Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»



Дата28.11.2016
өлшемі44,3 Kb.
#2721
түріСабақ
«А.В.Луначарский атындағы ортамектеп-гимназиясыМДШО» мемлекеттік

коммуналдық мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Қасымханова Гүлмира Мауленбаевна

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»



Сабақтың мақсаты 1Казақ халқының ұлы каһарман тұлғасы Бауыржан Момышұлының

өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру

2.Оқушылырдың мәтінді мазмұндай,тілдік қорын дамытуға бейімдеу

3.Ертегінің мазмұны арқылы балаларды адамгершілікке,ізгілікке

тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, жазу, аудару, сөздікпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Б.Момышұлы портреті, « Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі кітапшасы, ертегі кейіпкерлері, салынған суреттер, алдын – ала дайындалған сабаққа қатысты сөздік



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

  1. Оқушыларды сабаққа дайындау

  2. Лексикалық уақыт

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Білімдерін тексеру

ІV. Сабаққа мақсат қою

V. Жаңа сабақ

  1. Өмірбаяны: Презентация

Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , бейбіт өмірде жазушы болып екінші ерлік жасаған Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.

1928 ж - мұғалім болды

1932 ж - армияға шақырылды

1936 ж –Ленинград финанс академиясын бітірді

1941 ж – 316 – атқыштар дивизиясының құрамына қабылданды

1941-1945 – Панфилов атындағы 8- гвардиялық дивизияны басқарды

1952 ж – Жоғары әскери академиясында сабақ берді

Демалысқа шыққан соң - жазушы болды.

Шығармалары: « Офицердің күнделігі» , «Бір түннің тарихы», « Біздің семья» « Москва үшін шайқас», « Жауынгердің тұлғасы», « Генерал Панфилов» , « Ұшқан ұя» «Адам қайраты» т.б

Бауыржанның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады. « Қазақфильм» киностудиясы түсірген « Ел басына күн туса» көркем фильмі – батыр рухына қойылған ескерткіш.

Балалар біз бүгін осы ағамыздың « Ұшқан ұя» кітабынан алынған « Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген ертегісімен танысамыз.


  • Кане айтыңдаршы, қарлығаш қандай құс, ол туралы не білесіңдер?

  • Біздің қаламызда қарлығаш бар ма?

  • Қарлығаш қандай жерлерде мекендейді?

  • Дұрыс айтасыңдар, қарлығаш жайлауда, сондай – ақ біздің ата- әжелеріміз тұратын ауылдарымызды мекендейді. Қарлығаш Қазақстанның оңтүстік облыстарында көп болады. Қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды, өйткені ол – қасиетті құс, адамзаттың жолдасы. Міне , бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкері де осы қасиетті құс қарлығаш.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс:

Әділ – справедливый

Құрт –құрмысқа – черви и муравьи

Бақа –шаян – лягушка и скарпион

Тілін біліпті – знал язык

Жау шабады- наступил

Жылан – змея

Тілек – желание

Менің ұрпақтарым – мое потомство

Ең тәтті қан – самая вкусная кровь

Айтқаның болсын – пусть будет по – твоему

Шағатын жәндіктер – насекомое

Жарлық береді - дает распоряжение

Алдын тосады – ждет

Қарлығаш – ласточка



  1. Мәтінмен жұмыс

Ал, оның құйрығы неге айыр екен, кім білгісі келеді?

Мұғаліммен ертегіні мәнерлеп оқып шығады



VІ. Түсінгендерін тексеру

  1. Сұрақтар бере отырып , мазмұнын балалардан сұрау

  • Сүлеймен деген кім?

  • Сүлейменнің патшалығында не болды?

  • Жаудың беті қалай қайтады?

  • Сүлеймен патша жыланға не дейді?

  • Патша қандай жарлық береді?

  • Хабаршылардың жолын не күтеді?

  • Қарлығаш қандай әрекет істейді?

  • Қарлығаш патшаға не дейді?

  • Қарлығаштың сөзі жыланға қалай әсер етеді?

  • Ашулы жылан қайтеді?

VIІ. Білімдерін бекіту

Бұдан кейін балалар дәптерлеріне төмендегідей кесте сызып, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді?



Кейіпкер

Кейіпкерлердің іс- әрекеті

Қандай кейіпкер ?

Қарлығаш

Адамға жаны ашыды, зұлымдыққа жол бермеді

Мейірімді

Жылан

Адамның қанын ішкісі келді, қарлығашты өлтірмек болды

Жауыз

Сүлеймен

Жыланның тілегін орындамақ болды

Әділ

Маса

Ең тәтті қанды іздеп тапты, жыланға айтпақшы болды

Зұлым

Балалар жазғандарын оқып, өз ойларын дәлелдейді.

Сұрақтар:



  • Қарлығаш адамға неге араша түсті деп ойлайсыңдар?

  • Ертегіні тағы қалай атауға болады?

  • Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Шығармасын ауыз әдебиетінің қай түріне жатқыуға болады?

  • Ертегі мазмұнына сүйеніп, қосымша мәліметтерді де ( хрестоматиядан және басқа да) пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыруға тырысайық:



Сүлеймен патша

Жылан

Қарлығаш














Қандай

Қандай?

Ертегіде

Қосымша мәлімет















VIIІ. Үйге тапсырма.Жауынгер-жазушының нақыл сөздерін жаттап алыңдар

ІХ. Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет