Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу Мектеп: Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп



бет4/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,86 Mb.
#28000
түріСабақ
1   2   3   4

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді деп ойлаймын.

Теңдеуді шешуді үйренді,

Алдыңғы білім «Бүтін», «бөлік» сияқты математикалық тілге «Белгісіз азайтқышты табу» сөзі енгізілді.



Микрафон

Дифференциялау

жоспарым жүзеге

асты ма?

Тапсырмалары

сәйкес болды ма?

Уақыт дәлдігі қалай

болды? Жоспарыма

қандай өзгерістер

енгіздім?

Сабақ мақсаты мен оқу міндеті толық орындалды.



Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынды. Уақыт өте тиімді пайдаланылды. Әр тапсырма өзінің қажетті уақыттында орындалып отырды.

Қорытынды баға

  • Оқыту мен үйренудің қайсысы сәтті болды?

Оқулықпен жұмыс теңдеу құру және шешуде балалар өте белсенділік танытты.

  • Оқыту мен үйренудің қайсысы толықтырылуы керек?

Үйренуге арналған тапсырмалар әлі де түрлендіре түссем , деген ой туындады

  • Келесі сабағымда ескеретіндей сынып пен жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым? Жеке жұмыстар ұйымдастыру.





Қосымша-1







Рефлексивті есеп

«Жас келсе - іске» деген жақсы сөз бар. Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында атап көрсеткендей, ұстаз заман ағымына қарай жаңашыл, ізденгіш, дара тұлға болуы шарт. Өзінің кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отырған ұстаздың болашақта шәкірттерінің бойынан берген білімінің сапалы нәтижесін көруді армандауы да заңды құбылыс. Ондай жетістіктерге шәкірттерінің қол жеткізгенін көрсе, ұстаз еңбегінің жанғаны деп айтуы да бекер емес.



Бір сабаққа рефлексивтік есеп

Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын өзіме үлкен мақсат қойдым: осы Бағдарламадан алған білімімді,үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып,ізденушілік қабілеттерін дамытып, қызығушылықты арттыруға атсалысу және үлгерімі төмен оқушыларды үлгерімі жақсы оқушылардың санатына қосу, Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын”көпірді салуға” негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.Бағдарламаның негізге алып математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар құрдым.Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын,сондай ақ олардың қызығушылықтарын,әр оқушының нені жасқсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Бүгінгі күнмен амандасып алғаннан кейін, сабағымды әдеттегідей психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Салт-дәстүр ауыз әдебиеті бөлімі болғандықтан, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін оқушыларға тыңдаттым. Күй тыңдалып болғаннан кейін,

жетелеуші сұрақтар қойдым.

- Қандай музыка тыңдадық?

- Күй.

- Күй қандай аспапты орындалды?

- Домбырада.

- Домбыра қандай аспап?

- Домбыра ұлттық аспап.

- Домбырадан басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Жетіген, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, дауылпаз т.б.

Содан кейін «Домбыра», «Жетіген», «Сазсырнай», «Қобыз» деп жазылған кеспелерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінді.

Топқа бөлініп болғаннан кейін:

Білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. Сабақтың басында оқушылардан өткен сабақтарға қайталау ретінде әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беріп, білімдерін тексеріп шықтым.

Ол тапсырмалар:



1. Апта күндерін ретімен қою және үш тілде атап шығу тапсырмасы топтық жұмыста орындалы,.

2. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды қамтитын, Өткен тақырыптар бойынша сәйкестендіру тестін жұптық жұмысқа бердім.

3. Қос амалы мен азайту амалына ауызша мысалдар карточкада көрсетіліп, әр оқушының жеке білім деңгейі тексерілді. Қос мен азайту амалының компоненттерін қайталап хормен атап шықты.
Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,сондықтан бағалау ізгі болуы керек . Сабақта қалыптастырушы бағалау арқылы өзін-өзі және өзара бағалады. Бағалау оқушыларға өте қызық болды.Олар топтағыларды бақылай отырып,өзін өзі реттеуге де біршама төселіп қалды. Осы бағалаулар арқылы өзінің білім деңгейі қаншалықты екендігін білді.Білім алуға түбегейлі ықпал етіп,оқуын ары қарай жақсарта түсуге ұмтылып,түсіне білді.Сабақ соңында кері байланыс жасалып,оқушылар смайликтер арқылы көңіл күйлерін үш түсті «Білім қоржынына» ілді. Сабағымызды аяқтадық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет