Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Бб дыбысы мен әрпін таныту



Дата23.08.2017
өлшемі68,19 Kb.
#25557
түріСабақ
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені.

«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

ІІ санатты, ІІІ (базалық) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Жанабекова Г.А.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Бб дыбысы мен әрпін таныту



Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: СТО –ассоциация, «Топтастыру», «Ыстық орындық» әдістері.

Сабақтың нәтижесі: Оқушылар Бб дыбысы және әріп таңбасымен толық танысады. Б дыбысы бар сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасауды, сурет бойынша әңгіме құрауды игереді. Б дыбысынан басталатын заттарды тауып, атын атап, ажыратып топтастырады. Кеспе әріптерден сөз құрауды меңгереді, өз пікірлерін дәлелдей алады.

Тапсырмалар: топқа бөлу, сұрақ – жауап, шығармашылық тапсырма, топтастыру, ой қозғау.

Дерек көздер: Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, «Әліппе» оқулығы.

Түйінді идеялар: Сабақ барысында оқушылар жұптасып, топтасып жүмыс жасауға, пікірлерін айтып дәлелдей алуға үйренеді, өзгенің пікірін сыйлап, құрметтеуге дағдыланып, ортақ шешім қабылдауға қалыптасады.


кезеңдер



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Дереккөздер мен қолданы-латын ресурс-тар

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жақсы тілектер айту. Оқушыларды геометриялық пішіндердің көмегімен топтарға бөлу.



Оқушылар сәлемдеседі, оң қолын сермейді, сол қолын сермейді. Кеудесіне қолын қойып, басын изейді. Жақсы тілектер тілейді, топқа бөлінеді




Геометриялық пішіндер




Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық» тәсілі бойынша

сұрақтарға жауап алу.

- Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

- Неше әріп бар?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қандай дауысты дыбыстармен таныспыз?

- Қандай дауыссыз дыбыстарды білеміз?

Тапсырмалар:

1 – топ «М» дыбысы бар сөздерді атайды.

2- топ «Тамақ» мәтінінің мазмұнын айтады.

3- топ Бағандағы сөздерді оқиды.


Әр топтан бір оқушыдан шығып, ортада тұрған орындыққа отырады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.



Әр топ «Бағдаршам» әдісімен бірін-бірі бағалайды.



Интербелсенді тақта, оқулық.

Іізденушілік - ұйымдастырушы

Тұсаукесер

Жұмбақ жасырылады.

- Бұл сөзде бізге таныс емес дыбыс бар ма?

- Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай дыбыспен танысамыз?



Негізгі бөлім

Б әрпінің баспа, жазба түрін көрсету. Б дыбысы айтылған кезде үстінгі ерін мен астыңғы ерін түйісіп, кедергіге ұшырап шығатының айтып түсіндіремін.

Хормен Б дыбысын айтқызамын.

Б әрпін қандай текшемен белгілейміз?

1-топ. Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

2-топ Бақа сөзіне сөйлем құрайды.

3-топ Б дыбысы бар сөздер ойластырып айтады.

Сергіту сәті.

Мен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер Б дыбысын естіген кезде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. А-А-А-АУ-У-У-УО-О-О-О-ОА-А-А-АБ-Б-Б.....



Оқулықпен жұмыс.

1-топ бағандарды сөздерді оқиды.

2-топ «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Б дыбысы бар суреттерді тауып топтастыру.

3-топ «Адасқан әріптер» ойыны. Кеспе әріптерден сөз құрау.



Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемілеп жазайық.

Дәптерге Б әрпін жазу.



Жұмбақты шеше отырып, бүгінгі сабақта танысатын дыбысты анықтайды. Балалар жұмбақтың шешуі бақа екенін айтады,
Бб дыбысы мен әрпі

Б дыбысының баспа, жазба түрін көреді.


Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсінеді.

Балалар хормен айтады

Қолдарындағы көк текшелерін көтеріп көрсетеді

Оқушылар тапсырманы топта талқылап, әр топтан бір оқушыдан шығып берілген тапсырманы қорғайды

Балалар Б дыбысын естігенде қолдарын шапалақтайды.

Сөздерді оқиды, мағынасын түсіндіреді.

Суреттерді топтастырады.

Кеспе әріптерден сөздер құрайды.

Балалар үлгі дәптердегі Б әрпін жазады.

Топтар«Бас бармақ» тәсілімен бірін-бірі бағалайды


Тапсырманы орындаған балаларға фишкалар беріп отырамын.



Интербелсенді тақта

Б әрпінің таңбасы


Текшелер


Плакат, маркер

Оқулық
Суреттер


Әріптер кассасы


Жұмыс дәптері



Рефлексивті-түзетуші

Қорытынды

«Топтастыру» әдісі сабақты қорытындылау.

Рефлексия: смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.

Үйге тапсырма:

Мадақтау. Топтағы фишкаларды санап, жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз атанған топты мақтау, мадақтау.


Оқушылар тапсырманы топта орындайды.
Сабақтан алған әсерлерін айтып, тиісті смайликтерді көтереді.

Балалар фишкаларды санап шығады.




Плакат, маркер

Смайликтер



Фишкалар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет