Дүйсебекова Сандуғаш Құралбайқызы
ОҚО, Қазығұрт ауданы
«Болашақ» мектеп – гимназиясының
химия пәнінің мұғалімі
ҮЗДІК ХИМИКТЕР САЙЫСЫ
Сабақтың тақырыбы: Бейметалдар тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бейметалдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы түсінік беру.
Дамытушылық : Оқушылардың танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру,
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Зерттеу әдісі, проблемалық сұрақтар.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, топтамалар, интерактивті тақта, бүктемелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ә) сабаққа психологиялық дайындық
б) сабақтың тақырыбын және мақсатын баяндау
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.
І. Электрон тобы ІІ.Протон тобы ІІІ. Нейтрон тобы
Адамнан ғылым айла асырмаған,
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп,
Бір жұмбағын ашайық, ашылмаған!
деп сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
І «Ойлы болсаң озып көр». «Ой қозғау» стратегиясы.
І- топ
Жер қыртысының негізгі ( кремний )
Инертті газдарды қоса алғанда қанша бейметалл бар (22)
Фосфор сөзінің қазақша баламасы ? ( жарық тасушы)
Теріс электірлігі үлкен элемент ? (Ғ)
ІІ-топ
Периодтық заңды кім, қашан ашты? (Д.И.Менделеев 1869)
Тіршілік тірегі (азот)
Химия өнеркәсібінің «наны» аталған қышқыл (H2SO4)
Адам ағзасында қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады? (фтор)
ІІІ-топ
Фотосинтез процесінде өсімдіктер бөлетін газ ? (О2)
«Миллионер» атанған элемент ? ( С )
Азоттың ауадағы көлемдік үлесі қанша пайыз ? ( 78, 09 0/0 )
Грекше «өмірді қуаттамайды» деген мағына беретін элемент ( N)
ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
30 30 30
20 20 20
10 10 10
30(сол ) Патша сұйықтылығына қандай қышқылдар жатады, неге олай аталады (HNO3;
HCl=1:3 патша сұйықтығы деп аталады, себебі онда металдардың патшасы алтын ериді).
30(орта) Күкіртсутектің қандай емдік қасиеті бар (буын ауруларын емдеуде күкіртсутек
ванналарында пайдаланылады)
30(оң) Аммиактың 40 %-дық ерітіндісін қалай аталады, ол қай жерде пайдаланылады. (мүсәтір
спирті, медицинада, тұрмыста)
20(сол) Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерін ата (алмаз, графит, карбин, фуллерен)
20(орта) Фосфор қанша түрлі аллотропиялық түрде болады (ақ, қызыл және қара (графит тәрізді қабатты құрылым))
20(оң) Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерін ата, қайсысы ең тұрақты түрі (ромбалық,
пластикалық, моноклинді) (ромбалық)
10(сол) SO3 молекулалық массасына қайсы галогеннің атомдық массасына тең (Вr)
10(орта) Азоттың тотығу дәрежесі қандай (+1, +2, +3, +4, +5) Азотты алғаш рет кім ашты. 1772ж
ағылшын ғалымы Д.Резерфору ашты.
10 (оң) Фосфорды кім ашты, оның тотығу дәрежелері қандай (1669 ж алхимик Х.Бранд ашты,
-3,0, +3, +5)
ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Электрон тобы
Реакцияға 1,7г аммиак қатысып, 5 г тұз алынса, аммоний хлоридінің шығымының массалық үлесі қандай?
1,7
NH3+ HCl= NH4Ci X = 5,35г
17г 53,5 г W = · 100% = 93,5%
Пратон тобы
1,5 моль күкіртсутек толық жанғанда түзілетін күкірт (IV) оксидінің массасын тап ?
1,5 моль x
2H2S + 3O2 = 2H2O + 2SO2 x = 96 г
2 моль 128
Нейтрон тобы
22,4 л аммиак H2SO4 пен әрекеттескенде түзілетін аммоний сульфатының массасын тап?
22,4л x
2NH3 + H2SO4 = (NH4)2 SO4 x = 66 г
44,8 132
IV кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»
Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға ол ұқсайды. (S)
Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (H2O)
Бар жоғын оны білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің. (ауа)
Бағалау
Үй тапсырмасы 1. Бейметалдар тарауын қайталау
2. Бейметалдардың биохимиялық рөлі туралы тауып, оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |