Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу
Программалау тілінде де математикадағыдай өрнектерді орындаудың өз ережесі бар.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелері:
Өрнекте жақша болған жағдайда жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.
Егер өрнекте бірнеше жақша болса, онда амалдарды орындау ішкі жақшадан басталады
Компьютермен жұмыс.
Python программалау тілінде массив элементтерін
іздеу жобасын дайындау
Python программалау тілінде бірөлшемді массивтен
белгілі бір қасиеттер бойынша деректерді іздеуге
арналған көптеген қызықты және пайдалы жобаларды
жасауға мүмкіндік бар. Python программалау тілінде
мұндай жобаларды қалай орындайтынымен
танысайық.
Топтық жұмыс
Берілген қасиеттері бойынша массив элементтеріне
іздеу қызметіне ұсынылған жоба кодтарына талдау
жасаңдар.
Дескриптор
Массив элементтерін анықтайды, талдайды.
Жұптық жұмыс
Тапсырма:
Мал базарында сатылымда 10 ат тұр. Аттардың
сатылу бағасын өздерің белгілеңдер. Аттардың
бағасы бойынша бірөлшемді бүтін сандар массивін
құрыңдар. Осы массив бойынша қандай
тапсырмаларды құрастырған болар едіңдер?
Бірөлшемдік массив бойынша іздеуге арналған
бірнеше тапсырманы құрастырып, ұсыныңдар.
Дескриптор
Бірөлшемді массивтерді құрып, ұсынады.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл
қою арқылы бағалау.
|
Мұғалімді тыңдайды
|
|
|
Сабақтың соңы
|
1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
2. Бірөлшемді кестеде ең жиі орындалатын іс -
әрекет түрі қандай?
3. Бірөлшемдік массивтерде іздеуде жиі
қолданылатын қандай шарттар бар?
4. Модульдік ортамен визуалды орта деректерді
іздеуге арналған жобаларды салыстырып,
қандай айырмашылықтар байқадыңдар?
Қайсысы қолайлы? Себебін түсіндіріңдер.
«БББ кестесі» әдісі.
Оқушылар сабақ туралы не білетінін, сабақта не
білгенін, не білгісі келетінін кестеге жазады.:
|
Өзін-өзі бағалау.
|
|
|
Үй тапсырмасы
|
Өзіңе таныс күнделікті қолданыста кездесетін
мысалдардың арасынан массив элементтерін
іздеу қызметіне 1 қарапайым және 1 визуалды
жобаға тапсырма құрастыр. Құрастырған
тапсырмаларыңның шешу жолын жаз.
|
|
|
|