Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата28.01.2018
өлшемі42,9 Kb.
#34146
түріСабақ
ҚАЗАҚ ТІЛІ

3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: Баяндауыш және оның бастауышпен байланысын ұғындыру, сөз таптарымен байланыстыру. Баяндауыш туралы түсінік беру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.




  1. Дамытушылық: Қазақ тілінің сөз байлығы арқылы оқушылардың тілін дамыту. Сұрақтарға толық жауап бере білуге дағдыландыру. Ой шапшаңдығын дамыту. Сауатты көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.




  1. Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылығын шыңдай түсу. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұлтжандылыққа, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру. Ата дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез-келген оқушының күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру, ой-өрістерін ұштау, ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жалпылау, түсіндіру, өткенді пысықтау.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, слайдпен сызбалар жобасын көрсету.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, музыка.
Сабақтың көрнекі құралдары: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, ұлттық ойындардың суреті, мақал-мәтелдер, жазбақағаз, үнтаспа, арқан, асық, сандықшалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің». Сәлем беріп бір-бірімізге жылылық сыйлайық. Құрал-жабдықтарын алып даярланады. Түзеліп түзу отырады.

Қызығушылығын ояту: Оқушылардың өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау. Оқушыларды білімді, саналы түрде меңгеруге дайындау. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Мұғалімнің сөзі: Ана тілің – арың бұл

Ұятың болып тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – деп қазақ тілінде сауатты да, таза сөйлей білуге міндетті екенімізді сендер білесіңдер. Ендеше, бүгінгі қазақ тілі сабағында қазақ тілін қаншалықты меңгергендіктеріңді ортаға салыңдар. Бүгінгі біздің сабағымыз сайыс түрінде өтеді.

І-топ «Болашақ». Ұраны: «Болашақ бізден басталады».

ІІ-топ «Шығармашыл».Ұраны: «Ізденген жетер мұратқа».



Мұғалімнің сөзі:

  • Балалар, мынау қандай құс?

  • Қыран құс.

  • Қайда бейнеленген?

  • Біздің туымызда бейнеленген.

Дүниеде күнге тура қарай алатын бірден бір, тіршілік иесі – осы қыран. Себебі, оның көзі өте өткір. Заңғар биікте жүріп жердегі құмырсқаны да көре алады. Қыранның көргенін адам дүрбімен зорға байқайды. Тек биік шыңдарда, құзда ғана жүретін мықты құс. Ендеше, балалар, мен сендерге бүгінгі сабақта осы қыран құстың мықтылығын тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үйге берген «ерулік» тақырыбын оқып, сахыналайды.
Мұғалім: Балалар, алдымен ойымызды жинақтап алайық. Тынығу үшін жазғы гүлдердің хош иісін иіскеп отырайық! (Гүлдердің астына сұрақтар жазылған қима қағаздар таратылады).
ІІІ. Ой қозғау.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы мұғалімдер.

  • Мұғалімдер не істеді?

  • Келді, кірді, отырды, тыңдады.

  • Мен не істедім?

  • Сұрадығыз, сөйледінің, түсіндірдіңіз.

  • Ал, сендер не істедіңдер?

  • Жауап бердік, айттық, тұрдық, отырдық, сәлемдестік.

  • Не аңғардыңдар? Осы сөздердің барлығы нені білдіреді?

  • Іс-әрекетті, қимылды білдіреді.

Ендеше балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – жаңағы өздерің айтқандай іс-қимылды білдіретін сөйлем мүшесі – «баяндауыш» .(Осы кезде интерактивті тақтада баяндауыш туралы сызбалар шығады).

Балалар дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді жазады. Тақтада іс-қимылды білдіретін суретке қарап, сөйлем құрайды. Сол сөйлемдердің ішінен баяндауыштарды теріп, дәптерлеріне жазады.



  • Осы сөздердің барлығы нені білдіріп тұр?

  • Іс-қимылды.

  • Қандай сұрақтар қойдыңдар?

  • Не істеді?, не қылды?, қайтті?


ІV. Қазақтың ұлттық ойындары.
Мұғалім: Балалар, өз салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызға байланысты қандай ұлттық ойындарды білесіндер? Тақтада ұлттық ойындардың аттары, суреттері шығады. Осы ойындардың ішінен екі топтан екі оқушы шығып, «асық ойынын ойнайды» (Осы кезде «балалық шақ» күйі ойнап тұрады). Көрген ойындарынан сөйлем құрайды. Жазған сөйлемдерінен І-топ бастауышты, ал ІІ-топ баяндауышты тауып, астын сызады.

V. «Арқан тартыс». Ортаға екі топтық оқушылары шығып, арқан тартысады (Музыка ойнап тұрады).
VІ. «Ақсүйек» ойыны. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 161-жаттығуды орындайды.
VІІ. Сергіту сәті: Буын биі – «Қара жорға».

VІІІ. Қазақша күрес. Санды мақалдарды табу.
ІХ. Теңге алу. Бұл ойында мүғалім сөз айтады, оқушылар сол сөзге сөз қосып, сөйлемді аяқтайды. Ол сөз бүгінгі жаңа сабаққа байланысты болуы керек.
Х. «Аударыспақ» ойыны. Сөз туым қайта құрастыру. Яғни бір сөздің әріптерінен орындарын ауыстыру арқыры жаңа сөз жасайды.

ХІ. Сабақты қорытындылау.



ХІІ. Оқушыларды бағалау.
ХІІІ. Үй тапсырмасын беру: 163-жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет