Бейнемонтажды бағдарламалар туралы жинақталған мәліметтерді жүйелеу, толықтыру, пысықтау, бағалау; бейнемонтажды бағдарламалардың ұғымына, қызметіне, версияларына, жұмыс атқару принциптеріне шолу, жаңа терминдерді талдау.
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Жұмысты қорғау барысында ұжыммен жұмыс атқару нәтижесін ауызша, жазбаша іс-әрекетін жүйелеуге, топ алдында өз ойын жеткізуге және өз пікірін дәйектермен дәлелдеуге, қорғауға үйрету, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
Мәселені әр қырынан талқылау, бейнемонтажды бағдарламалары туралы білімдерін пайдалануға дағдыландыру, оқу-танымдық және өмірлік жағдайларда тиімді пайдалану бойынша проблеманы шешу жолдарын меңгерту, мәселені әр қырынан талқылауға үйрету.
Сабақтың түрі:
Білімді жинақтау сабағы
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
АКТ, сыни тұрғысынан оқыту технологиясының элементтері
«Өрмекші» әдісі бойынша өткен тақырыпты қайталауға нұсқау береді. (бір оқушы тоқыма жіптің шетін ұстап, келесі оқушыға сұрағын қоя лақтырады, жіпті ұстаған жауап беріп, келесіге үлгі бойынша лақтырады)
Оқушының үлгі сұрақтары мен жауаптары:
1 оқушы: Бейнемонтаж не үшін қажет?
2 оқушы: бейнемонтаж дегеніміз бастапқы бейне материал жиынтығынан нақты нәтижеге әкелетін процес
-Бейнемонтажды бағдарламаладың түрлерін ата
3 оқушы:Windows Movie Maker, Adobe Premire Pro, Pinnacle studio, InterVideo WinDVD Creator, MAGIX Movies
-Бейнемонтажды бағдарламаларының өнімдері қалай аталады?
Бейнемонтаж ұғымы, бейнемонтажды бағдарламаларының қызметі бойынша білімдерін тексеру, жетілдіру
ІІІ. Практикалық
жұмыс
Топтық жұмыстың нәтижелік кезеңі
Алдыңғы сабақта оқушылар топқа бөлініп, қалыптасқан 3 топ бойынша тақырып таңдалды. Тақырып бойынша жоспар құру, ресурстар жинақтау, моделдеу келесі кестедегідей, практикалық жұмыс жоспары бойынша өзара келісіліп, бөлінді:
1-ші топтың тақырыбы –Pinnacle Studio
2-ші топтың тақырыбы – Windows Movie Maker
3-ші топтың тақырыбы – Sony Vegas
Енді, бүгінгі сабақта жасақталған жұмыстары қорғалады.