Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты бекіту сабағЫ: «Қожа бейнесі»



Дата18.03.2017
өлшемі82,64 Kb.
#11903
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты

БЕКІТУ САБАҒЫ: «Қожа бейнесі»

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Хикаят бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылап бекіту, кейіпкерлер бейнесін жан- жақты аша түсу.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Қожаның іс-әрекетіне, мінез-құлқына екі түрлі көзқараста баға бере отырып өз пікірлерін, көзқарастарын дәлелдеу;

2. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білетін азамат пен азаматша тәрбиелеу; 3. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: дебат (ойбөліс элементтері), сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, тест, сахналық көрініс т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ФОРМАСЫ: топпен, жеке оқушымен.

VІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: АКТ, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

VІІІ. ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: әдебиеттарих

кино: Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым- Қожа» фильмі және Еркін Рахышевтің «Менің де атым Қожа» фильмі».



ІХ. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Бердібек Соқпақбаевтың өмірінен үлгі алады.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу (шаттық шеңбері);

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.

«Бетпе-бет студиясы» әдісі

Б. Соқпоқбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау.



III. Топпен жұмыс. «Ішкі ой» әдісі

(«Менің атым...» тақырыбында әр оқушы өз ойын жеткізеді)

- Сендерге қандай есімдер ұнайды?

- Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

- Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?

- «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген). «Шілдехана». Бұл қандай дәстүр?



ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.

Ү. «Оған лайық па?» әдісі

Бұл әдісте, оқушылардың қолына берілген алғыр, пысық, ақылды, ақкөңіл, тиянақсыз, жағымпаз, өтірікші, шыдамсыз, есті, әділетті, тентек деген сөздерді тақтада ілулі тұрған плакатқа іледі. Әр оқушы өзінің ілген сөзін міндетті түрде қорғайды. Сөйтіп, әр оқушы Қожа бейнесін өздері ашады.



ҮІ.«Мінездеме тақтасы»



Қожа- тентек бала

Қожа -жақсы бала


ҮІІ. Сергіту сәті. Ойын.(Әр топтан шыққан оқушы жасырынған суретті көріп, рольді сомдаған кейіпкерлерді табуы қажет)

VIІІ. «Қожаның сұрақтары» әдісі Топпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.

Әр топтан шыққан оқушы жауап беруі тиіс.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
- Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
- Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте.
- Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді?
- Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
- «Түбінде адам болатын бала»
- Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық.
- Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
- Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.


ІХ.«Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.

Х.Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

ХІ.Оқиғалар тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын
2. Бақаның әлегі
3. Педсовет
4. Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын

ХІІ. Сахналық көрініс (Лагерге жолдама сұрау сәті)


ХІІІ.“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)

алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

ХІҮ. Сөздікпен жұмыс

ХҮ.Дебат
Ал осы хикаяттың оқулықта берілген соңғы тарауы Сәбира Майқанованың «Қожа- түбі адам болатын бала» деген пікірімен аталған. Ал, сіздер осы пікірмен толық келісесіздер ме? (Екі жақты көзқарас қалыптасты).

Ендеше, сіздерді екі топқа бөлемін: жақтаушы топ және даттаушы топ.

Біздің бүгінгі бекіту сабағымыздың тақырыбы- Қожа бейнесі.

-Қожа бейнесін жан- жақты аша түсу үшін ең алдымен Қожа қандай бала? деген сауалға жауап іздейміз.

І топ- жақтаушы топ: спикерлері Қожаның іс- әрекетін дұрыс деп танып, оның жағымды мінез- құлқын санамалап, дәлелдейді.

ІІ топ- даттаушы топ: спикерлері Қожаның ісін теріске шығарып, оның жағымсыз мінез- құлқын санамалап, дәлелдейді.

1 оқушы- сарапшы: екі топтың пікірін саралап, қорытынды шығарады.

Резолюция:

І топтың қарары- «Қожа- жақсы бала»;

ІІ топтың қарары- «Қожа- тентек бала».

Дефиниция:

І топ: Қожа- хикаяттың басты кейіпкері.

Жақсы- ақылды, сезімтал, патриот, алғыр, т.б.

Бала- оқушы, ұл бала.

ІІ топ: Қожа- хикаяттың басты кейіпкері.

Тентек- бұзық, сотқар, қызғаншақ, шыдамсыз, т.б.

Бала- оқушы, ұл бала.

Заманның ағымына қарай ой-пікірді ашық, дәлел мен дәйекті келтіре отырып нақты сөйлеу XXI ғасырдың жастарының міндеті.



«Алтын ереже» қабылдау.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»,- дейді халық мақалы. Қожа туралы көзқарасымызды ортаға салу үшін ең әуелі Венн диаграммасын толтыруға беремін.

-Ал, енді екі жақты пікірді сарапқа салып, қорытынды шығару үшін сөз сарапшыға беріледі.

Сарапшы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Шылымның зиянын түсінеді:   

Сұлтан берген темекіні тартып көреді, бірақ содан кейін темекіге жоламайтын болады.

- Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгілі иісі мұрныма келсе, зытып жөнелемін,- дейді.

Қожа өз ісіне өзі есеп бере алады.


- Иә, оның қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өзі жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.

Хикаяттың әр тарауында Қожа әр қырынан суреттеледі.

Десек те, Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды.

Сонымен, бүгінгі екі топтың пікірлерін саралай келіп, “Қожа – түбі адам болатын бала” деген тұжырым жасаймын.



ХҮІ.Тест тапсырмасы

1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» В) «Өзім туралы повесть»

С) «Менің де атым Қожа» Д) «Балалық шаққа саяхат»

2. «Қысқы кешті» айтып 2-лік алған кім?

А) Балабекова В) Тұрсынбаев С) Қара Көже Д) Сары Көже

3. Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Тұрсынбаева

4. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

5. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д)Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі.

6. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В)Қожаберген С)Қожатай Д) Қожаберді

7. «Қожаны болашақ С. Мұқановымыз» деген кім?

А) Оспанов В)Майқанова С)Ахметов Д) Сәйбек қарт

ХҮІІ.Қорытындылау. Сабақты қорыту.

Повесть сендерге ұнады ма?

Қандай әсер алдыңдар?

Қожа қандай кейіпкер?



Майқанова апайы неге “Түбі адам болатын бала” деп айтты?

XҮІІІ.Үйге тапсырма. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі

«Бақытты балалық...» эссе жазу, сурет салу.

ХІХ.Бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет