абай Құнанбаев

 Жекелей

 Топқа бөліп

 Хормен оқыту.

 Дәптерге жаздырамыз.

Нақыл сөзден түйген ойларыңыз?

Қорытынды: Балалар, махаббат, достық және бауырмалдылық қасиеттері адамның бойында табылып жатса, бұл сүйіспеншіліктің көрінісі болып табылады екен.

3. Оқиға айту.

«Бейнебаян»

1) Бейнебаянда не туралы баяндалған?

2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?

3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, мысалмен айтып беріңіздерші.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Әртістер тобы:

Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс.

2. Ақындар тобы:

Бауырмалдық, кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, бір шумақ өлең құрастыру.

3. Жазушылар тобы:

«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына эссе жазу.

4. Суретшілер тобы:

«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына сурет салу.

Қорытынды: Ата-аналарыңызды, жақындарыңызды, достарыңызды, сыныптастарыңызды әрдайым бағалай, сыйлай, қадірлей және сүйіспеншілікке бөлей біліңіздер!

5. Топпен ән айту.

«Ағаларым»

Құшағы оттай ыстық Сахарадай,

Көңілі алып ұшқан шағаладай

Алдымнан көкем-ай деп шығатұғын,

Сендерді сағындым ғой

Сендерді сағындым ғой, ағаларым!

Қайырмасы:

Қажымас қара нарым,

Кең байтақ даналарым

Күнім деп еркелетер

Аман бол Ағаларым

Аңқылдақ айналайын ағаларым

Сағынсам іздеп барар паналарым

Ініңе ізіңдегі қарап жүр деп,

Қалдырған өздеріңді

Қалдырған өздеріңді Бабаларым

Қайырмасы:

6. Үй тапсырмасы.

Жұмыс дәптері 28 бет, 3-тапсырма «Бауырмалдық» сөзжұмбағын шешу.

7. Сабақтың қорытынды сәті

Балалар бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді, тілектерімізді стикерге жазып, тілек ағашына ілейік (баяу әуен қойылады).

Қорыта келе, адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы бауырмалдылықты білдіреді. Ол тек қана адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту, оларды жақын санап қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді. Ал кеңпейілділік адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Кеңпейілділік пен бауырмалдылық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді.

Сабағымыздан үйренген сыйластық, бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік сияқты жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, барша адамзатқа деген бауырмалдылық, кеңпейілілік, сүйіспеншілік құндылығын жүрегімізде сақтайық!



Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес.

Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.

Халық даналығы

Мақсаты:

«Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

• Ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;

• Ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

• Ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге тұрады, сәлемдеседі. Үнтаспадан естілген әнге қосылып айтады.

Келші, келші, балашым

Сөзі: Қ.Ыдырысов

Әні: Е.Хасанғалиев

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің,

Ақ болар деп ойладым.

Әңгімелесу

• Өз аталарың туралы не білесіңдер?

• Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?

• Жеті атаңды айта аласың ба?

Мәтінмен жұмыс

Ж.Дәуренбековтің «Арұлан» атты әңгімесін оқып беру.

Сұрақ-жауап әдісі:

• Арұлан қандай бала? Аружан ше?

• Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?

Тапсырма

• «Өз отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айтып беру. Тапсырма бойынша балалар ата әжелері, нағашылары, жиендері, ағайын туысқандары, туғандарымен қуанышты кездесулерін естеріне түсіріп, айтып береді.

Шығармашылық жұмыс

«Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып, сыныпта көрсетіп, ол туралы әңгімелейді.

Жаңа ақпарат

«Адамның жақсы қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін бірі сыйлап, қамқорлық жасайды». Балалар сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, өзара сыйластық, өзара ой пікірлерін қосымша айтып береді.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма: «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.

1. Әкеңнің шешесі ....

2. Атаңа сен кім боласың?

3. Әкеңнің әкесі ....

4. Сенен кейінгі туысың ....

5. Сенен үлкен туысың .....

6. Алтыншы ата ....

7. Сені дүниеге әкелген жан ....

Шешуі: әже, немере, ата, іні, аға, шөпшек, ана.

Жүректен жүрекке

Оқушыларға ата бабасына деген құрметтерін өлең арқылы білдіреуге мүмкіндік береді.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Оқушылар өлең жолдарын қайталайды.

Ата, бізге келіңіз!

Е. Өтетілеуов

Ата, бізге келіңіз!

Дайын Сізге төріміз!

Өстіп бізге күлімдеп:

«Өс, жарығым - күнім», -деп

Күнде бата беріңіз!

Жүзіңізден әр таймай,

Жүз жасаңыз қартаймай



Сабақтың тақырыбы: Адам және отбасы.

Жалпы мақсаттар: - «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

- Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

- Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Оқудың нәтижесі: - «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

- Бақытты отбасының моделін құрастырып, отбасыға деген оң көзқарасын қалыптастыру;

- Оқушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасады.

Негізгі дерек көздері: АКТ, постер, маркер мен стикерлер, оқулық

Кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті Оқытуды бағалау Уақыт

Кіріспе

Шаттық шеңбері Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындық жүргізеді, зейіндерін аударып ден қояды 1 минут

Топқа бөлу Бұл кезеңде балалар топқа бөлінеді.

«Әке» тобы

«Ана» тобы

«Аға» тобы

«Әпке» тобы

Әр топ өз тобының атауымен ән шырқайды Балалар топқа бөліну әрекеттерін жасайды. Өз тобымен хормен ән айтады 3 минут

Жаңа сабаққа дайындық. Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін, интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып, «Ата-анаға қамқорлық» туралы бейнежазба көрсету.

- Бір күні олар қартайғанда... сіз ата-анаңызға қандай қамқорлық көрсетесіз?

- Видеожазбаның жалғасын көрсету Оқушылар өз ата-анасына қамқорлық қалай жасайтыны, ата-ананың өмірдегі рөлі туралы өз ойлары мен бөліседі. Өз ойларын видеожазбадағы жауаппен салыстыру Өзін-өзі бағалау 7 минут

Мәтінмен жұмыс «Төрт сөйлем» әдісі арқылы «Туған күн» әңгімесін талдау.

1- Топ: Кіріспе. Мәтін туралы кіріспе сөз айтады.

2- Топ: Негізгі ой. Мәтіннің негізгі ойын табады

3- Топ: Қорытынды. Мәтін бойынша қорытынды шығарады

4- Топ: Толықтыру. Мәтінді өз ойларымен толықтырады. Оқушылар мәтінді жан-жақты талдайды. Топпен ақылдаса отырып түйінді ой айтады Топтардың бірін-бірі бағалауы 10 минут

Өзіммен-өзім. Классикалық баяу ән қоя отырып, көз алдарына бақытты отбасыны елестеткізу. Оқушылар терең-терең тыныс ала отырып, көздерін жұмады. Баяу әннің ырғағымен бақытты отбасыны көз алдарына елестеткізеді 3 минут

Постер қорғау Өзіммен-өзім жаттығуы кезінде көз алдарына елестеткен бақытты отбасының моделін құрастырады. Оқушылар берілген тапсырма бойынша модель құрастырады және қорғайды. 10 минут

Жинақтау.

Күннің бетіндегі бұлттарды ала отырып, «Мен үшін отбасы...» деген сөйлемді аяқтау

Оқушылар стикерді ала отырып ой-қорытынды жасау 4 минут

Рефлекция. Стикерлерге өздерінің ойларын жазады, «Тілек» ағашына іледі. Оқушылар стикерге сабақ туралы пікірлері мен ұсыныстарын жазады. 3 минут.



Сабақтың тақырыбы: «Жүріс - тұрыс әдебі»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту.

3. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, пікір алмасу, тренингтер.

Көрнекілігі: слайд, жүрекшелер, үнтаспа.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру: -Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Ой толғау : Оқушылардан «Әдептілік» деген сөздің мағынасын сұрау.

Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын.

1.Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз?

2.Қазақ халқының және туысқан басқа халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз?

3.Әдеп нормаларының жас ерекшелігіне байланысты айырмашылықтары бар ма?

Кіріспе сөз. Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігі танытады. Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлесуіне байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы , жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады.

Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға оқулықтағы берілген «Студент қыздың әңгімесі.» атты үзіндіні оқып талдау .Мәтінге байланысты сұрақтар: -Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырады? -Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?

Жағдаяттарды шешу: Оқулықта берілген жағдаяты оқушылар оқып талдау ды ұсынамын. -Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады? -Назымға қандай кеңес берер едіңіз ?

Сахналау: Оқулықта телефонмен сөйлесу және автобус ішіндегі әбепке байланысты берілген көріністі оқушылар сахналап,талдайды.Өмірден мысалдар келтіреді. Мақал – мәтелдің мағынасын түсіндір

.Сынып үш топқа бөлінеді.Слайдта көрсетілген үш мақалды үш топ талдап , өз ойларымен толықтырып ой бөліседі. »Ұлық болсаң, кішік бол!» деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады» деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудыңадамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің «тілін таба білу» іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.

Мен бүгін айдарында:оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты аффирмацияны таңдайды. -Айналамдағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста боламын. -Барлық орталық игіліктерге ұмтыламын. -Қолымнан келіп тұрған адамдарға жәрдем беру мен үшін еш қиындық тудырмайды. -Өз өмірімде әдепті, әсем, сыйлы, сүйкімді болуды қалаймын. -Кез келген адамның қайталанбас даралығын құрметтеймін.

Слайдта жазылған ережені сақтау туралы оқушыларға ұсынылады. Ережені есіңде сақтай жүр: Қоғамдық орындарда, көшеде: • Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра. • Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе. • Тесіле қарама,адамдарға бұрылып немесе артынан қарама. • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды. • Есікті қағып кір.Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады. Іс сапарда: • Жолға шыққанда соған лайық киін. • Саяхаттану барысында жалпыға ортақ киім киген дұрыс • Шет елге саяхатқа шыкканда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа. Театрда: Театрға 10-15 минут бұрын келіп, спектакл басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып, отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық турады. Әдеп әлеміне барар жол: Сана, мәдениет, ізет, парасат, тәрбие, өмір сыны, мінез, намыс,әдемі сөз, отаншылдық сезім. Оқушылардан әр сөздің мағынасына тоқталып өту. Дәйексөзбен жұмыс: Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. И.Гете -Балалар, осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы) Медитация: «Менің жақсы көретін орным» оқушылардың бойындағы қысымын шығару мақсатында қолданамын.

Сабақты қорыту :жаңа сабақты бекіту. Берілген сөздерді барлығы хормен айтады.

Үйге тапсырма: Отбасының әдептілік ережесін жазып келу.Дәптермен жұмыс 31- бет 1 -тапсырма Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылардың өз қолдарынан жасалған жүркешелерін бір-біріне сыйлайды.

Сабақтың тақырыбы: «Жалынды жастық шақ»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, сенімділік, қайсарлық, жігерлік

Сабақ мақсаты: дұрыс әрекет құндылығы арқылы оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екенін сезіндіру.

Міндеттері:

1.Қоғамға риясыз қызмет ету-дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.

2.Өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатындығын ұғындыру;

3.Оқушыларды өз өміріне, ойы мен сөзіне, ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген І. Омаровтың «Жастарға хат» әңгімесі бойынша сұрақтар:

1. Адам өміріндегі қай кез туралы мәтінде айтылған?

2. «Адам әрбір секундта бір демалады» деген сөзді қалай түсінесің?

3. Жас кезеңнің міндеттері ретінде тағы нені қосар едің?

Ресурстар. «Хрустальная композиция» әуені.



Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Оқушыларды мейірімділікке, ізгілік, құрмет көрсету, сыйлауға баулу.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері: Қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп

нормаларын түсіндіру;

– Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

– Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Үй тапсырмасын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасына «Кешірім қалай сұралуы керек?» тақырыбы берілді.

Студент қыздың әңгімесі

1-сұрақ. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?

2-сұрақ. Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?

3-сұрақ. Адами қарым-қатынастағы ең басты әдептілікке не жатады?

4-сұрақ.Адами қарым-қатынас ізгіліктеріне дәйексөз келтіріңдер?

5-сұрақ.Тіл табысудың басты кілті не болып табылады?

6-сұрақ.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

Дәйек сөз: «Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтифатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін» И.Гете

1. Дәйексөзді оқыту.

2. Мағынасын ашу

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің?

3.Дәйексөзді дәптерге жазу.

Мұғалімнің сыйы Бақша ағаштары

Ыбырай Алтынсарин

Сұрақтар:

1. Бала бақша ішінде қандай көріністі байқады?

2.Әкесі баласының сұрағына қалай жауап берді?

3. Бағу-қағудың қажеттілігін түсіндіңдерме?

4.Қисық бұтақты кіммен салыстырды?-келісесіздер ме?

1. Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс.

топқа бөлу.

1 топ «Әділет» « Әдептілік қағидалары» жолдауының мәтінін құру (кем дегенде 3 жолдау)

2 топ –«Әдептілік» «әдептілік – адамдықтың белгісі» сахналық көрініс құру

Тапсырманы орындау (7минут), қорғау.

Топтық жұмысты қорытындылау

1. Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы, ағайын!»

Сөзі: Қ.Мақан , әні:С.Қали

2. Үй тапсырмасы

• Оқушы дәптері, «Әдептілік әліппесі»-10 қағида ойлап жазу

«Ұстаздың шәкірттерін сынауы» аңыз әңгімесін оқып келу.

Соңғы тыныштық сәті:

Адамдар арасындағы қарым- қатынас өте нәзік дүние. Адами қарым - қатынас адамдарды ілтипатқа, халықтың сүйіспеншілігіне бөлейді.Бүгінгі сабақта алған әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, бойымызға сіңірейік!



Баяндама.

Ежелден дана халқымыз «Бала – бауыр етім» деп, өскелең ұрпақтың көңілі рухты, жаны пәк, таза болғанын армандайтын. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойға біткен қасиетті дарытатын орта болады. Ол ең біріншіден отбасы, екіншіден мектеп негізінде жалпы қоғам. Сондықтан осындай ортаны құру біздің парызымыз, біздің міндетіміз.

Біздер 21-ғасырда, яғни адам санасының шарықтап дамыған, ал техниканың барынша жетілген уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, мәдениетті, сонымен қатар рухани бай болуды қажет етеді. Сондықтан да, осы өзгермелі заманның түрлі өзгерістерімен тең басатын тұлғаны қалыптастыру бүгінгі таңдағы барлық саналы адамдардың өмірінің, еңбегінің басты өзекті мақсаты болуы керек.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білген жағдайда ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне еңбек ету жолына арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңызы өте зор, сырлы әлемге толы дүние. «Өзін-өзі тану » пәні балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттердің өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне білуіне және өз ұлтының рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде өзінің орнын білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп отырған тәрбие сабағы.

«Өзін-өзі тану » бағдарламасының негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетті көтеру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік-рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы Қазақстанның білім беру жүйесінде педагогтарды жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақтың өзіндік «менін» қалыптастыруды көздеуінде болып отыр.

«Өзін-өзі тану» курсы арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады.

Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының орны ерекше.Осы жобаның авторы Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз,не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады.



Әдептілік- адамгершілік бастауы.

Тәрбие сағаты.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту.

Сабақтың түрі: Топтық, ұжымдық.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.

Көрнекілігі: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер, құпия хат.

Шараның өту барысы:

І. «Әдептілік әдемілік»

Оқушы пікірлерін оқып беру.

ІІ. «Құпия хаттар»

Конверттер бойынша сұрақтар.

ІІІ. « Әдептілік әліппесі».

Тақырыптарын айту, көрініс көрсету.

ІV. Қорытынды.

«Жалғастыр» ойыны.

І. Жүргізуші:

Тәрбие сағатын әдептілік туралы өлең шумақтарымен ашайық.

- Әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде оқушы пікірін тыңдайық.

1 - оқушы:

Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2 – оқушы:

Мен бұл пікірге қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?

Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.

3 – оқушы:

Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.

4 – Оқушы:

Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасаң, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?

5 – Оқушы:

Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтың дәстүр, халықтың әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.

6 – Оқушы:

Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?

7 – оқушы:

Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.

8 – оқушы:

Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.

ІІ жүргізуші: Басқа сыныптастарымыз не айтар екен.

9 - оқушы:

Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

10 – оқушы:

Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.



Кеш жоспар бойынша жалғасады.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет